2017 жылдың 6 сәуірінде ҚМПИ-да педагогика кафедрасы ұйындастырған дәстүрге айналған студенттердің ғылыми-ізденіс конференциясы болып өтті. Конференция мақсаты: студентердің ғылыми-ізденістегі жұмыстарының қорытындысы болып табылды. Конференция жұмысы қазақ тілінде және орыс тілдерінде өтті. Студентердің ғылыми-ізденіс жұмысында 23 баяндама баяндалып, 1-3 курс студенттері қатысты және 4 курс студенттері дипломдық жұмыстары бойынша баяндама жасады.
05.04.2017 жылы психология және дефектология кафедра меңгерушісі Лиходедова Л.Н., аға оқытушы, магистр Алипбаева Г.А., аға оқытушы, магистр Казакова О.В., аға оқытушы, магистр Кожанова Д.К., сонымен бірге, «Дефектология» мамандығының студенттері «Сөйлеудің бұзылуын коррекциялаудағы логопедиялық массаж» атты Республикалық онлайн – семинарға қатысты, ЖОО: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен, М. Козыбаев атындағы Солтүстік - Қазақстан мемлекеттік университетімен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе өткізілді.
5 сәуір 2017 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагоггика кафедрасының жетекшілігімен «Мектептегі инновациялық үрдістер бағытында педагогтардың кәсіби дамуының проблемалары мен перспективалары» атты on-line семинар өткізілді. Бұл семинарды Қостанай облысының білім беруді Басқару, «Педагогикалық шеберлік орталық» филиалымен бірігіп өткіздік. Оn-lineсеминарда көптеген өзекті мәселелер қарастырылды. Соның ішінде педагогты әдістемелік жағынан қолдау жұмысын жаңғырту, білім беру мекемелердегі дамытушылық ортаны қалыптастыру, зерттеушілік практиканың мұғалімдердің кәсіби білілктілігін жетілдірудегі орны, курстан кейін инновациялық қызметтерді дамыту жолдары, қолдау көрсету сияқты тақырыптары бойынша қызықты ақапараттармен алмасу болды.
Аталмыш жылдың үздік спорттық іс-шарасы Алаутау бөктері, Алматы қаласында өткен Халықаралық 28-Қысқы Универсиада болып табылатыны ешкімді күмәндандырмасы анық. Әлемнің 54 елінің 578 жоғарғы оқу орнынан 1613 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының белсенді спортшылары да төбе көрсетіп, «шорт-трек» қашықтыққа жүгіру түрінен жүлделі орындарға да ие болды. 2017 жылдың 4 сәуірі күні 28-Қысқы Универсиаданың қола жүлдегерлері, Қостанай мемлекеттік педагигкалық институтының дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Тихонова Ольга және Крестова Анастасиямен кездесу өтті.
ҚМПИ студенттері қай кезде болмасын әрдайым белсенділік танытып, тек қана институт қабырғасында емес, сондай-ақ, облыстық, қалалық іс-шараларда төбе көрсетіп жүргені баршаға аян болар. Оқу мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген студенттер басқа жерлерде институт имиджін көтеріп, тек оң бағаға ие болып жүр. 2017 жылдың 3 сәуір күні ҚМПИ белсенділері: Қостанай қаласы студенттер Альясының жетекшісі, психология және педагогика факультетінің студенті Асылгүл Бексұлтанова, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Гаазе Александр мен Валерия Григорьева облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында қонақта болып қайтты.
2017 жылдың 3 сәуір күні № 211 компьютерлік – әдістемелік кабинетте педагогика кафедрасының мұғалімдерінің ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды.Көрменің мақсаты: өздігінен білім алу үдерісінде оқырман студенттерге көмек беру, педагогика ғылымына қызығушылықтарын ояту. Экспозиция құрамына соңғы жылдары жарияланған оқытушылардың шығармалар кірді. Қойылымдық стендта көптеген жұмыстар көрсетілді. Осы көрмеге институттың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, студенттер, оқытушылар қатысып, жаңа әдебиеттерге назар аударды.
Студенттер әзілдесіп, қалжындасуды жақсы көреді, сондықтан оларға әзілдесі қиындық тудырмайды. Әсіресе, айналасындағылар көңіл көтеріп, әзілдескенде және күлгенде. 2017 жылдың 3 сәуір күні ҚМПИ жатаханасының акт залында «1 сәуір күні – Күлкі күні» кураторлық сағаты өтті. Әрине, мұндай іс-шараға жақсы көңіл-күймен келен дұрыс. «5В010900 Математика» мамандығының 1 курс студенттері Күлкі күнін жақсы өткізді. Тақырыпқа байланысты балалар ойын ойнады, конкурстарға қатысты және сурет салды. Сонымен, «5В010900 Математика» мамандығының 1 курс студенттерінің ішінен көптеген талантты әртістерді байқадақ. Әрқашанда күліп жүріңіздер, көтеріңкі көңіл денсаулыққа пайдалы«1 сәуір күні – Күлкі күні» кураторлық сағаты барлығына ұнады деп ойламын. Барылықтарыңызға көтеріңкі көңіл мен табыс тілеймін!
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты дарынды жастарға жол ашып, демеу болып, қолдау көрсетіп жүрген қара шаңырақ екені баршаға мәлім. Әуелей шырқаған әншілер, мың бұралған бишілер, қаламынан жыр саусаған ақиық ақындар, он саусағынан өнер тамған домбырашы-жыршылар және т.б. өнер жолындағы жастар ҚМПИ ордасынан сусындап, биікке қанат сермеген болатын. Талайды таңдай қақтырған әзілкеш, көтеріңкі көңіл-күйдің жаршылары КВН жастарымен де ҚМПИ арқасын кеңге жайып, мақтана алады. Оған себеп те жетеді.
«Студенттер арасында тәуекелшілмінездің алдын алу мәселесі бойынша мектептерде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары» атты онлайн семинар ҚМПИ-ның конференц-залында 31.03.2017 жылы Мемлекеттік, «Қостанай облысы білім беру басқармасының» бірлесе отырып Психология және дефектология ҚМПИ департаменті өткізді. Ол сондай-ақ он-лайн тағы 32 маман Қостанай облысына қосылған. Олардың арасында психологтар, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, білім беру психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Сондай-ақ,ҚМПИ-ға «Психология», «Педагогика және психология» бағыты оқитын шақырылды.
ОФ «Қостанай меценаттар Клубы» Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы «Қазына» және «Шабыт» премиясы бойынша конкурс жариялады. «Білім беру» номинациясы бойынша ҚМПИ педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті, білім берудің құрметті қызметкері Өтегенова Бибикуль Мазанқызы жеңіп алды.