25 сәуірде 2016 жылы " мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Онда 2-ші, 3-ші және 4-ші курс студенттері, "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", "Дефектология" (қазақ және орыс тілдерінің) студенттері қатысты. Бұл көрме 25-29 сәуірде 2016 жылы өтіп жатқан психология және педагогика кафедрасының аптасын ашты
2016 жылғы 22 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында факультеттер арасында Ректор кубогі үшін Жайдарман орыс лигасының финалдық ойыны өтті. Ақтық мәреге психология-педагогика факультеті, жаратылыстану-математика факультеті, шетел тілдері факультеті, қазақ және орыс филологиясы факультеті шықты. Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Визитка», «Разминка» және «Фристайл» (үй тапсырмасы). 1 кезеңде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ұпай санын көбірек жинаса, 2 кезеңде жаратылыстану-математика факультеті алға шықты. «Фристайл» кезеңінде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ерекше ойындарымен көзге түсті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінің әлем тарихы және қоғамдық пәндер апталығы аясында 22.04.2016 ж. сағат 10:30. 210-дәрісханада әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану магистрі Төлеу Паниязұлының ұйымдастыруымен өткен «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстелге «Математика-11», «Қазақ тілі және әдебиеті-12» топ студенттері қатысып ашық әңгіме өткізді. Іс-шараға арнайы шақырылған облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Тұралинова Роза ханым қатысып өз ойын ортаға салды.
2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
2016 жылы 22 сәуірде студенттердің ғылыми жобалар сайысы өткізілді, сайысқа шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к. Данилова В.В. жетекшілігімен ШТФ 4- курс студенттері Беленко Д., Муштакова Е., Утенова А., Отебай У., Қазбекова М. қатысты. Жоба тақырыбы: «7 модуль» НИШ деңгейлік бағдарлама негізінде электронды портфолия әзірлеу арқылы болашақ шетел тілдері мұғалімдерінің ИКТ-құзыреттілігін қалыптастыру».
2016 жыл 22 сәуірде - дәл осы күн факультетаралык КВН лигасында ректор кубогі үшін жарыста шешуші күн болды. Кубогті жеңіп алғысы келгендер өздерін барлық жақтарынан көрсетті – таныстырудан бастап үй тапсырмаларын орындау сайысына дейін, олардың қатарында Костанай облысына танымал сайыскерлер қатысты.
22 сәуірде Франция және Венгрия жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үшін болған сайыстың бірінші туры болды. Көптеген студенттер өздерінің бақтарын сынады, соның ішінде шетел тілдері факультетінің студенттері де бар. Бұл бағдарлама бойынша қатысуға өтініш бергендер қырқ шақты болды. Шетел тілдері кафедрасы тарапынан тестер дайындалды, осылардың нәтижесінде бағдарлама бойынша ары қарай қатысу үшін белсенділер белгілі болады. Сәттілік тілейміз.
2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Сараптама комиссиясының шешімі бойынша 6 команда үздік танылып, финалға жолдама алды. Ұсынылған жобаларды білікті қазылар алқасы бағалады. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің командасы «Succes» туристік-тілдік лагері» жобасын ұсынып, 2 орынды иеленді. Аталған жобаның мақсаты: шетел тілдерін меңгеруді арттыру, тілдік кедергіні жою және тілдік дағдыларды тұрақты қолдану арқылы тілдік қызмет процесін жандандыру, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында КТК орыс лигасының институт ректоры кубогы үшін болған соңғы ойыны болып өтті. Өзара тірескен факультеттер өздерінің шеберліктерін көрсетіп дарындылықтарын, тапқырлықтарын дәлелдеді. ҚМПИ қабырғасында небір таланттар білім, тәрбие алып жатқындығын осындай іс- шаралардан көреміз.