Суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасы ретіндегі халықаралық маңызға ие сулы-батпақты жерлер туралы Конвенцияға 1971 жылғы 2 ақпанда Иран мемлекетіндегі Рамсар қаласында қол қойылды және ол содан бері Рамсар конвенциясы (Ramsar Convention) деп аталады. Ал қол қойылған күн 1997 жылдан бастап Халықаралық сулы-батпақты жерлер күні деп жарияланып, алғаш рет осы жылы атап өтілді. Рамсар конвенциясының басты мақсаты – әлемде тұрақты дамуға қол жеткізудің бірден-бір тәсілі ретінде сулы-батпақты алқаптарды сақтау мен рациональды пайдалану болып табылады. Қазіргі уақытта Рамсар конвенциясына 168 мемлекет қосылды. Халықаралық маңызға ие сулы-батпақты кешен тізіміне жалпы жер ауданы 208 миллион гектардан асатын 2186 сулы-батпақты кешен енгізілген.
Ресей білім беру академиясының «Білім берудің теориясы мен стратегиясының Институты» Федералдық мемлекеттік ғылыми бюджеттік мекемесі мен Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты арасындағы келісім шартты іске асыру шеңбері барысында, 2 ақпанда Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты базасында жетекші ғалым Е. В. Бережновамен кездесу болып өтті.
2017 ж. 2 ақпан күні жаратылыстану-математика факультетінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыға салынды. Жолдаудың негізгі тақырыбы: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Талқылауда өзінің баяндамаларымен ҚМПИ ректорының кеңесшісі Бекмагамбетов Р. К., ЖМФ деканы Сухов М. В., жаратылыстану ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Омарова К. И. және 2 курс студенті Такенова Нургуль қатысты.
2017 жылғы 1 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер әділет департаментінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінің бастығы Ринат Куанышбаевич Капышев және бөлім маманы Азамат Ақылбекұлы Жақсылық болды. Аталған кездесу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Жобасы. Сонымен қатар кездесу барысында Ринат Куанышбаевич заң жобасының негізі мен мақсаты туралы да айтып өтті.
2017 жылғы 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астана қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» Акционерлік қоғамының Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламаларының Кеңсесі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден қатысты.
2017 жылдың 31 қаңтарында Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, т.ғ.к. Шевченко Людмила Яковлевна «Социум және саясат» пәнінен «Қоғам тұтас жүйе ретінде» тақырыбында психология-педагогика, жаратылыстану-математика факультеттерінің 1 курс студенттеріне дәрістік ашық сабақ өткізді.
2017 жылғы 31 қаңтарда ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Махаббат Маликовна Козыбаева «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында өткен халықаралық практикалық «Заманауи білім берудің басым бағыттарының бірі – көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу» онлайн-конференциясына қатысты. Онлайн-конференцияның мақсаты: көпмәдениетті білім жағдайында білім сапасын қамтамасыз ету бойынша үздік педагогикалық идеялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін насихаттау. Онлайн-конференцияға «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының оқытушылары, білім басқармасы қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.
2017 жылдың 30 қаңтарында психология және дефектология кафедрасында "Арнайы білім берудегі қазіргі білім беру технологиялары" атты әдістемелік семинар өткізілді. Бұл әдістемелік семинарды өткізу мақсаты арнайы білім беруде инновациялық технологияларды енгізу барысында психологиялық-педагогикалық аспектілерді талқылау.
2017 жылғы 28 қаңтарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қаланың жоғары оқу орындары арасында «Эйнштейн» зияткерлік ойыны өтті. Ойын нәтижесі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарға институтымыздың Ақпараттық кітапхана орталығы «Горизонт» оқырман ақпараттық-танымдық клубының командасы ие болды. «Эйнштейн» ойынының тарихында алғаш рет барлық жүлделі орындарды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командалары иеленді. Дауыс беру нәтижесі бойынша ойынның ең мықты қатысушысы болып ҚМПИ ЖМФ бірінші курс студенті Ким Любовь атанды. Сәттілік пен жеңістер тілейміз!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың 25 қаңтарында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде Қазақстан халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуін барлық телеарналарда көрсетті. 2017 жылдың 27 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін талқылауға белсене ат салысты.