2016 жылғы 5 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенттерінің арасында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Д.Б.Ахметжанов шақырылды. Ол тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, мемлекеттік қызмет, Қостанай облысы мен тікелей студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу жайлы әңгімеледі.
5 сәуірде 2016 жылы Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында Зияткерлік G-Global конференция түрінде дөңгелек үстел өтті, ұйымдастырған психологиялық-педагогикалық факультеті. Конференция тақырыбы халықаралық тәжірибе біріктіру мен тығыз байланысты "Қазахстан білімін біріктіру жаһандану жағдайында". Қазіргі уақытта жаһандану күннен күнге күшейіп келе жатқан білім беру саясатына ықпал етеді. Қатысушылар конференцияда жаһандану үрдістері, білім беру кеңістігінде Қазақстанның мемлекетаралық ынтымақтастық сұрақтарын талқыланды.
Педагогика кафедрасының апталығы бойынша 2016 жылдың 4 сәуірінде, сағат 13.30-да Этнопедагогика пәнінен тарих, музыкалық бөлім, биология мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы ашық сабақ өткізді
2016 жылғы 4 сәуірде №211 компьютерлік-әдістемелік кабинетте педагогика кафедрасы оқытушылары ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды. Аталған көрменің мақсаты: оқырман студенттердің педагогика ғылымын оқып-үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру, өз бетінше білім алу үдерісіне көмек көрсету. Көрмедегі экспозиция құрамына соңғы жылдары жарық көрген басылымдар кірді.
2016 жылдың 4 сәүірінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушылары Абишева С.К. мен Ловцова Д.П. ««Педагогика және психология», «Химия» мамандықтарының 3 курс студенттерімен Қазақстан халықтарының достығы» зияткерлік ойының өткізді. Зияткерлік ойының мақсаты Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімі мен Қазақстан Республикасы халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттері Қостанай облысы тарихи-өлкетану мұражайына 2016 жылдың сәуір айында барып, ондағы жәдігерлердің сырына үңілдік. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шықтық деп нақты айта аламыз. Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен.
2016 жылғы 31 наурызда «Премиум Палас» мейрамханасында әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен институт студенттеріне арналған «ҚМПИ көктем балы - 2016» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара жоо тарихында алғаш рет өткізілді. Көптеген студент қатысуға қызығушылық білдіріп, жалпы саны екі жүзден аса адам жиналды. Қойылған негізгі талап – киім үлгісінің сәйкес келуі ғана емес (қыздарға кешкі ұзын көйлек, жігіттерге қара костюм) бал биін билеу білу де керек болды. Көктем балын құттықтау сөзімен институт проректоры, профессор Е.А.Әбіл ашты. Студенттерге бал биі конкурсына қатысу ұсынылды.
Қостанайға көктем кеш келгені, қала жұртшылығына белгілі. Көктем айының шуағы мен жылулығын сағынған студенттер сарылып жүрген кез. Наурыз айының 31-нде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері көптен күткен көктем лебін сезінді.
2016 жылдың 30 науырызында «Дефектология» және «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығының 1-курс студенттері Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қонақта болды. Онда ақын, аудармашы Абдрахман Серғалиұлы Досовтың туғанына 70 жылдығына арналған «Ақындар бізді жақсылыққа асықтырады» атты шығармашылық кеші болды.
2016 жылғы 30 наурызда педагогика кафедрасының Әдістемелік апталығын өткізу аясында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тірек мектептері мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау» онлайн-конференциясы өткізіліп, оған ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылары, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, Қостанай қалысындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЧУ филиалының қызметкерлері, Қостанай облыстық тірек мектептерінің педагогтері, Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары, сонымен қатар облыстық қала мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.