2017 жылғы қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және педагогика кафедрасының оқытушылары п. ғ. к. Шумейко Т.С., Шалгимбекова А.Б., п. ғ. к. Мнайдарова С.С «Біліктілігін арттыру барысында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы бойнша облыстық біліктілікті арттыру курстарын "Көркем еңбек" пәні бойынша сабақ негізінде салынған кәсіби-бағытталған жағдайларды және қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үдерісі жағдайында тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде өткізіледі.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Институт акт залында ҚМПИ студенттер альянсы студенттері күшімен, институт қабырғасында бұрын білім алған, қазіргі таңда мәдениет, мемлекеттік қызмет т.б. салаларда жұмыс жасайтын бұрынғы студенттерді шақыру арқылы атап өтілді. Біздің институт студенттері біздің аймақта қазақ КВН-нің бастаушылары болып табылады. Мерекелік іс-шара вокалист студенттердің 15 өлеңнен құралған заманауи микс әнінен басталды.
Британ кеңесі 2017 жылғы қарашада Қазақстан мен Қырғызстандағы ағылшын тілі пәнінің оқытушыларын даярлау саласындағы мұқтаждықтарын талдау жұмыс жобасына кірісіпті. Мәліметтерді жинастыру үшін базалық жоғару оқу орны ретінде екі елдің 26 университеті таңдалған еді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен шетел тілдер кафедрасы қатысушы тараптардың бірі болып жұмыс істеген. осы Институтта жобаны іске асыру үшін Кудрицкая Марина Ивановна конкурс негізінде Британ кеңесінің елшісі ретінде таңдалған еді.
2017 жылдың 17 қарашасында ақпаратты кітапхана орталығынның оқу залында профессор тарих ғылымдарының кандидаты,әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің деканы Зәмзәгүл Бәйекеқызы Шахаман және доцент Майсара Жаугаштиновна Бекмагамбетовамен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген мәселелердің мәні мен маңызын айқындауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 1-4 курс студенттері қатысты.
2017 жылдың қараша айында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Патриотизм және жастардың рухани жаңғыруы «тақырыбында бірінші курс студенттермен шығарма сайысы өткізілді. Сайысқа 45 студент қатысты. Сайыстың мақсаты: 1.Патриотизм мәселесін қалай ашуға болады? 2.Патриоттық идеяның мүдделері мен көзқарастары әртүрлі болатын жастардың сана – сезіміне қалай жеткізуге болады ? 3.Патриотизм қазіргі түсініктемеде қандай принцип пен құндылықтарға сүйену керек?
2017 жылдың 17 қараша күні №18 орта мектеп қабырғасында «Зерде» атты республикалық ғылыми жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысының облыстық кезеңі болып өтті. Орыс тілі, әдебиеті, ағылшын тілі секциясының төрайымы ҚМПИ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Пчелкина Т.Р. болды. Жұмыс барысында көптілдік мәселесімен, қолданбалы түрдегі жұмыс туралы қызықты тақырыптар, шет тілдерді меңгеруге бағытталған әдістемелер атап өтілді. Амангелді ауданы, Б.Колдасбаев ат. Орта мектебінің 6 сынып оқушысы жоғары баллға ие болды.
Қарашада «Қазақстанның орыс тілді жазушылар шығармашылығы» мәселелі тобының отырысы болып отыр өтті. Үйірме жұмысында 1-2 курс студенттері белсенді атсалысты. Олар Қазақстанның аз зерттелген жазушыларының шығармашылығы туралы ақпарат іздеу бойынша жұмыстың алғашқы құсқаларымен таныстырды. Студенттер Швец А., Уманская А., Коновалова А. Сөз сөйлеулерін қызығушылықпен тыңдады.
Бірінші курс студенттерін болашақ кәсіби қызметіне дайындау жұмысы "Ровесник" педагогикалық отрядының жыл сайынғы дәстүріне айналған. Отрядтың мақсаты болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық кәсіби – құзыретілігін, белсенділігін қалыптастыруға, сондай-ақ оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайларына ықпал ететін шығармашылық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Бірінші курс студенттері берсенділікпен және қызығушылықпен жұмысқа кірісті.
2017 жылдың 15 қарашасында Гумилёв Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысы өтті. Кездесуде ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, магистранттар мен университет студенттері қатысты. Отырысты құттықтау сөзбен ЕҰУ ректоры, Гумилёв Л.Н. атындағы академик Сыдықов Е.Б.ашты, ол ғылыми- практикалық орталығы ретінде ҚХА кафедраларының маңыздылығын атап өтті. «Кафедраның ашылу идеясы ЕҰУ-дың қабырғасында Ғылыми кеңестің сессияларының бірінде, концеренц-залда пайда болды, бүгінде сол жерде ҚХА кафедраларының Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысы өтіп жатыр.
15 қараша 2017 ҚМПИ-да ММ «Қостанай облысы әкімінің аппараты» Сюндиков Қайрат Жандильдинұлы әлеуметтік - гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық факультеттерінің түлектерімен уәкілетті этика бойынша кездесу өтті. ҚМПИ-дың аппарат жетекшісі Бекмагамбетов Р.К. кездесудің модераторы боп сөз сөйледі. Ол өзінің кіріспе сөзінде, институт жергілікті атқарушы органдармен тұрақты ынтымақтасатыны туралы атап өтті. Қостанай облысы бойынша 2017 жылдың наурыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің департаменті Меморандумға қол қойды, жұмысты жандандырудың арқасында кейбір түлектер мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге бағдарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бойынша бірлесіп жұмыс жүргізілуде.