2016 жылғы 14 сәуірде ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығының» басшысы Ғ.И.Шаймерден Қарасу ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Қазақстанның діни қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дәріс оқыды. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы айтылып, бүгінгі таңда байқалатын негізгі жағымсыз үрдіс пен одан шығатын нақты қауіптер сөз болды. Дәрістің екінші бөлімі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мәселелеріне арналды.
2016 жылдың 14 сәуірінде «Психология және педагогика» факультеті «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Х. Султанбекова 1 курс студенттері үшін «Дінге артылса сенімің, имандылық болар серігің» тақырыбында іс-шара өткізді.
14 сәуірде Информатика мамандығының 3 курс студенті Тұрсбек Динара Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым мен білім» атты ХІ Халықаралық ғылыми конференциясында жасаған баяндамасының маңыздылығы үшін ІІІ дәрежелі диплом алды.
2016 жылғы сәуір айының 13 жұлдызында ҚМПИ акт залында факультеттер арасындағы «Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған фестиваль өтті. Жаратылыстану-математика факультеті Чечен халқының мәдениетін көрсетті.
2016 жылғы 13 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, татулық және келісім мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» факультетаралық фестивалі өтті. Әр факультет республикамызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің, мысалы, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті татар-башқұрт халқын, шетел тілдері факультеті неміс халқын, тарих және өнер факультеті орыс халқын, қазақ және орыс филологиясы факультеті украин халқын, жаратылыстану-математика факультеті шешен халқын, психология-педагогика факультеті армян халықтарының билерін билеп, мәдени дәстүрлерін көрсетті.
2016 жылдың 13сәуірінде ҚМПИ-дің акт залында «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі өтті, бұл шарада шетел тілдері факультеті неміс халқын көрсетті. Студенттер неміс халқының ұлылары туралы презентация жасады. Гете, Гейне, Шиллердің өлеңдерін жүрекпен оқыды; Юсупова Ақмарал неміс классиктерінің попуррилерін шебер ойнады;2 курс топтарының студенттері неміс тілін екінші тіл ретінде оқитындар Германияда қалыңдықтың жоралғысы қалай өткізілетіндігін көрсетті; мәре соңында достық туралы неміс тілінде ән айтылды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша шетел тілдері факультеті «Ептілік және әртістік» мадақтамасын және сыйлық алды.
2016 жылдың 13 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультет аралық Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты фестиваль болып өтті. Әр факультет түрлі халықты таныстырып шықты. Қазақ және орыс филологиясы факультетінің еншісіне Украин халқын таныстыру тиді. Украин халқының тамылжыған әндері мен жүректі қозғап, шабыт сыйлар билері, дәмі тіл үйірер небір тәтті тағамдары Қазақ және орыс филологиясы факультетінің көрсетуімен сахна төрінен көрінді.
2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қазақ мұсылмандары Діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, «Марал Ишан» облыстық мешітінің бас имамы Тажімбет Бақытбек қажы Нұрғабылұлының институт студенттерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар бұл іс-шарада Қостанай облыстық әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері де болды.
2016 жылдың 11 сәуірінде шетел тілдері факультетінде студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы «Ғылым жас зерттеуші көзімен» болып өтті. Дәстүр бойынша, конференцияның ашылу барысында ҚМПИ конференция залындапленарлық отырыс өткізілді. Құттықтау сөзді ШТФ деканы ф.ғ.к., доцент Е.Л.Дорошок , Кудрицкая Марина Ивановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі., Оспанова Айша Султановна - доцент ВАК, ҚМПИ профессоры.,Исмагулова Гульнар Кульмухамбетовна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент сөз сөйледі.
2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында жиналыс өткізді, практика бөлімінің бастығы және жұмыспен қамтамасыз етуші Нурушева А.Б. шақырылды. Ол оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында негізгі талаптарға және ережелерге ақпарат беріп кетті.