2017 жылы 24 сәуір айында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аптасы» әмбебап оқырман залында «Ақпарат күні» өтті. Кафедраның аға оқытушысы Мукалиева Б. Х. және Разумова Л. П. «Шығармашылық – диалог жолы» тақырыбында қолданбалы өнер және оқу-әдістемелік материалдардан студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі қойылды. Библиографтар студенттер мен оқытушыларды мамандығы бойынша жаңа әдебиеттермен таныстырды.
2017 жылдың 21 - 23 сәуір аралығында Уфа қаласында "Мәдениет, Өнер, Шабыт" атты халықаралық байқауы өтті. Өнер кафедрасының аға оқытушы Сапиев Әнұар Сартайұлы «Бейнелеу өнері» - «Кәсіби» номинациясында Лауреат атағын (I орын), Жакаева Күнсулу Әнұарбекқызы мен "Музыкалық білім" мамандығының 2 курс студентті Бозанова Жансұлу Лауреат атағын (I орын) иеленулерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.
2017 жылы 21 сәуір айында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұйымдастырған, «Библионочь» іс-шара барысында өткен «Не?Қайда?Қашан?» интеллектуалды ойынында 2-нші орынға ие болған оқырман ақпараттық-танымдық клубының «Горизонт» тобын құттықтаймыз. Команда эрудиция, байсалдылық, тапқырлық үшін қалалық сарапшылар клубының тренингіне шақырылды!
2017 жылдың 17-21 сәуір аралығында Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының апталығы өтті. Кафедра апталығы шеңберінде келесі ашық сабақтар өткізілді:
Антаев Жеңіс Темірұлы 2017 жылдың 18 сәуірінде «Экономика негіздері» пәнінен аталған топтарда «Құқық және экономика негіздері», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Тарих», «Қазақ тілі және әдебиеті -21, 22» «Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы өз сабағында студенттердің танымдық қызметін белсендендіріп, жағдаятты тапсырмалар орындау арқылы олардың логикалық қабілетін дамытты. Оқытушы бекіту барысында деңгейлік дифференциалды тапсырмаларды қолданды. Тақырып бойынша «Қауіпсіздік пен экономикалық мәселелер», «Бағаны мемлекеттік реттеу» бейнетаспаларын студенттерге көрсетті.
2017 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ Достық үйінде медиация және халық дипломатиясы Мектебінің кезекті сабағы өтті. Қонақтарды медиация кабинетінің кәсіби медиаторлары – заңгер Ольга Кравченко және психолог Марина Навоева қарсы алды. Сабақ мақсаты: көбінесе еңбек қарым-қатынасының ажырамас бөлігі болатын еңбек дауларында медиацияны өткізу ерекшелігін белгілеу. Іс-шараға институт студенттері - медиация және халық дипломатиясы Мектебінің тындаушылары, сонымен қатар келесі оқытушылар: қосымша білім беру факультетінің деканы, т.ғ.к., Самаркин С.В., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Евдокимова О.Н., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева М.М. қатысты.
2017 жылдың 20 сәуірі, сағат 14:30 -да, 218-аудиторияда тарих және өнер факультетінің қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының аясында "Алашорда" қозғалысының 100 жылдығы мерейтойына арналған "Алаш тағылымы" атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді қоғамдық пәндер құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдардың магистрі Төлеу Паниязұлы ұйымдастырды. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты - республика көлемінде "Алашорда" қозғалысының 100 жылдығына байланысты өтіп жатқан шараларға үн қосу және жастарды тарихи тағылымға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып мемлекетшілікті әспеттеу болып табылды.
2017 жылы 19 сәуір айында электронды қамтамасыз етілген оқырман залында «Жариялануға арналған журналдарды таңдау: импакт-факторы бар журналды қалай табуға болады және ықылассыз басылымдарды болдырмау» тақырыбына байланысты институттың профессорлық-оқытушылар құрамы үшін Clarivate Analytics компаниясының өкілі, ақпараттық ресурстар мен білім беру бағдарламаларының эксперті Муканова Лязиза Адильевна өткізді. Оқытушылар лектордың ақпаратты өте кәсіби, қол жетімді жеткізді, барлық ақпарат ғылыми қызметте пайдаланатын болатынын атап өтті.
«...Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын жырлағандай, қазіргі таңдағы қанатты жастар биікке самғап, талай шыңды бағындыруда. Осы тұста Елбасының сүбелі саясатының арқасында жастарға кеңінен қолдау көрсетілуде. Ал, арқасын кенге жайған арыстандай айбатты жастар алдағы уақытта елі үшін аянбай тер төгуге дайын ба?! Қазір жастарды қандай мәселелер мазалайды?! Осы және тағы басқа да салаударға жауап алу мақсатында ҚМПИ қабырғасында Қостанай облысы әкімдігінің жастар мәселесі бойынша басқарма бастығы Кенеш Ғалибекұлы Әлімжановпен кездесу өтті. 2017 жылдың, 19 сәуірі күні, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында өткен кездесуге психология және педагогика факультетінің студенттері қатысты.
2017 жылдың 18 сәуірінде үгіт – насихат жұмыс мақсатта Федоров ауданының 10-11 сынып оқушылары үшін "Менің мамандығым – менің болашағым" атты мектеп аудандық форумы өтті. Ауқымды іс-шараның қатысушылары – Қостанай облысы мен қаласының 6 жоғары оқу орындары, соның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері. Форумда жұмыспен қамту және білім беру бағдарламаларының маркетингі бөлімінің маманы институт оқытушыларымен бірге факультеттер мен жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы айтып өтті, презентация, бейнеролик көрсетіп, баспа өнімін ұсынды. Мектеп оқушылары ҚМПИ студенттерінің қызықты өмір, ғылыми-зерттеу, еңбек қызметтерімен танысты.
17 сәуірде 2017 жылы Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы Бухметова А. А. Философия пәнінен «Қоғам философиялық талдаудың объектісі ретінде» тақырыбы бойынша 2 курс студенттеріне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дәрістік ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында студенттерге қоғам тақырыбына байланысты жалпы түсініктемелері беріліп, Аристотельдің, Платонның, Гегельдің, Маркстің қоғам мәселесіне арналған көзқарастары туралы айтылды. Қарастырылған тақырыпта қоғамның табиғатпен, адаммен, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар туралы айтылды.