ЖОО инновациялық жыл шегінде 19.02.16ж. жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 3 курсында аға оқытушы, биология магистрі Божекенова Ж.Т. «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша «Пигменттердің химиялық және оптикалық қасиеттері» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
2016 жылғы 18-19 ақпанда Діни зерттеу орталығының бастығы, ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшесі Ғ.Шаймерден Қостанай облысы Меңдіқара және Ұзынкөл аудандық дінтану оқытушылары үшін өткізілген оқыту семинарының жұмыстарына қатысты. Семинар жұмысы барысында Ғ.Шаймерден Қостанай облысы аймағында өз қызметтерін жүргізіп жатқан деструктивті діни ағымдарға арналған «Дінтану негіздері» курсын оқытудың теориялық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Ғ.Шаймерден баяндамасында Қазақстанның діни қауіпсіздігі проблемаларына арналған мәселелерді көтерді.
2016 жылдың 15, 19 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында қазақ және орыс факультеті лигалары «Жайдарман» ойынының 1/4 финалы өтті. Бағдарлама бойынша әр факультеттен қатысқан командалар сәлемдесу (5 минут) және үй тапсырмасы (3 минут) сайыстары бойынша өнер көрсетті. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Келесі жартылай финал ойындары наурыз айына белгіленді. Ойын қорытындысы бойынша командалардың қайсысының ҚМПИ ректорының кубогын алуға финалға шығатыны белгілі болады.
2015 жылы ҚМПИ он алты оқытушысы Испания, Португалия, Германия және Ұлыбританияның жетекші университеттерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курстың басты мақсаты – мемлекеттің жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары аумағында жоғары оқу орындары педагог мамандарының біліктілігін арттыру.
Ақпан айының 19 жұлдызында Қазақ және Орыс филологиясы факультеті жеңіс тұғырында тағы да жалауын желбіретті. Табиғат, Сабина, Диана және Саидалар сынды керемет төрттік тапқыр әзілдерімен көрерменді күлкіге қарық етті.
2016 жылдың 18 ақпаны күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында жалпыреспубликалық патриотық акция өткен болатын. Акцияның мақсаты – әр қатысушының өз аватарына патриоттық стилде ерекшелік қосу арқылы жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылды.
ЖОО-да инновациялық жыл болуына орай 17.02.16ж жаратылыстану ғылымдары кафедрасында оқытушы, магистр Э.М.Ергалиева химия мамандығының 3 курс студенттері үшін «Биохимия» пәнінен «Ұйытқы және витаминдер» тақырыбы бойынша ашық семинар сабағын өткізді.
Қазақ халқының тұрмысының және ескі салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың сақталуы мен қайта жаңғыруы мақсатында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты ұранымен өткізілген «Қыран жігіт-Аққу қыз» атты факультетаралық байқау жоғары дәрежеде өткізілді. Байқау 2016 жылдың 17 қаңтар айында өтті.
2016 жылдың 17 ақпан күні Дене шынықтыру спорт және туризм факультетінде «мемлекет дамуындағы Әлихан Бөкейхановтың рөлі» атты кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға «Туризм» мамандығының екінші және үшінші курс студенттері қатысты. Кураторлық сағат студенттерге Әлихан Бөкейхановтың өмір баянымен және оның саяси қызметімен танысуға мүмкіндік берді. Кураторлық сағат барысында мынадай мәселелер талқыланды: Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны мемлекетті дамытудағы жолы туралы.
Бір ай бұрынғы қызу дайындық, шаршау, жан- жаққа жүгіру жеңіске жеткен күні қиналған күндер ұмытылады емес пе? Ақпан айының 17 күні сахна төрінде филология факультетінің нағыз талант иелері, өнерпаздардың шын бейнесі Бергенова Перизат пен Таңатқанов Табиғат. Сайыстың алғашқы кезеңінен бастап олардың өнеріне қанық болған жұрт арқасы қозып айқайлап, шапалақ соғып, қолдай жөнелді.