2017 жылдың 30-наурызында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бір топ студенттері мен оқытушысы ҚМПИ ордасына ат басын бұрды. Қызылжарлық белсенділердің сұрауымен Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхана қонақтарға есігін айқара ашты. Институтымыздың әлеуметтік тәрбие басқармасының ұйымдастыруымен, Тарих және өнер факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының белсенділігімен келген қонақтар тарих ғылымдарының докторы, профессор, Манаш Қабашұлының көзін көрген, ізін жалғастырушы Аманжол Күзембайұлымен кездесті.

2017 жылдың 29-30-наурыз күндері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қабырғасында «Торғай» Республикалық-аймақтық лигасының 1/8 финал ойындары өтті. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған әзілкештер жиналған қалың қауымға өткір әрі қызықты әзілдерімен, сүбелі ойларымен, шалқып тасып жатқан импровизацияларымен керемет кеш сыйлай білді. Екі күнге созылған әзіл бәйгесі ҚМПИ-ды жақсы көңіл-күйге бөледі. Қазақстан КВН одағының шақыртуымен институт ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы әділ-қазылар алқасының құрамынан табылды.

30.03.2017ж. 422 аудиторияда информатика және КТ кафедрасының аға оқытушысы, п.б.б.м.  Айтбенова А.А. И-37 қазақ тобында «Мультимедиа технологиялары» пәнінен «3DS MAX-та модификаторларды қолдану» тақырыбы бойынша институт деңгейінде ашық сабақ өткізді. Сабаққа ОҮжИД жоспарлау бөлімінің баст. Бекентаева А.К., кафедраның аға оқытушылары Даулетбаева Г.Б., Радченко Т.А., Оспанова Ш.Б. қатысты.

29-наурыз күні ҚМПИ қабырғасында мектеп түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті. Қара шаңырағымызға облыс мектептерінің түлектері келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала білді. Аталмыш ашық есік күніне жиналған талапкерлердің саны 315-ке жетті. Талапкерлерге акт залда кездесу ұйымдастырылып, институтымыздың үйірме белсенділері өнер көрсетті. Факультет декандары факультеттегі кафедралар мен мамандықтар жайлы толық ақпарат беріп, ҚМПИ студенті атанудың мүмкіншіліктерін тілге тиек етті.

2017 жылдың  29 наурыз айында әмбебап оқу залында қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Тамара  Қайыржанқызымен кездесу өткізілді. «Ұстаз ұлы тұлға» атты шағын кітап көрмеде ұстаздың әр жылда жарық көрген еңбектері қойылды. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында ұстаз - болу онай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулысының ұлысы.

Қазіргі таңда ЖОО-ның студенттері арасында достық қарым-қатынас жақсы белең алуда. Соған дәлел, үстіміздегі жылдың 28-наурызы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының Студенттер Кеңесі толық құрамда ат басын бұрып, институтымыздың белсенді жастарымен кездескен болатын. Кездесу барысында ЧелМУ ҚФ белсенділері білім ордамыздың мұражайларымен, кітапханасымен, акт залы және басқа да зертхана, дәрісханалармен жақынырақ танысты.

2017 жылдың 13-25 наурызында қосымша білім беру факультеті «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде біліктілігін арттыру курстарын өткізді.  Тәжірибелік және дәрістік сабақтарды институттың оқытушылары мен мамандары Самаркин С.В., Ищанова Р.С., Шалгимбекова Ә.Б., Даулетбаева Г.Б., Ловцова Д.П., Абильмаликов К.К. өткізді.

Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі – Наурыз мерекесі астықты алқаптың төрінде де тойланды. Орталық алаңға алты қанат ақ орда киіз үйлер тігіліп, наурыз көже сапырылып, қаумалаған қауым құшақтасып, құттықтап, бір-біріне ақжарма ақ тілектерін жаудырды. Сол думанда қара шаңырақ Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты да жиналған жамағатты керемет киіз үйімен, тіл үйірер дәмімен, өресі биік өнерпаздарымен таңдандыра білді.

2017 жылдың 17 наурыз күні ҚМПИ факультеттері арасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілген болатын. Аталмыш шараның басты мақсаты салт дәстүрді сақтап, студенттер бойындағы дәстүрге, ұлттық құндылықтарға деген тәрбиені нығайту болды. Факульттертер Наурыз мейрамын үздік тойлау сайысына қатысып, барын сала білді. Сайыс шарты бойынша қатысушы факультеттер қалың бұқараға өз өнерлерін, Наурызға арналған безендірулерін, ең мықты деген дайындықтарын көрсетулері керек борлды. Институт әкімшілігі және жұмыскерлер мен студенттер кәсіподақ ұйымының өкілдері қазылық жасап, әр факультеттің өнеріне әділ бағаларын бере білді.

2017 жылы 17 наурыз күні ЖМФ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау мерекелік іс-шарасы өткізілді. Факультет студенттері ұлттық киімдерде өнер көрсетті, ән салды, би биледі. Барлық қатысушылар мен қонақтарға тамаша көңіл күй сыйланды. Бай дастархан ұлттық тағамдарға толы болды. Күлімдеген  шуақты көктеммен бірге келген Наурыз мейрамымен құттықтау тілектері айтылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар