2017 жылдың 25 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ҚХА кафедрасы, «Еуразия» Гуманитарлық зерттеулер орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы ұйымдастыруымен ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл тақырып Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында өте маңызды роль атқарады. Өйткені, басты бағыты өңірлердің тарихын зерттеуге, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіруге арналған.
2017 жылдың 21 мамыр күні тарих және өнер факультетінің оқытушылары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау және жүзеге асыру шеңберінде жатақханада тұратын студенттеріне арналған «Туған жерге туын тіккен тұлғалар» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты- студенттерді мақаланың негізгі басымды бағыттарымен таныстыру және қазақстандықтардың санасын жаңғыртуға бағытталған жобалар мен бағдарламалардың қабылдануы және жүзеге асырылуының мағыздылығын түсіндіру.
2017 жылдың 20 мамыр күні 205 ауд. «Тарих» мамандығының 3 курс студенттерінің топ кураторы, тарих магистры Абенов Д.Е. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жаңа идеологиялық платформа» атты кураторлық сағатын ұйымдастырды. Кураторлық сағат мақсаты- бағдарламалық мақаланың негізгі ережелерін, жобалары мен принциптерін түсіндіру болып табылды. Сабақ барысында студенттер латын графикасына көшу туралы бейнебаян қарап, ол мәселе жөнінде өз пікірлерін ортаға ұсынды. Студенттерге біздің қоғамымыздың дамуына бағытталған өз жобаларын жасап, оларды қорғау тапсырмасы берілген болатын.
2017 жылдың 18 мамыр күні «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Күніне арналған концерт өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранының тарихы жайлы көп маңызды да терең ақпарат алды. Себебі, Мемлекеттік рәміздеріміз- біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
«Қоғамдық сананы жаңғырту: болашаққа көзқарас» мемлекет Басшысы мақаласын өнер кафедрасында талқылау
2017 жылы 17 мамыр күні өнер кафедрасының отырысында 12 сәуір 2017 жылғы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында талқылау өтті. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясында саяси реформа мен экономикалық жаһанданудың қос жүйесіндегі өзгерісі іске қосылды. Аталған жүйе 6 жоба негізінде жүзеге асады: қазақ тілінің біртіндеп латынға көшуі, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім». Бағдарламаның біртіндеп іске асыру аясында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», бесінші жоба ерекше тоқталған. Осы бағытта, Өнер кафедрасының оқытушыларының ғылыми-зерттеу тобы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылған ғылыми жобалар бойынша жұмыс атқарылып жатыр.
2017 жылдың 15-16 мамыры аралығында Самарқан ауылшаруашылық институтында (Самарқан, Өзбекстан) ACADEMICA жобасы бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа он бес серіктес ұйымдардың (Болгария, Италия, Испания, Австрия, Қазақстан, Өзбекстан және Түркменстан)өкілдері қатысып, өздерінің жұмыстарымен таныстырып, жобаның бірінші кезеңі бойынша институционалдық және ұлттық мазмұндағы есептерін ұсынды. Аталмыш жоба аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан жоба жетекшісі, т.ғ.к., жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы Сухов Михаил Васильевич, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы п.ғ.к. Кифик Наталья Юрьевна және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы педагогика және психология магистрі Данилова Виктория Валерьевна қатысты.
11 мамыр 2017 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық жастар кітапханасында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенті Темірбекова Жібек өзінің «Волшебница акварель» атты жеке көрмелік қойылымымен таныстырды. Темирбекова Ж. «Балалар әлемді бояу. Орталық Азия» атты халықаралық балалар фестивалінің қатысушысы. Алматы қ. Облыстық конкурсы «Менің туған өлкем» (3-орын), Республикалық «Менің Қазақстаным» (3-орын) Тольятти халықаралық байқауы, 2016 жылы Новоселова Ю.Д. жас суретшілердің номиналды сыйлық ақысының облыстық конкурсында жүлдесінің иегері.
2017 жылдың мамыр айының 8 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің 3курс «Матемтаика» мамандығының студенттері мен кураторы Доспулова У.К. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар»-рухани жаңғырту жастардың болашағы жолдауы аясында «Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтың жарқын кепілі!» атты кураторлық сағат өткізілді. Топ басшысы Есімханова Амина баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында Базарбай А., Абылай Н., Ыждан М., Ертай Т., Елшібекова Б., келесі мәселелер бойынша: елбасы жолдауының негізінде латын алфавитіне көшу, мектеп үшін 100 жаңа оқулық шығару ойларын баяндады және пікір алмасу жүргізілді. Куратор Доспулова У.К. қазіргі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекетіне заманды және болашақты жақсы түсінетін мамандар қажет болып отырғанын айта отырып студенттерге үлкен міндет жүктелетінін атап өтті. Олар осы жоғары талаптарға сай болып, өз мамандығын жүректің қалауымен таңдап, еліміздің ертеңгі тірегі болатын жастар қатарын толтыруға тырысатындарын айтты.
2017 жылы 4 мамыр айында әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысының ардагерлері И. К. Терновой, И. М. Скрынский, А. И. Киселёвамен Жеңістің 72 жылдығына арналған әдеби-музыкалық композициялық кездесу кеші өткізілді. Олардың құрметіне «Музыкалық білім беру» мамандығының 4 курс студенттері, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері соғыс туралы өлең оқып, ән шырқады. Жеңіс күніне кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында Ардагерлерге гүл шоғымен, сыйлықтар сыйлады.
1-мамыр – достық мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні. Жүздері әр-түрлі болса да, жүректері бір, ортақ Отанымыздың барлық азамат-азаматшалары қуанышқа бөленіп, жылулыққа толы мерейлі шақ. Бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде салтанатты түрде аталып өтілетіндігі баршамызға аян. Астықты алқаптың төрінде де аталмыш мейрам қараусыз қалған жоқ. Орталыққа алаңға Қазақстан Халқы ассамблеясының бастауымен, Қостанай жеріндегі барлық ұлт өкілдері керемет көрме ұйымдастырды. Қала тұрғындарын өздерінің ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрлерімен, өнерімен таныстырды. Сонымен қатар, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыс әкімі Архимед Бегежанұлы жиналған барша қауымды мерекемен құттықтап, еліміздің көркеюіне халықтар достастығының тигізер үлесі жайлы сөз қозғап кетті.