2016 жылғы 25-29 сәуір аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында мұражай үйірмесінің мүшелері мен мұражай меңгерушісі Г.А.Карина Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай студенттерге «Мәңгілік есте» іс-шарасын өткізді. Іс-шара соғыс батырларын, институтымыздың оқытушы қаһармандарын еске алу, студенттер бойында патриоттық, Отанға деген махаббат сезімін ұялату мәселелеріне арналды. Жеңіс күні біз соғыс ардагерлеріне, тыл еңббеккерлеріне алғыс айтуымыз керек. Олардың өмірі, қаһармандық ерліктері жас ұрпаққа үлгі болып қалмақ.

2016 жылдың 29 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараның біздің қара шаңырағымызда жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысынан 300-ге жуық оқушылар қатысты.

2016 жылы 29 сәуірде біздің институмызда үлкен іс-шара «Ашық есік күні» өткізілді, бұған болашақ талапкерлер және олардың ата –аналары шақырылды. Акт залында Факультеттер мамандықтары бойынша презентациялар көрсетілді, ҚМПИ оқытушылары сөз сөйледі

2016 жылы 24-29 сәуірде дат қаласы Родбиде әйелдер мен ерлер арасында ,сонымен бірге барлық жас салмақ категориялары арасында жатып көтеруден әлем чемпионаты өтті. ШТФ 1-курс студенті Николаева Алевтина 84 килоға дейін салмақ категориясында 100 кило нәтижесімен бірінші орынды жеңіп алып, Әлем чемпионы титулының иегері атанды. Біз дарынды студентімізді жаңа сенімді жеңісімен құттықтаймыз және оған оқу мен спортта жаңа табыстар тілейміз.

2016 жылдың 28 - сәуірінде Жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығы 3 - курс қазақ бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұлт бірлігі –ұлы байлық» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

2016 жылы 27 сәуірде мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында аға оқытушысы Жилова Ю. П. және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттері "Діни экстремизм: алдын алу және болдырмау" тақырыбына іс-шараны ұйымдастырылды.

2016 жылғы 27 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында институт оқытушылары мен студенттері арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқауға 9 дуэт қатысып, қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде ән шырқады. Әр жұп байқауға дайындалу кезіндегі қызықты сәттері бейнеленген бейнеролик әзірледі.

2016 жылдың 27 сәуір күні тарих және өнер факультетінде тарихшы және ғалым Ғалихан Жантөриннің туғанына 100 жыл толуына арналған студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын. Конференцияның толық мәжілісінде ғалымның бауыры Еленов Стахан, балалары Алия Ғалиханқызы, Марат Ғалиханұлы және немерелері, тарихшы-ғалымдар Аманжол Күзембайұлы, И.К.Терновой және студенттер қатынасты.

Денешынықтыру спорт және туризм факультетінің мұғалімі Самойлов А.А. 2016 жылдың 27 сәуірінде «Екі жұлдыз ҚМПИ» атты сайысында жеңіске жетуімен құттықтаймыз. Сайыста Самойлов А.А жұп болған 3 курс «Музыкалық бөлімінің» студенті Байдукенова М.

Жаңа инновациялық технологияларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу талаптарына сай 2016 жылдың 26 сәуірінде «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы апталығының бағдарламасы негізінде кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Оған Қостанай қаласының № 1, 9, 20, 115 орта мектептерінің және Қостанай ауданы, Семенов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар