2016 жылдың 11 наурызында ҚМПИ шетел тілдері факультетіне ресми іс-сапарыменхимия ғылымдарының докторы, профессор, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Марат Ринатович Искаков келді. Факультет студенттерінің тілдік дайындығы жоғары деңгейде болғаны жайында естіп, түлектермен оқытушылыр қызметін атқару байқауына қатысуға шақыру мақсатымен кездесуді ұйымдастарды. Ағылшын тілде оқу озаттарымен, шетелдегі академиялық мобильдік бағдарламасының қатысушыларымен сұхбаттасып, проректор олардың білімдерін жоғары бағалап, оларды өз университетінде оқытушылар қатарында көруге және байкау мен магистратураға түсуде сәттілік тіледі.
2016 жылы 10 наурызда «Серпін» Республикалық бағдарлама бойынша оқып атқан студенттер арасында «Халықтар ойындар фестивалі» өткізілді. Дойбы: Жигіттер: 1 место - Лескенов Ырысхан, 2 место - Несінбек Мадияр, 3 место - Әбдікұл Жомарт; Қыздар: 1 место - Ермахан Назерке, 2 место - Оразбекова Асия, 3 место - Сағидолла Мөлдір. Тоғызқұмалақ: Жигіттер: 1 место - Абдраш Ермек, 2 место - Әбдікұл Жомарт, 3 место - Лескенов Ырысхан; Қыздар: 1 место - Әсембек Айкуміс, 2 место - Есім Инаббат, 3 место - Жаксылыкова Томирис. Асық ату: Жигіттер: 1 место - Кузербаев Бақберген, 2 место - Хамзаев Санжар, 3 место - Тұрлыбек Нұрсултан; Қыздар: 1 место - Акимова Зұхра, 2 место - Бейбітхан Ардақ, 3 место - Базарбаева Назерке.
2016 жылдың 6.03 – күні педагогика кафедрасы апталығы бойынша «Педагогтың кәсіби дамуындағы ғылыми жолбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы бойынша: Набатникова Татьяна Ивановна - «Қостанай Дарыны» әдістемелік жұмысы бойынша РҰПО бастығы, Ильсова Гульбаршын Айпбергеновна - Қостанай қ. № 10 пилоттық мектептің директорының орынбасары қазақ тілінде оқыту, 2 деңгейлі, сертификатталған мұғалім Бекентаева Айман Кожаковна – Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімінің бастығы, Ищанова Раиса Садыкпаевна – Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімінің маманы, ҚМПИ, психология-педагогика факультетінің оқытушылары және 1 курс студенттері.
2016 жылғы 4 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Институт ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаев аруларды мерекемен құттықтап, институт оқытушылары мен қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті. Салтанатты іс-шара одан әрі институт студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
2016 жылғы наурыз айының 4 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің жігіттерімен Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау концерті ұйымдастырылды.
4 наурыз күні факультеттің жігіттері ару қыздарымыз бен оқытушыларымызға арнап мерекелік концерт ұйымдастырып өткізді. Концерт барысын студенттер өлең оқып, ән шырқап, шағын қойылымдар қойып көңілімізді бір серпілтіп тастады.
2016 жылдың 03 наурызы күні 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттерінің өндірістік практикаларының қорытынды конференциясы өткізілді. Практика «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіндеөтті. Конференцияғаосы мамандықтың 2-3 курс студенттері шақырылды. Оғанстудент - практиканттардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды: (қабырға газеті, тақырыптық стендтер, карталар, кестелер, макеттер, суреттер, видеоматериалдар).
Мектептермен және жоо әректтесу жөнінде 2016 жылы 3 нуырыз айында ҚМПИ-дың педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалғымбекова Ә:Б. және мектепке дейінгі ,бастауыш, арнайы белім беру кафедрасының доценті, п.ғ.к. Лиходедова Л.Н. Аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен «Қостанай дарыны» Қарасу ауданында оқу- әдістемелік семинар өткіді. Осы семинарда орта мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде, тәрбиеге байланысты нормативтық құжаттарымен танысу «Тәрбиенің концептуалдық негіздері», «Сынып жетекшілерге арналған инструктивтік хат», «Мемлекет басшысының «Мәнгілік ел» шығармасын зерттеу негізіңде әдістемелік хат», сондай-ақ, Қазақстан Республикасыңдағы инклюзивтік білім беру жөніндегі мәселелер қарастылырды. Семинарға қатысушылар: сынып жетекшілер, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеіметтік педагогтар, дефектологтар, логопедтер, Қостанай облысының Қарасу ауданның жалпы білім беретің мектептерінің мұғалімдері.
3 наурызда Қостанай кооперативтік колледжінде «Еркін пікір» САНТ (студенттік ақпараттық-насихаттау тобы) дебюті өтті. Топ басшылары – ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығы» мүшелері К.К.Әбілмәліков және Д.Е.Әбенов. Студенттердің баяндамалары түрлі деструктивті діни ағымдардың жастарды өз қатарларына тарту мәселелеріне арналды.
Үстіміздегі жылдың наурыз, сәуір айларында ҚМПИ-ның «Жас сахна» студенттер театры өз өнерін тағыда халыққа паш етті. Биылғы жылдың алғашқы қойылымы Жұмагүл Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса...» атты мистикалық пьесасына қойылған спектальді сахналады. Нәтижесінде құрылғанына бір жыл енді болған жас театр үздік шығармамен студенттер мен қонақтарды таң қалдырды. Бүгінгі күннің өзекті тақырыбын көтерген шығарма көрермендердің ыстық ықыласына бөленгенін атап өткен жөн.