2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде үшінші сабағы өтті, мұнда Смаглий Татьяна Ивановна шиеленістер формулалары, қақтығыстар, қақтығыстар жағдайлары, шиеленістер жағдайындағы мінез-құлық ережелері және қақтығыс жағдайларындағы типтік бұрмалаулар туралы әңгімелеп берді. Тренинг барысында тыңдаушылар «Автобуста», «Асханада», «Дүкенде», «Сабаққа кешігу»- 4 көріністі ойнап берді, содан кейін бәрі бірге талдады.
Көптілділік деген – объективті мәдени және экономикалық қажеттілік. Әлемдік қауымдастыққа кіріп жатқан біздің елімізде тілдерді үйреніп таратуға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда тілдерді оқыту – білім беру жаңартудағы басым бағыты болып танылып отыр. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп айтылған. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңғырту қажеттіліктеріне сәйкес келетін заманауи білім беру жүйесі қажет.Тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру - біздің басты мақсатымыз. Көптілділік – болашаққа бағдарланған жол».
2017 жылдың 25 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Студенттер үйінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында студенттердің қатынасуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынды Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары Елкей Н.Н., Тастекова Г.Б. ұйымдастырып, институттың Жобалау орталығының бастығы, т.ғ.к., доцент Г.З. Балғабаева, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және студенттер қатынасты. Жиын барысында Г.З. Балғабаева, Ө.И. Исенов Бағдарламаның іске асырылуы және жастар арасында зор қолдауға ие болғандығы жөнінде өз пікірлерін білдірді.
2017 жылғы 25 қазанда ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бірден екі жаңа бөлімшенің таныстыру рәсімі өткізілді: «Химиялық тәжірибені автоматтандыру және компьютерлендіру» тәжірибелік алаңы және «Химияны оқыту әдістемесінің мәселелерін зерттеу орталығы». Аталған мини-конференция отырысына «Химия» мамандығының 1-4 курс шәкірттері және оқытушылары қатысты. Бөлімшелердің негізгі мақсаттары кафедраның ғылыми-зерттеу әрекетінің педагогикалық және ғылыми бағыттарын дамыту және жалпы СҒЗЖ қарқындату болып табылады.
Осы оқу жылынан бастап дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде «Еріктілер қанаты» ашылады. Осы жобаның шеңберінде, 2017 жылдың 25 қазанында «ДШжС» мамандығының бірінші курс студенттері GREEN қоғамдық ұйымымен және Қостанай облысының ардагерлер Кеңесімен бірлесіп «Компьютер барлық жастағы адамдарға бағынады!» акциясын өткізді. Студенттер зейнеткерлерге әртүрлі танымал компьютерлік қосымшаларды қолдану дағдыларын үйретті! Бұл жоба бірнеше айға есептелген және студенттер үшін де, зейнеткерлер үшін де әлеуметтік маңыздылығы өте зор.
11, 12, 18 және 24 қазан күндері Қостанай қ. тұрмыстық қызмет көрсету, құрылыс және автокөлік колледжінде, №16 мектепте ҚМПИ «Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттық топтың екінші бөлімі өткізілді. Топтың екінші бөлімін 1 курстың сегіз студентінен құралған еріктілер ұсынды. Олар А.Баймұхамбетова, Н.Мананкова, Д.Ақпанова, А.Асылбекова, З.Кадырова, А.Пак, А.Казмухамедова және Ф.Садакбаев. Қарапайым және қолжетімді ойын түрінде, «тең-теңімен» қағидасы бойынша оқушылар мен колледж студенттеріне жаңа зиянкестерді деструктивті діни ағымдарға тарту механизмін ашты.
2017 жылдың 24 қазан айында Қостанай мемелекеттік педагогикалық институтының акт залында «Студенттерді қабылдау – 2017» іс-шарасы аталып өтті. Салтанатты ашылудан кейін құттықтау сөзімен академиялық жұмыстар мен әлеуметтік мәселелер проректоры Мусабекова Г.А. ортаға шықты. Ол 1 курс студенттері, «Алтын белгі» иегерлері Зюбан Вячеслав пен Едрес Тоғжанға студенттік билетті табыстады. Іс-шара әрі қарай мерекелік концертпен өз жалғасын тапты. Концерттің басын Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» романындағы ертегі кейіпкер Дамблдор бастады.
2017 жылдың 23 қазанында Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің және ҚР тәжірибелі психологтар қауымдастығының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру шеңберінде, ҚМПИ «Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттау тобының бірінші құрамының мүшесі Руслан Мырзағалиев Арқалық қаласының гуманитарлық колледжі мен мектептерінде семинарлар мен тренингтер өткізді. Іс-шара тақырыбы біздің республикамыздың әлеуметтік маңызды мәселелерінің кең ауқымын қамтыды.
2017 жылы 21 қазанда дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде факультетіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған «Анатомия, спорттық морфологиясының негіздері» атты зертханалық ашық сабақ өткізілді. Интеллектуалды ойын түрінде өткізілетін «Анатомиялық брейн-ринг», бірінші курс студенттеріне дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл ойын адамның ақыл-ой қабілетін, тез шешім қабылдауды, дұрыс және жылдам ойлау қабілетін дамытады. Ойынға 5 команда қатысты: «Скелетос», «Атлант», «Гелиос», «Адреналин», «Оптимисты».
2017 жылдың 20 қазаны күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайында Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің туған күніне байланысты «Ұмытылмас қоңырау сыңғыры» атты ұйымдастырылып өткізілген танымдық кешке психология және педагогика факультетінің аға оқытушысы Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс кураторы ретінде студенттерімен бірге қатысып қайтты.
Студенттер онда «Ыбырай сазы» күйін тыңдап, Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесіне қойылған оқушылардың қойылымынтамашалап, «Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы» тақырыбындағы танымдық фильмі арқылы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тағы да жан-жақты танысуларына зор мүмкіндік алды. Соңынан мұражай ішін аралап, қойылған мұрағаттармен танысып, келушілерге арналған тілек кітабына естелік жазыпкетті.