2016 жылдың 18 сәуірінде ҚМПИ акт залында КВН қазақ лигасының финалы болып өтті. ШТФ командасы «Жас New» соңғы мәреде көшбасшы болды.Барлық командалар мықты нөмірлерімен шықты, сондықтан әділқазыларға жеңімпазды анықтау қиынға соқты.Жас өршіл, харизматикалық және әзіл қыздар үлкен мағынасы бар командасы ҚМПИ ректорының кубогына арналған күрделі күресте екінші орынға ие болды. Біз біздің жұлдыздарды құттықтаймыз және оларға болашақта табыстар тілейміз, сонымен қатар жаңа биіктерді бағындыра беріңдер.

2016 жылдың 18 сәуірінде «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында тарих ғылымдарының кандидаты С.В.Самаркиннің «17 ғасыр басындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттеріне ашық дәрістік сабағы өтті.

2016 жылғы 18 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Жайдарман» қазақ лигасының финалы өтті. Финалға 5 команда қатысты. Тапсырма бойынша қатысушылар 5 минуттық өзін-өзі таныстыру және 7-10 минуттық үй тапсырмасын орындауы керек болды. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білді. Ойын қорытындысы бойынша Ректор кубогі қазақ және орыс филологиясы факультетінің қанжығасына байланып, екінші орынды шетел тілдері факультеті, үшінші орынды тарих және өнер факультеті еншіледі.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтытының қабырғасында өткен КТК-ның Ректор кубогын алуға финал ойыны өте тартысты өтті. Ойын басталмас бұрын барлық команда Қазақ және орыс филологиясы факультетінің мықтылығын мойындаған болатын. Мұны, әрние, әділ қазы мүшелері де мойындады. Өздерінің күштілігін тағы да бір дәлелдеп, біздің жігіттер Ректор кубогын факультетке алып берді.

2016 жылдың 15 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге үш қалалық және 12 аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері, халықты жұмыспен қамту орталығы қатысты. Жәрмеңке бағдарламасы бойынша алғы сөз ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Әбіл Еркін Аманжолұлына берілді.

2016 жылдың 15 сәуірінде ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Қостанай облысы: өткені мен бүгіні» атты тақырып аясында интеллектуалды ойын өтті. Ойын 3 бөлімнен тұрды. Сұрақтар мына тақырыптарты қамтыды: Қостанай облысының тарихы (архитектуралық және тарихи ескерткіштер, мәдениет және өнер); өлкеміздің танымал тұлғалары; Қостанай облысының географиясы.

2016 жылдың 15 сәуірінде оқу залында ақпараттық-кітапхана орталығында «Қостанай облысы; өткен және қазіргі» Қостанай облысының 80 жылдығына арналғанинтеллектуалдық ойын өткізілді. ШТФ командасы 1-ші орынға ие болды, ал оның капитаны Уткелбаев Жәнібек «Үздік ойыншы» мадақтамасын алды. Біз ақылдыларды жаңа жеңістер мен қызығушылықтарымен құттықтаймыз.

Еліміз егемендігін алып, көк туымыз көк аспанда еркін желбіреген шақта, тәуелсіз ұрпақ төл мерекені тойлауды жаңғыртуда. Соның бір дәлелі ретінде Қазақ және орыс филологиясы факультетінде өткен махаббат кешін, дәлірек айтсақ ғашықтар сайысын айтуға болады!

15 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-4 курс студенттерінің арасында факультетаралық квест ойыны өткізілді. «Туризм» мамандығының студенттері логикалық тапсырмалар, сонымен қатар ұжымды біріктіруге арналған спорттық тапсырмалары бар іс-шаралар қатарын ұйымдастырды. Ойынға институттың алты факультетінен 62 студент қатысты. Ойынның әр кезеңіне келесі студенттер бекітілді: А.Султанова, А.Каримова, И.Нурманова, А.Терентьева, Т.Колеснюк, З.Сейлханова, В.Гунчевская, М.Ержанова, А.Орлов, М.Тукешев, Б.Бабиев. Жоба үйлестірушісі: К.Федина. Бас төреші: В.Мальшакова.

2016 жылғы 14 сәуірде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай факультетімізде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге еліміздің көрнекті ақыны, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, ҚМПИ профессоры Серікбаев Оспанов шақырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар