2017 жылдың 14 сәурінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым мен білім-2017» атты ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, болашақ әріптестер арасында байланыстарды қалыптастыру. Конференцияға ғылыми жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент З.С. Ерсултановамен бірге жаратылыстану-математика факультетінің 5В011100-Информатика мамандығының студенттері Сәбит Зере (1 курс), Смаилова Эльвира (3 курс), Бекқұлы Маржан (4 курс) қатысты. Олар секция мәжілісінде «Информатика студенттерінің ақпараттық жүйесі сайты», «Амалдарды зерттеу пәнінен электронды оқулық құру» атты баяндама оқыды.
2017 жылдың 10-14 аралығында сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің тарапынан институтымыздың лицензиялық талаптарының университет деңгейіне лайықтығын анықтау мақсатында тексеріс өткізілді. Комиссия ҚР БжҒМ, білім саласын бақылау департаментінің өкілдерінен, озық университтердің декандары, кафедра меңгерушілері, профессор, доценттерінен құрылды. Тексеріс барысында комиссия мүшелері институт құжаттамаларын, студенттер тізімін, профессорлық-оқытушылық құрамның жеке істерін қарастырды.
2017 жылдың 14 сәуірінде ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультетінде Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы ұйымдастырған «Заманауи білім беруді жаңарту» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция мақсаты: студентердің ғылыми-ізденістегі жұмыстарының қорытындысы болып табылды. Конференция жұмысы қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Бұл конференцияға 1-3 курс студенттері қатысты және 4 курс студенттері дипломдық жұмыстары бойынша баяндама жасады. Заманауи білім беру мәселері бойынша секцияларда студенттер мен оқытушылар белсенді қатысып өзекті мәселелерді көтеріп отырды.
2017 жылдың 13 сәуірінде Қостанай облысының медиаторлар Ассоцияациясында (әрі қарай ҚМА) Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының медиация және халық дипломатиясы Мектебінің көшпелі сабағы өтті. Сабақ мақсаты: кәсіби медиаторларды дайындауда ҚМА тәжірибесін зерттеу, медиация жайлы, медиация және медиативтік процессінің құжаттамалары саласындағы заңнамалық-құқықтық база жайлы теориялық білімін бекіту. Қонақтарды ҚМА қызметкерлері қарсы алды: ҚМА президенті, медиатор Богатырев Сергей Алексеевич, психолог, жаттықтырушы-медиатор Зуев Игорь Александрович, тәжірибелі заңгер Соболев Вадим Николаевич. Іс-шараға медиация Мектебінің тындаушылар-студенттерлері, сонымен қатар институт оқытушылары: С.В. Самаркин – т.ғ.к., қосымша білім беру факультетінің деканы, О.Н. Евдокимова – п.ғ.к., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, М.М. Козыбаева – PhD докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ медиаторлары - Ольга Кравченко және Марина Навоева.
ҚМПИ «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 4 курс студенті Козлова Оксана аға оқытушы, куратор Ордашева М.Ж. жетекшілігі бойынша студеттер уйінде сәндік -қолданбалы өнер бойынша «Ғарыш әлімі» атты мастер класс өткізді. Көрермендердің назарында 2 композициясы орындалды. ҚМПИ студенттері аэрозолмен орындалған бояу студенттерге үлкен қызығушылық тудырды.
2017 жылдың 11 сәуірі күні Қазақстан Қостанай телерадиокомпаниясында жас эстрада әртісі, актер Нурболат Абдуллинмен пресс-конференция болды. Пресс-конференциға «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі», «Дефектология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандықтарының 2-курс студенттері қатысты.
2017 жылдың 11 сәуір күні тарих және өнер факультетінің 1-4 курс студенттерінің арасында мини-футболдан жарыс өткізілді. Жарыс мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс мини-футболдың жеңілдетілген ережелері бойынша өткізілді: 2 тайм 15 минуттан. Жеңіс үшін командаға 3 ұпай берілсе, тең ойын үшін 1 ұпай, жеңіліс үшін 0 ұпай берілді. Ойынға факультеттің курстар бойынша жинақталған құрамалары жіберілді. Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды 1 курс студенттерінің құрамасы «Коста Сити», 2 орынды 3 курс студенттерінің құрамасы «Лестер», 3 орынды 1 курс студенттерінің 2-ші құрамасы «Тарихшылар» иеленді. Ең үздік қақпашы Накыпов Бекзат болып танылса, ең үздік ойыншылар болып Жиенкулов Александр мен Шыныбеков Ерлан танылды.
«Педагогика» кафедрасы апталығында көптеген іс-шаралармен қатар, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызының ұйымдастыруымен, институтымыздың «Жас сахна» студенттер театры өз өнерін көрермен назарына ұсынды. «Жас сахна» студенттер театры ақын, драматург, біршама поэзиялық, прозалық кітаптардың авторы Ақылбек Шаяхметовтың «Ыбырайдың өсиеті» драмасын сахналады. Спектакльде ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің қазақ мектебін ашудағы қисынды тарихи өмірі мен қазақ баласының көзін ашу мақсатындағы іс-әрекеті сомдалып, көрерменнің рухын көтеріп, білімге деген сүйіспеншілікке үндеді.
07.04.2017 педагогика кафедрасының апталығында «дөнгелек үстел» өтті. Қатысуға шақырылды № 2 мектеп-лицейінің директоры Дандыбаева Гулфия Төлегенқызы, № 5 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры Исетова Багытжан Кабдилкапаровна, сондай ақ ҚМПИ қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович, ҚМПИ Оқу үрдісін жоспарлау және инновациялық даму бөлімінің мамандары Бекентаева Айман Кожаковна, Ищанова Раиса Садыкпаевна, психология – педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері.
2017 жылдың 6 сәуірі күні ҚМПИ студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық жайлы толық ақпарат берді. Пара беру мен пара алу арасындағы айырмашылық, кесілетін жаза мен жауапкершіліктер заң жүзінде қалай жүзеге асатыны жайлы ашып айтты. Жемқорлықтың түрлеріне де тоқталып, қандай жағдайлардан жырақ жүру керек екендігін студенттердің санасына сіңдіре білді. Сонымен қатар, «мемлекеттік қызметкер атану үшін не істеу керек?» деген сұрақты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Департамент басшысының орынбасары Асхат Батыржанұлы «Біздің үкіметке сіздер секілді мамандар керек. Себебі, сіздер болашақ ұрпаққа білім мен ілім жолын ашасыздар. Сондықтан, сіздерге артылатын жауапкершілік екі есе. Келекшекте көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – сіздердің қолдарыңызда.»,- дей отыра, аталмыш кездесудің неліктен ҚМПИ студенттерімен өтіп отырғандығының басты мақсатын айқындай кетті.