2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі педагогикалық мамандықтарды таңдаған барлық талапкерлер үшін арнайы емтихан енгізді. 5-14 шілде аралығында осындай емтихан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілді. Жүзге жуық студент күнсайын емтихан тапсырып, психологиялық тестілеуден өтті, күрделі педагогикалық жағдайларды шеше білді. Психология-педагогика факультенінің оқытушыларынан құралған комиссия үміткерлердің жауаптарын тыңдап, әділ бағаларын беруге тырысты. Жалпы талапкерлер педагогикалық бағыттағы деңгейлері мен шығармашылық қабілеттерін жақсы көрсете білді.
2016 жылдың 4-5 маусымында (Испания) Валенсия қаласы Политехникалық Университетінде Еуропалық Комиссияның 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP нөмірімен тіркелген «Аccessibility and Harmonization of Higher Education in Central Аsia through Curriculum Modernization and Development /ACADEMICA/» халықаралық жоба қатысушыларының кезекті кездесуі өтті (әріптес мемлекеттер және Орталық Азия мемлекеттерінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы жоғары білім жүйесін оңтайландыру және қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша).
26 мамыр 2016 жылы ҚР ІІД Қостанай академиясында ұйымдастырылған «Психология әлемі» атты психологиялық квестқа ҚМПИ «педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері қатысып, ҚР ІІД Қостанай академиясының болашақ педагог-психологтарын женіп шықты. ҚМПИ студенттерінде жарыс бағдарламасы үлкен әсер қалдырды, студенттер үшін берілген тапсырмаларды орындау оңайға түспеді, дегенмен де жарыс достық атмосферада өтіп, лайықты жеңісті иеленді.
18 мамыр күні ҚМПИ-да «Жас мамандарды жұмысқа бөлу жөнінде комиссия құру туралы» 22.04.2016 ж. № 16-Т бұйрығының негізінде күндізгі және сырттай бөлімдерде білім алушы 2016 жылдың болашақ түлектерін жұмысқа бөлу рәсімі өткізілді. Комиссия жұмысына комиссия төрағасы институт ректорының м.а. Әбіл Е.А., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің Мырзахметова С.У., оқу-әдістемелік басқарма бастығы Кифик Н.Ю., Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімі кадр бөлімінің жетекшісі Дощанова А.Д., факультет декандары, практика, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева А.Б. қатысты.
2011 жылдан бастап жыл сайын Жаратылыстану-математика факультетінің күшімен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Биылғы 2016 жылы да біздің факультеттің және бүкіл ҚМПИ студенттерінің арқасында нашар еститін және керең балаларға көмек көрсетілді.
2016 жылы 17 мамырда «Innovative trends in teaching foreign languages at comprehensive school» тақырыбында Қостанай мемлекеттік педагокикалық институты мен Шадринск мемлекеттік педагокикалық институты арасында ынтымақтастық туралы жоба аясында халықаралық вебинар өткізілді.
2016 жылдың 12 мамыры күні сағат 12.00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен болашақ түлектері Қазақстан Республикасы Министрлігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаменті жетекшісінің орынбасары Досекенов А.М. кездесу өткізді. Кездесу барысында Доскенов А.М. мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат жеткізді, қатысушылар назарына «Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болад» тақырыбында презенетация ұсынылды.
2016 жылдың 8 мамырында Студенттер үйінде Ұлы Жеңіс күніне арналған «Поэзиялық кеш» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға аға оқытушылар Р.А.Беркімбай, Г.Б.Асқанбаева, «Математика» мамандығының қазақ бөлімінде оқитын 1 және 2 курс студенттері қатысты
2016 жылдың 29 сәуірде «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл күні кафедра мектеп пен колледж түлектерін жақсы қарсы алды. Ашық есік күні арнайы кабинеттерде студенттік жұмыстарының көрмесі, «Лидер қабырғасы», мамандық туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. Кафедра оқытушылары институт пен кітапханаға экскурсия жүргізіп, кеңестер берілді «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының мамандықтары туралы абитуриенттерге буклет пен институтқа қабылдау ережесі жайлы толық ақпарат берілді.