2016 жылғы қыркүйек айының 16 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері, оқытушылары және қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының егемендігінің 25 жылдығына орай Денсаулық күні өткізілді

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2016 жылдың қыркүйек, қазан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз.

2016 жылдың 2-сінен 7 қыркүйегі бойыншы психология-педагогикалық факультеттінің 1-курс кураторлары (Жилова Ю.П., Богданова Т.В., Шалгимбекова А.Б., Нурова А.К., Григорова Ю.Б., Султанбекова Ж.Х.) өз топтарында алғашқы кураторлық сағаттарын өткізді, ҚМПИ студенттерінің сауалнамасын толтырды, студенттің әлеуметтік картасын, студенттің ар-намыс Кодексін оқып, топтарда кураторлық сағат жоспарына, топтар топ жетекшілерін сайлады және кредиттік технология жүйесі мен институтының ішкі тәртіп ережелерін танысуға мүмкіндік алды.

2016 жылдың 7 қыркүйегінде № 3 жатақханада тарих және өнер факультеті студенттерінің факультет деканымен кездесуі өтті. Кездесуге декан орынбасары Нүрпеисова Э.Т. және топ кураторлары Антаев Ж.Т., Елкей Н.Н., Есмагамбетова Ш.К., Сапиев А.С., Жусупова Д.Ж. қатысты. Кездесу барысында студенттерге Жатақханада тұру Ережелері- құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Кездесу аяқталған соң декан және топ кураторлары 2 қабатқа көтеріліп, студенттердің жататын және ас әзірлейтін бөлмелерінің жағдайларын қарап шықты.

2016 жылғы 6 қыркүйекте «Водитель АВС» автомектебінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі проблемалар орталығымен бірлесе отырып, «Жол-көлік оқиғасына ұшыраған тұлғаларға уақтылы дәрігерлік көмек көрсету» тақырыбында семинар өткізді.

2016 жылдың 1 қыркүйектен 3 қыркүйек аралығында ақпараттық кітапхана орталығында бірінші курс студенттері үшін кітапхана ережелері және кітапханадағы ақпараттық мүмкіншіліктерді таныстыру мақсатында презентация көрсетілді. Студенттер ақпараттық кітапхана орталығының пайдалану ережесімен және де виртуалды анықтама қызметімен танысты.

2016 жылдың 2 қыркүйегінде тарих және өнер факультетінің 1 курс кураторлары (Антаев Ж.Т., Елкей Н.Н., Қалиев Д.Д., Есмағамбетова Ш.К., Әмірхамзин Н.К.) өз топтарында алғашқы қураторлық сағаттарын өткізді. Кураторлық сағат барысында студенттер ҚМПИ студентінің анкетасын толтырып, Ар намыс Кодексін оқыды, топ старостасын тағайындады. Сонымен қатар, оқытудың Кредиттік технология жүйесімен және Институттың ішкі тәртіп Ережелерімен танысты.

2016 жылдың 1 қыркүйегінде А-205 аудиторияда Тарих және өнер факультетінің деканаты және профессор-оқытушылар құрамы 1 курс студенттерімен дәстүрлі жиналысын өткізді. Жиналыс барысында студенттер алдында факультет деканы т.ғ.к., доцент Балғабаева Г.З. және кафедра меңгерушілері т.ғ.к. Наурызбаева Э.К., т.ғ.к. Ярочкина Е.В., п.ғ.к. Сапиева М.С. сөз сөйледі, ал декан орынбасары тарих магистры Нурпеисова Э.Т. студенттерді қабылдау туралы бұйрықпен таныстырып шықты. Жиналыс соңында топ кураторлары тағайындалып, олар топпен жұмыс жасау мақсатымен аудиторияларға жиналды.

2016 жылғы 1 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Білім күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шарада жоғары курс студенттері өнер көрсетіп, ҚМПИ ректорының м.а., тарих ғылымдарының докторы Е.А. Әбіл студенттерді білім күнімен құттықтады.

2016 жылдың 1 қыркүйегінде А-201 аудиторияда психология-педагогикалық факультеттінің деканаты және профессорлық - оқытушылық құрамы 1-курс студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Жиналыста факультет деканы п.ғ.к. Н.А Айдналиева, кафедра меңгерушілері п.ғ.к. Смаглий Т.И., п.ғ.к. Утегенова Б. М., п.ғ.к. Ли Е.Д. сөз сөйледі. Факультет деканы п.ғ.к. Н.А Айдналиева факультетке қабылданған студенттердің бұйрығымен оқып таныстырды. Деканның орынбасары, биология магистрі Г.А. Алипбаева 1-курс студенттерін институттың және факультеттің іс-шаралар кестесімен таныстырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар