2017 жылдың 28 қыркүйек күні «Русский язык и летература» мамандығының студенттері белгілі Қазақстандық жазушы, И.Щеголихиннің шығармашылығына байланысты өткен оқырман конференциясына қатысты. Талқылауға «Творчество русскоязычных писателей Казахстана в контексте современного литературного процесса» проблемалық тобының мүшелері белсенділік танытты. Студенттер кездесу барысында автордың «Не желаю, не зову, не плачу» кітабымен танысты, Қостанайлық автрдың шығармашылығына пікірлер айтылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласын іске асыру іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 2017 жылдың 28 қыркүйегінде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА» атты студенттердің аймақтық конференциясы өтті. Конференцияға қатысу үшін қарастырылатын мәселелер бойынша қызығушылық білдіретін Қостанай қаласы, Қостанай облысының жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.
27 қыркүйек 2017 жылы облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына «Ақ орамал» атты бағдарламаға ППФ психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Молдахметова Г.М. және «Педагогика-психология» және «Дефектология» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Бағдарлама барысында Молдахметова Г.М. психолог-маман ретінде отбасы психологиясы мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттер 12 баланың анасы және облыстық мерейлі отбасы сайысының жүлдегері атанған аналардың тағылымы мол өмірімен танысып, көптеген пайдалы ақыл-кеңес алды.
2017 жылы 27 қыркүйек айында әмбебап оқырман залында Алаш партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеде «Алаш» қозғалысының тарихы, сондай-ақ Алаш қозғалысының көшбасшылары және олардың жастарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлі туралы материалдар берілген. Көрменің электронды нұсқасы «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында ұсынылды.
27 қыркүйекте 1-4 курс «Кәсіптік оқыту» мамандығы арасында жарысымызды «Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек» - сөзімен ұран етуді жөн көрдік Рухани жаңғыру аясында өткізілген іс-шараға топ кураторлары; Абдимоминова Д.К., Жигитов А.Б., ұйтқы болды. Іс шараның басты мақсаты; тілдің құзреттілігі мен мәртебесін көтеру.
2017 жылы 26 қыркүйек айында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 50 жылдығына орай салтанатты іс-шараларға арналған факультеттің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме факультеттің ашылу тарихы,оқытушылар және студенттердің спорттық жетістіктері туралы мақалалармен толықтырылды. Көрмеге 1977 жылғы факультеттің түлегі, зейнеткерлікке шыққан подполковник, жазушы Александр Каратаевтың еңбектері қойылды.
Қыркүйектің 26- сында ҚМПИ «ДШСжТ» факультетінің 50 жылдық мерейтойын тойлады. Тура 50 жыл бұрын, 1967 жылы «Дене шынықтыру» мамандығына студенттерді қабылдау өткізілді. Институттың АКТ залында 200-ге жуық түлектер болды, олар 70-80-90-2000 ж. түлектері. Өткізілген іс –шараның белсене қатысушылары 1971 жылғы түлектер болды. Түлектер студенттер алдында сөз сөйлеп, «білім кілтін» жастарға берді. Мерекелі іс-шараға педагогикалық еңбек ардагері, дене шынықтыру және спорт факультетінің жаттықтырушылары, спорт және туризімнің алдында ұзақ уақыт тұрған мұғалімдер шақырылды.
2017 жылдың 25 қыркүйегінде педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Д.Х. және факультеттің 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттеріне Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат өткізді. Онда, мақала бойынша «Бәсекелік қабілет», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» деп берілген тарауларына баса мән беріліп, жан-жақты талқыланды.
Ақпараттық кітапхана орталығында «Бірінші курс студенттерінің күні» жалғасуда. Ақпараттық іс-шара барысында: электронды презентация, қызмет көрсету бөлімдерімен, жұмыс тәртібімен, ақпараттық ресурстар мен жабдықты пайдалану ережелерімен танысады. Студенттер білім алуға көмектесетін қажетті ақпаратты алады.
Филолгия факультетінде 25 қыркүйек күні сағат 15:00 де «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Тілдерді дамыту орталығынан арнайы өкіл келіп қатысты. Факультет оқытушылары мен студенттері өздерінің латын әліпбиіне көшу турасындағы өз мақалаларымен бөлісті. Латын әліпбиіне көшу еліміздің білім жүйесіне қаншалықты оң әсерін тигізетіндегі және басқа да ерекшеліктері туралы сөз қозғалды, студенттер өздерін ойландырған сұрақтарды ортаға салып талқылады. Жиынның алғы сөзін филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы сөйледі.