2016 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай қаласының Сити орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Министрлігінің Қостанай облыстық департаменті Білім басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет мәртебесін көтеруге бағытталған «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» эгидасымен облыстық флешмоб конкурсын өткізді.
2016 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында өткізілген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Жас Барыс» турнирінің жеңімпаз жүлдегерлерін құттықтаймыз.
2016 жылғы 24 қыркүйекте ҚМПИ жаратылыстану математика факультетінде студенттерді білім алып жүрген факультеті мен институтының өмірімен таныстыру және болашаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен ұғындыру іс-шарасы өткізілді
2016 жылдың 23 қазанында «Дефектология» мамандығы бойынша 1 курс студенттері (орыс бөлімі) топ кураторы Жилова Юлия Павловнаның ұйымдастыруымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Қостанай облысының тарихымен танысып, сонымен қатар археология залында болып қайтты. Ал 2016 жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мұражайында болды. Онда институттың тарихи мұрахаты қойылған көрмемен, оның атаулы күндерімен, институттың жылдар бойғы жетістігінің тарихымен және профессорлық-оқытушылық құрамының сіңірген баға жетпес ерен еңбектерімен, яғни олардың фотосуреттерімен, жеке заттарымен, монографияларымен, ғылыми баяндамаларымен, құрмет грамоталарымен және медальдарымен танысты.
2016 жылдың 22 қыркүйегінде Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, Педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі мамандықтарының 3 курс студенттері куратор Богданова Т.В. жетекшілігімен облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Студенттер музейдің 13 залымен танысты. Экскурсия жүргізуші Акимбаева У.Б. музейдің әр-бір залының тарихын түсіндіріп, әңгімеледі. Саяхат студенттерге аса қызығушылық тудырып, жақсы деңгейде өтті.
2016 жылдың 22 қыркүйегінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға-оқытушылары Ловцова Д.П. мен Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны өткізді. Қазақстан халықтарының тілдер күнің атау барысында тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы ұлтаралық рухани бірлікті нығайтуды және қазақ тіліне деген қызушылықты, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті. Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанда үштілділік маңыздылығы жеткізілді
Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты
2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында қосымша білім беру факультеті Тарих және өнер факультетінің «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 1-3 курс студенттерімен «Қазақстан этникалық топтарының тілдерін дамытуы Қазақстан халқының Ассамблеясы қызметінің бір бағыты» тақырыбына кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович институттың тарихы және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жұмысы жайлы ҚМПИ мұражайында экскурсия өткізді.
2016 жылдың 22 қыркүйегінде студенттер үйінде психология-педагогикалық факультеттінің студенттерімен факультет деканы Н.А Айдналиевамен кездесу өткізілді. Кездесуде сонымен қатар факультет деканның орынбасары, Г.А. Алипбаевада қатысты. Кездесу барысында жатаханада тұру Ережесі және олардың құқығы мен міндеттері жайлы түсіндірілді. Сонымен бірге 3 және 5 қабатта тұратын студенттерден жауаптылар таңдалып алынды.
2016 жылдың 21 қыркүйегі күні Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғалымдар шақырады» клубының ұйымдастыруымен Торғай даласында болған 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына байланысты тағылымды жиын болды
2016 жылғы 16 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спорт алаңында Денсаулық күніне орай институт оқытушылары мен студенттері арасында спорттық іс-шара өткізілді. Қатысушылар спорттың тоғыз түрі бойынша жарысты: Волейбол, шағын футбол, асық ату, эстафета, гір спорты, дартс, арқан тартыс, армрестлинг, ұзындыққа секіру.