2016 жылғы 24 қазанда факультет студенттері Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Өтеген Исеновтің жетекшілігімен Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен ақын Мұқият Қойшыбайұлының тұңғыш жыр жинағының тұсаукесеріне қатысты. Мұқият Қойшыбайұлы 1984 жылы 2 маусымда Қытай халық республикасының Іле облысы Текес ауданы Үлкенқұштай ауылында дүниеге келіп, 2005 жылы атамекеніне оралған. Кездесуде жас ақын өз шығармашылығымен бөлісіп, студенттер қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кеш қонағы ақын Абылай Мауданов, т.ғ.к., доцент Өтеген Исенов авторға кітап туралы пікірлерін айтты

2016 жылғы 23 қазанда мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1 курс студенттері куратор Т.В.Богдановамен бірге облыстық орыс драма театрына барып, Ресей режиссері Яков Рубиннің қойылымымен У.Шекспирдің көңілді комедияларының бірі «Двенадцатая ночь, или что угодно» атты премьерасын тамашалады. Спектакльден соң, студенттер қойылымнан алған әсерлері жайлы бөлісіп, талқылау өткізді. Олар тәрбиелік мәні зор қойылымның, сондай-ақ актерлердің ойыны ұнағандығы туралы әңгімеледі.

2016 жылғы 25 қазан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Білім беру және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымының ұйымдастыруымен облыстық Спартакиада өтті. Бұл жарыс Затобол кентінің орталық стадионында өтті. Жарысқа қатысқандар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыс колледждердің , ЖОО-ның және жалпы орта білім беретін мектептердің қызметкерлері. Салтанатты ашылудан кейін келесі түрлерден жарыстар басталды: әйелдер арасында 500 метрге жүгіру, ерлер арасында 1000 метрге жүгіру, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ.

2016 жылдың 21 қазан күні тарих және өнер факультетінің 1 және 4 курс студенттері Е. Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясына барды. Көпшілік алдына «Ғасырлар пернесі» атты қазақ ұлттық аспап ансамбльдерінің облыстық байқауы өтті. Байқау қонағы РФ еңбегі сіңген әртісі Гайзуллин Рамиль Мавлитович көрермендерді башқұрт халқының мақтанышымен, ұлттық үрмелі аспабы - Қураймен таныстырды.Студенттер концерттен үлкен эстетикалық әсер алды.

2016 жылғы 21 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Ректор кубогі үшін Жайдарман ойыны өтті. Жаңа маусым фестиваль мен 1/8 финалдық ойынымен басталды. Ойынға облысымыздың жоғары және орта арнайы оқу орындарынан 8 команда қатысты. Әр команда «Таныстыру» конкурсында өз шеберліктерін көрсете білді. Ойын жоғары дәрежеде өтті.

21 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі мен презентациясы өтті. Презентация аясында кафедраның ашылу рәсімі және «Елдің қоғамдық-саясаттық процесстеріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қафедрасының ғылыми-білім және тәрбиелік рөлі» дөңгелек үстелі өтті, модераторы болып қосымша білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин Сергей Владимирович сөз сөйледі.

2016 жылдың 20 қазаны күні Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай тарих және өнер факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және аға оқытушы Н.Н. Елкейдің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы» тақырыбында тағылымды тарихи-кездесу сабағы өтті. Кездесу сабағына Ыбырай бабамыздың атындағы мектеп-интернатының түлегі, т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы қонақ ретінде шақырылып, педагогтің өмірі мен ғылыми мұрасы, қызметі жөнінде студенттерге баяндап берді.

2016 жылы 20 қазан айында ақпараттық-кітапхана орталығында тарих және өнер факультетінің «Тарих» мамандығы бойынша екінші курс студенттеріне арналған «Ақпараттық күн» өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ақпараттық орталығының мүмкіндіктерімен танысты. Электронды оқырман залында оқу мақсатында электронды кітапханамен пайдалану бойынша тренинг-консультация өткізілді.

2016 жылғы 19-20 қазанда ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден Омбы қаласында өткен «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ғ.Шаймерден этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшелігі туралы баяндады.

2016 жылдың 18 қазан күні кафедра оқытушылары Н.Елкей, Г.Тастекованың жетекшілігімен «Тарих», «ҚЭН» мамандығының 1 курс студенттері Қостанай облыстық орыс драма театрына барды. Театр ұжымы келген көпшілікке «Беда от нежного сердца» тақырыбындағы комедиялық спектакльді тарту етті. Барлық студенттер қойылымнан үлкен әсер алып, естелік фото-суретке түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар