2017 жылдың 25 қантарында «Студент жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыру» атты дөңгелек столын Қостанай облысы және Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясы, Басқармасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, ҚМПИ психология және дефектология кафедрасы ұйымдастырды.
2017 жылдың 13 қаңтарында-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Н.И. Тасмағамбетовтың қатысуымен педагогтың кәсіби стандартының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес және мастер-класс өткізілген болатын. Осыған байланысты, ЖОО-ның бірі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында білім берудің барлық деңгейлері, барлық типтегі білім беру ұйымдарының мақсатында, базалық ұйымдар үшін және педагогтар арасында әлеуметтік сауалнамалар жарияланады.
Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2017 жылдың ақпан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз.
2016-2017 оқу жылының бірінші жартысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы, дене шынықтыру, спорт және туризм оқу-тәрбие орталығының әдістемелік апталықтары өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм оқу-тәрбие орталығы әдістемелік апталығы аясында аға оқытушылар Агеева С.В., Жумабаев А.Н., Досмухамедова М.М. 3 ашық сабақ, өткізді. ҚМПИ 1 курс студенттерінің ЖҚТБ Орталығының өкілдері Жалбирова А.Т. және Койшигулова А.Ж. кездесті, Қостанай қаласы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері және дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті оқытушыларының қатысуымен «Оқушылардың физикалық денсаулығының мониторингі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
2017 жылғы 16 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ACADEMICA халықаралық жобасы аясында информатика және компьютерлік технология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына арналған Эразмус + Еуропалық одағы ортақ қаржыландыратын ағылшын тілі курстары (Accessibility and Harmonization of Higher Education in Central Asia through Curriculum Modernization and Development ACADEMICA Project №561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP) басталды.
2017 жылы 12 қаңтарда Ақпаратты кітапхана орталығында факультет декандары, кафедра меңгерушілерімен оқытушыларға арналған оқу барысын ақпараттық-кітапханамен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты жиналыс өткізілді. Ақпаратты кітапхана орталығы мен кафедралардың қызметін жақсарту мақсатында оқытушылар сауал-сұраққа жауап берді, сонымен қатар 2016 жылы түскен әдебиеттер кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2017 жылдың 4 қаңтарында қосымша білім беру факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жумадильдаева Наталья Васильевнамен кездесті. Іс-шара ректор кеңесшісі Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевичтын қонақтарды таныстыруымен басталды. Іс-шараға Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары - Байменова Зауре Ануарбековна, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы - Ибраев Булат Каирбаевич, тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша білім беру факультетінің деканы - Самаркин Сергей Владимирович, ҚХА кафедрасының меңгерушісі - Евдокимова Ольга Николаевна, ҚХА кафедрасының доценті, PhD докторы - Козыбаева Махаббат Маликовна және т.б. қатысқаны жайлы айтып өтті. Депутат оқытушылар құрамымен, көрмелермен, кафедраның материалдық-техникалық жабдықтары және кітапханасымен танысты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт Ректораты, тарих және өнер факультетінің деканаты және профессорлық-оқытушылық құрамы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Эльмира Кенжеғалиқызы Наурызбаеваны ҚР БжҒМ мемлекеттік грантын жеңіп алуымен және «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2016» атағын иеленуімен құттықтайды! Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтның профессорлық-оқытушылық құрамы Э.К. Наурызбаеваға зор денсаулық, ғылыми-ағартушылық қызметіне шығармашылық жетістіктер тілейді.
2016 жылдың 24 желтоқсаны күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үлкен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті арна арқылы халыққа тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлестерін бағалау арқылы бірқатар адамдарды марапаттау болып табылды.
2016 жылдың 22 желтоқсанында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәнінен шығармашылық емтихан – «ҚМПИ педагогикасы» сайтының презентациясы болып өтті, оқытушы педагогика ғылымдарының кандидаты Кифик Н.Ю. Бұл сайттың мақсаты – Құқық және экономика негіздері оқыту әдістемесі, Мұғалімнің кәсіби бағдары пәндерінен алған теориялық білімдерді практика жағынан көрсете алу.