2017 жылдың наурыз айының 16-сы, сағат 16. 00-де студенттер үйінде Жатахана студенттері үшін «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке Психология және педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызы, педагогика кафедрасының меңгерушісі Өтегенова Бибігул Мазанқызы және кафедра оқытушылары қатысты. Кешті Психология және педагогика факультетінің деканы Айдналиева Назгүл Аманжолқызы құттықтау сөзден бастады. Көрермендерге ән-күймен бірге НАУРЫЗ КӨЖЕ, БАУЫРСАҚ, ЖЕНТ үлестірілді және ШАШУ шашылды.
2017 жылдың 16 наурызында Л.Н.Толстойдың «Анна Каренина» шығармасынан «Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды, әр бақытсыз отбасы өзінше бақытсыз» эпиграфын медиация және халық дипломатиясы Мектебінің «Отбасылық қарым-қатынастағы медиация» тақырыбы бойынша кезекті сабағында студенттер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары бүгін еске түсірді. Отырыста студенттер отбасы мен неке ұғымдарын, отбасының негізгі функцияларын, отбасылық келіспеушіліктердегі тараптарды, ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктердің себептерін және болашақ ерлі-зайыптылардың отбасылық қарым-қатынастарындағы сындарлы өзара іс-қимылдарға дайындығын қарастырды.
Биыл Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Осыған орай Қостанай облыстық мұражайының әкімшілігінің ұйымдастырумен 14 наурыз күні «Алаш туы астында» тақырыбымен мұражайда ашық лекциясы өтті. Аталмыш іс-шараға арнайы шақырылған Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов «Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық саяси-қызметі» тарқырыбына лекция оқыды.
Ұлы даланың ұлттық мәдениетін өрлетіп, оқушы жастар бойында рухани байлықты арттыру, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ҚМПИ әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен №1 Затобол орта мектебінің қабырғасында ұлттық ойын «Асық атудан» ҚМПИ ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлының кубогы сарапқа салынды. Тартысты өткен ойынға Қостанай ауданының мектептері белсенді ат салысты. Атап айтар болсақ, Мичурин орта мектебі, №1 Затобол орта мектебі және Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы. Сайысқа қатысқан оқушылар жарыс басталмас бұрын, ұлттық мұра – ұлттық ойындарымыз жайлы арнайы ақпараттарға қанық болып, ұлттық ойындар жайлы өз ойларымен, өз пікірлерімен бөлісті. Қыздар мен ер-жігіттер болып бөлек сайысқа түскен оқушылар ҚМПИ ректорының кубогын қанжығаларына байлау үшін, алдарына жан салмады.
«Өнерлінің өрісі кең» демекші, біздің оқу орнының талантты ұстаздары мен дарынды шәкірттерінің өнері тек қана институт қабырғасында емес, сондай-ақ, облыс, Республика, тіпті Халықаралық көлемде талайдың таңдайын қақтырып жүргені хақ. Сөзіміздің дәлелі ретінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ақпан айының 20 жұлдызы мен наурыздың 5-і аралығында Жітіқара ауданының мәдинет үйінде өткен көрме жайлы айта кеткеніміз жөн болар.
2017 жылдың 6-13 наурыз аралығында Астана қаласында психология-педагогика факультетінің деканы Айдналиева Н.А. оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссия мүшесі ретінде қатысты. Бұл жұмысқа «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық жүргізген ғылыми-педагогикалық сараптамасының жұмыс нәтижесі қабылданды (сондай-ақ бұл жұмысқа жоғары санатты педагогтар, әдіскерлер мен ғалымдар тартылды).
2017 жылдың 9-10 наурызында Қарасу ауданы білім бөлімінің ақпараттық қолдауымен қосымша білім беру факультеті «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша оқу семинарын өткізді. Семинар жұмысы «Қарасу әкімдігі білім бөлімінің Қарасу орта мектебі» ММ өтті. Тәжірибелік және дәрістік сабақтарды институттың оқытушылары мен мамандары Самаркин С.В., Ищанова Р.С., Шалгимбекова Ә.Б., Даулетбаева Г.Б., Абильмаликов К.К. өткізді.
2017 жылдың 10 наурызында сағат 15:00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында облыс әкімі Мухамбетов А.Б. және аудан, қала әкімдері және олардың орынбасарларының, білім бөлімдері басшыларының, мемлекеттік органдар басшыларының, ЖОО ректорларының, педагогикалық әлеуметтің қатысуымен білім басқармасының алқалығы өткізілді. Алқалық отырысқа 450 астам адам қатысты. Алқалық отырысының жұмысы Казақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында білім беру сапасын дамытуға арналған мәселелерге арналды, білім саласы халықтың экономикалық әл-ауқатын арттырудың жаңа моделі ретінде танылды.
2017 ж. 10 ақпан күні жаратылыстану-математика факультетінде ректордың кеңесшісі т.ғ.к. Бекмагамбетов Р.К. қатысуымен «Лаңкестікпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы» семинар өткізілді. Жастармен кездесу барысында оларға ҚР лаңкестікпен күрес халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, заңдылықты сақтау, лаңкестік әрекет жасалғаны үшін жауапқа тартылу сияқты маңызды басымдылықтарда негізделетіні түсіндірілді.
2017 жылдың 9 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облысының Мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірге облыс прокуратурасы мен әкімдікі бекіткен «Аймақтың экологиялық мәселелерін шешу бойынша», «Қауіпсіз қалдықтар – біздің ортақ міндетіміз» және «Жануарлар әлемінің нысандарын қорғау бойынша» жобаларын жүзеге асыру мақсатымен «Табиғатқа ұқыпты қарау — бүгінгі және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен амандығының кепілі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Іс-шараға ЖМФ тәлімгерлері мен оқытушылары қатысты.