2017 жылдың 28 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Үштілділік білім беру: мәселелері және даму перспективасы» тақырыбы бойынша облыстық семинары өтті. Семинар мақсаты: Қостанай облысындағы үштілділік білім берудің даму перспективасын талқылау және мәселелердің практикалық шешімін тандау, тәжірибемен аумасу және ғылыми, іскерлік байланыстар орнату. Ұйымдастырушылар: ҚМПИ көптілділік орталығы және оқу-әдістемелік басқармасы, модератор - Кифик Наталья Юрьевна, ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
2017 жылдың сәуір айының 24-28 аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының әдістемелік апталығы өтті. Көрмеде студенттердің сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан жасаған жұмыстары қойылды. Бұл көрме эстетикалық тәрбиеде айнала қоршаған ортадан әдемілікті көре білуге, еленбейтін заттан сұлулықты көруге баулиды. Жалпы,қорытындылай келгенде студенттерді, бейнелеу өнері арқылы шығармашылық көркем мәдениеттің мұрагері етіп тәрбиелеу. Суретші көзімен қарайтын көрермен тәрбиелеу. Нағыз суретші, ақын болу жүздің бірі, мыңның бірі. Ал, көрермен әрқайсымыз болуымыз мүмкін. Жай көру бар,көркем көру бар. Өнерді түсіне білетін,өнерді бағалай,саралай білетін Суретші - Көрермен тәрбиелеу.
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының аға оқытушысы Жусупова Д.Ж. 28 сәуір 2017 жылы и (10.30) «Сызудың оқыту әдістемесі» пәні бойынша 3 курс лабораториялық сабақ бойынша ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: Сабақтың мысалында жобалық қызметінің әдістері «Қобыз графикалық бейнесі -музыкалық аспапта мәжіліс сурет болып табылады». Сабақ барысында мұғалім жоба негізіндегі оқыту әдісі қолданылады: Тұтынушыларды командасы жұмыс барысында 20 минут студенттер графика сызбасын орындау болды, содан кейін қобыз сызбасын дайындау міндетін шығарылды.
28 сәуір 2017 жылы ҚМПИ студенттер Үйінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенттері және Антаев Жеңіс Темірұлы куратор жетекшілігімен «EXPO-2017» интеллектуалдық казино ойынын өткізді. Жүргізушілері: Талас Динара, Гаппар Айзере. Интеллектуалды казино ойынына «Тарих», «Музыкалық білім», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Қонақтар және әділқазылар алқасы ретінде Тарих және өнер факультеті деканының орынбасары Нурпеисова Э.Т., «Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері» кафедрасының аға оқытушылары: кафедра меңгерушісі Ярочкина Е.В., Жумабаева Ж.Н., «Қазақстан тарихы» кафедрасынан аға оқытушы Елкей Нұрлыбек қатысты.
2016 жылдың 27 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге төрт қалалық және 14 аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері, Ақмола облысы Жақсы ауданының өкілдері қатысты. Жәрмеңке бағдарламасы бойынша алғы сөз институттың оқу-әдістемелік басқармасының бастығы Кифик Наталья Юрьевнаға берілді. Жәрмеңке барысында Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының персоналды басқару қызметінің әдіскері Есмагамбетова Гульбану Ермековна сөз сөйледі. Институттың жұмыспен қамту және білім бағдарламаларының мониторингі бөлімінің бастығы Нурушева Алия Балгабаевна студенттер мен жұмыс берушілерді ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы № 390 «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары» Қаулысына 13.05.2016 ж. енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
«Жаңбыр жауса жерге сый, Жігіт туса елге сый» деп көреген қазағым қалып айтпағаны анық. Басына не келіп, не кетпеген ер-жігіттер әрқашан да, елдің қорғаны, шаңырақтың иесі, ағайынның арқасүйері болған. Қандай қайғы келсе де қасқайып қарсы тұрып, ар-намысын аяққа таптатпай, дегеніне жеткенінше тынбай талаптанған. Шалыс басса, шыңыраудан шыға білген де – жігіттер. «Ел мақтаған жігітті, қыз жақтаған» деген сөз де ер-жігіттің батырлығына, батылдығына, көркіне, сымбатына, өнеріне қарап айтылған секілді. Өнерімен баурап, жалынымен өртеп, батырлығымен талай аруды тәнті еткен ер-жігіттер 2017 жылдың, сәуір айының 27 жұлдызы күні, ҚМПИ акт залында «Жігіт сұлтаны» үздіктер байқауында бақ сынасқан болатын. Әр факультеттен қатысқан арыстандай арлан жігіттер байқау барысында барын салғаны сахнада көрініп-ақ тұрды. Біреуі, өнерімен тәнті етсе, екіншісі, күш сынасу тұрғысында басымдау болды. Енді бірі, керемет шоумен таңғалдырса, бірі, күтпеген тосын жайттармен жиналған жұртшылықты баурап ала білді.
2017 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева Махаббат Маликовна облыстық тарихи- өлкетану мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараға қатысты. Козыбаева М.М. баяндамасы қоғамдық сананы жаңғыртудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне арналған. Ол дәл осы уақытта Астана қаласының бейбітшілік және келісім сарайында «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғыртудың негізі» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатқанын айтып өтті. Дәл бүгін экономикалық жаңғыртудың бірнеше кезеңдерінен кейін бірінші орынға XXІ ғ. қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі шықты.
Студенттердің болашақ маман ретінде қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасу, сонымен қатар студенттердің кәсіби шеберліктерін көтеру, шығармашылық әлеуеттерін дамыту және оқыту үрдісін ұйымдастырудағы әдістемелік біліктіліктерін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 26 сәуірінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы апталығының бағдарламасы негізінде «Менің әдістемелік сандықшам» атты әдістемелік идеялар жәрмеңкесі өткізілді. Оған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты. Бұл іс-шараны кафедраның аға оқытушылары, әдіскерлер Кушмурзина Д.Х., Хасенова Ж.О. ұйымдастырып өткізді.
2017 жылдың 26 сәуір күні тарих және өнер факультетінде студенттік ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға факультеттің «Құқық және экономика негіздері», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына көптеп тарту және ғылыми ақпарат алмасудың деңгейін жоғарлату болып табылады.
2017 жылы 25 сәуір айында ІІІ Халықаралық ғылыми конференцияны ақпараттық қолдауы ретінде ақпараттық-кітапхана орталығы кітап көрмесін ұйымдастырды.