2016 жылы 17 наурызда КМПИ студенттер жатақханасында дойбы, тоғызқұмалақ, асық атудан жарыс өткізілді. Дойбы: Жигіттер: 1 место - Қалдыбек Даулет, 2 место - Абдраш Ермек, 3 место - Танай Жанат; Қыздар: 1 место - Ермахан Назерке, 2 место - Батыр Айзада, 3 место - Беген Тұрсынай. Тогызкумалак: Жигіттер: 1 место - Абдраш Ермек, 2 место - Танай Жанат, 3 место - Болатов Аблайхан; Қыздар: 1 место - Амангелді Дамира, 2 место - Базарбаева Назерке, 3 место - Оразбекова Әсия. Асық ату: Жигіттер: 1 место - Қалдыбек Даулет, 2 место - Танай Жанат, 3 место - Абдраш Ермек; Қыздар: 1 место - Серікбай Ақниет, 2 место - Ералы Айша, 3 место - Сағидалла Мөлдір.
2016 жылғы 16 наурызда Наурыз мерекесіне орай әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма және ақпаратттық кітапхана орталығы институт студенттері арасында "Салт-дәстүр - асыл қазына" зияткерлік ойынын өткізді. Ойын тақырыбы Қазақстан тарихы, Қазақстан халқының салт-дәстүрі және заманауи Қазақстанға арналды. Ойын студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге септігін тигізді. Психология және педагогика факультетінің «Эврика» командасы өте жақсы орындап, алғыс хатымен марапатталды.
16 наурызда «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығының қызметкрелері Ғ.И.Шаймерден және Д.Е.Абенов Әуликөл ауданы әкімдігі мен АІІБ қызметкерлеріне «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына арналған дәріс оқыды. Олар баяндамаларында оқу орнында институт ректоры Қ.М.Баймырзаевтың бастамасымен студент жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығы құрылғандығы жөнінде айтып өтті.
2016 жылғы 16 наурызда А-205 аудиториясында Наурыз мейрамы қарсаңында «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушы командалар сұрақтарға ойдағыдай жауап беріп, жақсы нәтижелер көрсете алды
2016 жылдың 16 наурызы күні ҚМПИ Тарих және өнер факультетінде "Әлем тарихы және қоғамдық пәндер" кафедрасының аға оқытушысы Рағатова Мөлдір Олжабайқызының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған "Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктері: Қазақстан және басқа да түркітілдес мемлекеттер" атты тақырыпта "Құқық және экономика негіздері" мамандығының 1 курс студенттерімен ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараға факультет оқытушылары мен Құқық және экономика негіздері мамандығының 3 курс стуенттері қатынасты. Кураторлық сағатта студенттер дүние жүзінде түрлі мемлекеттердегі Наурыз мейрамының тойлану ерекшеліктеріне тоқталып кетті. Қорытынды ретінде куратор топ студенттерімен қазақтың ұлттық ойыны "Сақина салмақ" ойынын өткізді.
15 наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына Перпиньян қаласының (Франция) Via Domitia университеті тілдер орталығының директоры Вэнсан Глэз ресми іссапармен келді. Университеттің халықаралық ынтымақтастығы мен даму өкілеттігі шегінде ол ҚМПИ-мен бес жыл бойғы қолданыстағы келісімшарттың мерзімін ұзартты. Сонымен қатар екі оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту және оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастығы мәселелері де талқыланды.
2016 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында «5В010900-Математика» мамандығының 1 курс студенттерімен кураторлар Беркімбай Р.Ә. және Мнайдарова Ж.С. студенттер жатаханасында «Хош келдің әз- Наурыз» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Наурыз мейрамын студенттермен атап өту және қазақ халқынын салт-дәстүрін көрсету, халықтар достығын насихаттау.
Наурыз айының 12-жұлдызында Қазақстан Республикасының «Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам» бағдарламасын насихаттау аясында Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының ректоры кубогіне арналған ашық пікірсайыс турнирі болып өтті. Жастардың саяси білімімен қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға бағытталған бұл турнир өте жоғары дәрежеде өтіп турнирде еліміздің солтустік аймағының оқу орындарынан қазақ линасында 52 команда және орыс лигасында 14 команда қатысты. Турнир қазақ және орыс тілінде АПФ, БПФ форматтарында өтті.
2016 жылғы 11 наурызда студенттік «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай кәсіби политехникалық колледжінің білім алушыларына баяндама оқыды. Студенттеріміз баяндамаларын Мәңгілік ел тақырыбына арнап, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жалпыұлттық патриоттық идеялардың басты қырларын ашуға тырысты. Баяндаманың екінші тақырыбы діни экстремизм мен лаңкестік мәселелеріне арналды.
2016 жылғы 11 наурызда студенттік «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай кәсіби политехникалық колледжінің білім алушыларына баяндама оқыды. Студенттеріміз баяндамаларын Мәңгілік ел тақырыбына арнап, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жалпыұлттық патриоттық идеялардың басты қырларын ашуға тырысты. Баяндаманың екінші тақырыбы діни экстремизм мен лаңкестік мәселелеріне арналды.