2016 жылғы 17 қазан айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында бақылау кеңесінің отырысы өтті. Бақылау кеңесі мүшелігіне Қостанай облысының түрлі саласында қызмет атқаратын белгілі тұлғалар кіреді. Сонымен қатар отырысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангельдиевна Суханбердиева да қатысты. Ол бірауыздан бақылау кеңесінің төрайымы болып сайланды.

2016 жылғы 14 қазанда ҚМПИ мәжіліс залында Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-түсіндіру топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен 2017 жылға арналған міндеттер жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АТТ қызметіне ерекше тоқталып өтті

2016 жылғы 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихи мұражайында мұражай меңгерушісі Г.А.Карина бірінші курс студенттеріне мұражайды аралатып, экскурсия өткізді. Мақсаты – студенттерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрылған күнінен бергі бай тарихымен таныстыру. Г.А.Карина институт дамуының жекелеген кезеңдерін көрсететін материалдар орналастырылған мұражай стендтері мен көрмесіне назарларын аудартып, институт тарихы, профессорлар, еңбек ардагерлері, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне арналған стендтерді көрсетті.

2016 жылғы 12 қазан күні «Ашық есік күні-2016» акциясы аясында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырған шаралардың легі студенттер айтысымен тәмамдалды. Айтыс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналып өткізілді. Айтысты психология-педагогика факультетінің 1 курс студенттері ерекше ықыласпен тамашалаған болатын. Ақындардың екпінін бағамдап, өнерін бағалаушы қазылар қатарында ақын, журналист, сықақшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы, ақын, журналист, Ыбырайтанушы, Қазақстан және Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ құрметті профессоры, э.ғ.к., «Естаев» ШҚ басшысы Естаев Ибраш Естайұлы, ақын, журналист, «Қазақ радиосының» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы болды.

2016 жылдың 12 қазан айында Педагогика және психология факультетінің декан орынбасыры Алипбаева Г.А. жетекшілігімен 1-3 курс студентерін Л.Н.Толстой атындағы кітапханаға бардық. Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы мен танысу кеші өтті. Бұл кештің ең маңызды жаңалығы Ғұмар Гарифоллаұлының «Күндіз жұлдыз көрінсе» атты кітабының тұсау кесері болды. Ақын сұхбат барысында өмірі жайлы қысқаша баяндады және кітабының мазмұны жайлы тілге тиек етті.

2016 жылғы 10 қазанда "Челябі мемлекеттік университеті" жоғарғы кәсіби білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Қостанай филиалының мәжіліс залында ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинар өтті. Конференцияға бірнеше оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Халқы Облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры, Қазақстан Халқы Облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кадралинова Марияш Тлеугабыловна және т.б. қатысты.

Қазақстан Республиксының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Жас Барыс» облыстық іріктеу кезең жарысында 1997-1998 ж.т. жастар арасында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттері жеңімпаз және жүлдегер атанды.

2016 жылдың қазан айының 6 жұлдызында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс студенттерімен "ҚМПИ студенттерінің ұғындыру салтанаты" өткізілді. Бұл мерекелік іс-шараға қатысқан жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері өздерінің нағыз студент атануға лайықты екенін қабілеттіліктерін көрсету арқылы дәлелдей білді.

2016 жылғы 6 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында бірінші курс студенттерінің дәстүрлі әрі маңызды мерекесі «ҚМПИ студенттігіне қабылдау – 2016» мерекелік іс-шарасы өтті. ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Е.А.Әбіл студенттерді құттықтап, 1 курс студенті Айдос Кызыринов пен «Алтын белгі» иегері Гүлзира Тасановаға студенттік билеттерін тапсырды.

2016 жылдың 5 қазан айында Қазақстан Республикасындағы Отбасы күнін меркелеуіне арналған «Бір ел – бір отбасы» облыстық ғылыми форумы өтті. Бұл форум Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында өткізілді. Форум Қостанай шығармашылық Білім бөлімінің баллалар шығармашылығы мектебінде өтті. Бұл мерекеге қатысушылар: ата – аналар қоғамы, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері, «Өз елімнің тарихындағы өз отбасым» облыстық байқауының жеңімпаздары. Барлығы 120 адам.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар