2016 жылдың 10-14 қараша аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева Қостанай облысына іс сапармен келді. 11 қарашада жоба тәлімгерлері облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін-2050» жоба аясында білім алып жатқан студенттермен кездесті.
2016 жылғы 10 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Деструктивті діни ағымдар: қаупі, түрі және әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Дін істері және азаматтық қоғам басқармасының өкілдері студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы хабардар етті. Өздері мен туысқандарын дәстүрлі емес діни ағымдардың қатерінен сақтандыру тәсілдері туралы әңгімеледі. Кездесу диалог түрінде өтті.
2016 жылдың 8-9 қарашасында Гульельмо Маркони атындағы Университетте (Рим қ., Италия) Erasmus+ Еуроодақпен қаржыландырылатын ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жоба аясында серіктестердің кездесуі өтті. Аталмыш кездесу барысында ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша оқыту курсының дайындалу нәтижелерін талқылауда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарапынан Кифик Н.Ю., Сухов М.В. және Данилова В.В. белсенділік танытты.
2016 жылдың 6 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық Департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. Практика, жұмыспен қамту және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева Алия Балгабаевна кездесу барысын бастады.
2016 жылдың 3 қарашасында 2016 жылғы түлектермен «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» және «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттерімен кездесу болды. Кездесуді ұйымдастырушы Богданова Т.В., «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары және түлектер педагогикалық қызметтегі өзекті мәселелерді талқылады.
Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғалардың бірін, ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту. Мемлекетіміздің осы мерейтойына байланысты 2016 жылдың 3 қарашасында «Тарих және Өнер» факультетінде Брейн-ринг интеллектуалды ойыны өткізілді. Интеллектуалды ойынға «Тарих», «Музыкалық білім», «Құқық және экономика негіздері», «Сызу және бейнелеу өнері» мамандықтарының 3 курс студенттері қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамына факультет оқытушылары кірді Дик Ф.Б., Ярочкина Е.В., Разуваева М.В., Нурпеисова Э.Т.
2016 жылғы 02 қарашада Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен ұлы жазушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған іс-шараға куратор Ж.Х.Султанбекованың жетекшілігімен «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Сонымен қатар кешке ҚМПИ профессоры, Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу жөніндегі орталық қызметкері Қ.Т.Орманов және ҚМПИ құрметті профессоры, Қостанай қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, Қостанай облысының тарихы жайлы кітаптар мен монографиялардың авторы И.К.Терновой қатысты.
Қостанай облысының ЖОО арасындағы қарым – қатынасты орналату бағытында 1.11.2016 ж Қостанай юристік академиясының шақыруы бойынша ҚМПИ психология педагогика факультетінің педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова А.Б. кездесу өтті. Алия Батырхановна инновациялық педагогика жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар пікір алысып әрі қарай қарым – қатынасты жалғастыру керек екенін білдірді. Келесі кездесу ҚМПИ аймағында болуын ұсыныс айтты. Кездесу жемісті өтті.
31 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының өкілдері, ҚМПИ оқытушылары, «Дінтану орталығы» ҚМПИ АТТ мүшелері және Қостанай облысының дінтану мұғалімдері қатысты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2016 жылдың 17 қазанынан бастап 29 қазанына дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Педагогтың кәсіби қызметіндегі инновациялық оқыту технологиялары» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті.