Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының 3 курс студенттерімен топ кураторы Кушмурзина Даметкен Хажмухановна 2016 жылдың 21 сәуірінде тақырыптық кураторлық сағатын өткізді. Онда студенттер Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметіне тоқтала отырып, білім беру жүйесіне қосқан үлесін баяндап өтті.
2016 жылдың 21 сәуірінде әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Я.К.Духин, т.ғ.к., доцент С.В.Самаркин, т.ғ.к., доцент Е.В.Ярочкина «Студенттік жылдар жайлы естелік» тақырыбында «Әлем және аймақтық тарих мәселелерін зерттеу жөніндегі зерттеушілер тобы» тарихи үйірмесін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға үйірме мүшелері болған факультет түлектері Н.Ю.Кифик, О.А.Смагина, М.А.Ленивова, М.А.Чеботарева, К.Я.Грудупс, В.Н.Зыбарева, Ю.С.Абенова шақырылды. Қонақтар үйірмеден алған тәжірибелерінің қызмет істеуде үлкен көмек болғандарын айтып өтті.
2016 жылғы 21 сәуірде өткен Жаратылыстану және математика факультеті «Информатика» мамандығының студенттері «Мектепте білім беру ортасының дамуы» атты студенттік ғылыми-әдістемелік конференциясына белсенді қатысты.
2016 жылдың 21 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Көптілді білім болашақ мамандардың жаңашыл қоғамда әлеуметтенуінің бірден-бір тиімді факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілдері, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени қауымдастықтар өкілдері, Қостанай қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері және студенттері қатысты.
2016 жылдың 20 сәуірінде Студенттер үйінде «ХХІ ғасыр азаматы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынды Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары М.О.Рагатова, Ж.Н.Жумабаева, М.В.Разуваева, Ж.Т.Антаев пен «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері А.Ибраева, А.Қалиева ұйымдастырды. Ойынға «Жас Отан» және «Тұлпар» командалары қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары жайлы білімдерін ортаға салды.
2016 жылдың 20 сәуірінде Шетел тілдер факультетінде колледж және мектеп түлектері Ашық есік күніне шақырылды. Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Унгутбаева Г.Ш. және Кенжибаева А.С. әрленген презентация көлемінде ШТФ-дегі оқу жайында айтып өтті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қазақстан және Европа университеттерінде; шет елдегі жоғары орындарында оқуды жалғастыру жайында, ең негізгісі шетел тілдерін оқыту саласында жоғары білікті маман болу. Презентация және әңгімелесу іс-шарасынан кейін оқу-әдістемелік кабинетіне және ФКЦ саяхат жасау жалғастырылды.
Қостанай облысының әкімшілігіндегі тілдер басқармасы 2016 жылдың 20 сәуірінде Достық Үйінде Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың өткізілу мақсаты дарынды жастар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген болу керек. Бұл іс-шара қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған, тіл мәдениетін үйрету, тілдері мен басқа да халықтардың мәдениеттері үшін құрмет көрсету. Қатысушылар 3 кезеңнен өту керек: қазақ тілі, ағылшын және орыс тілдерін білу керек.
19 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдері ғылыми жұмыс жөніндегі бас директоры, профессор Тседисо Макоэле және Назарбаев университеті Жоғары мектебінің ғылыми қызметкері Толқын Омаровамен кездесу өткізілді. Профессор Тседисо Макоэлемен тәжірибе алмасу мақсатында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы үшін білім беру саласындағы зерттеу әдістері және рецензияланатын журналдарға ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.
2016 жылдың 19 сәуірінде дене шынықтыру спорт және туризм факультетінде «Үздік машықтанушы 2016» атты педагогикалық шеберлік, Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған байқауы өтті. Байқаудың негізгі міндеттері - жан-жақты дамыған, шығармашылық жұмыс жасай алатын, талантты, жақсы профессионалды дайын, жеке авторлық өз ойымен, ғылыми- әдістемелік және педагогикалық мәдениетті тұлға, үздік машықтанушы және бапкерлік тәжірибе негізінде ең жақсы машықтанушы. Байқау екі дәрежеде өтті: күндізгі және сырттай. Үздік машықтанушы атағына үміткерлер өздерінің теориялық материалды білімін, іс жүзінде оны өмірде қолдана білу, сондай-ақ шешендік өнерін көрсетті және т.б. Жеңімпаз атағына ие болғандар: Боков В.В., Яквенко Я.П. және Салапанов В.О.
2016 жылдың 19 сәуірінде «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а, ф.ғ.к., Б.Х.Альшанова «Дінтану пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді.