2017 жылдың 15 қарашасында ҚМПИ-ның акт залында шет тілдер кафедрасымен бірлесе отырып көптілділік Орталығының ұйымдастыруымен « Шет тілі: екі шет тіл» мамандығы бойынша филология факультетінің студенттеріне арналған «Бос орын жәрмеңкесі» өткізілді. «Grand Luxe» тіл орталығының өкілдері болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатымен кездесу өткізді, тіл орталығының қызметкерлері аудармашы, ағылшын тілінің оқытушылары, халықаралық бөлімінің менеджерлері туралы бос орындар ақпаратымен таныстырды, сонымен қатар халықаралық бағдарламалар және сынақ мерзімінен өту туралы, ағылшын тілін жетілдіру және зерттеу мүмкіндіктері айтылды.
15 ноября 2017 в информационно-библиотечном центре прошла читательская конференция «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары», посвященная 100-летию партии «Алаш». Мероприятие провели заведущая отделом обслуживания ИБЦ Жаксыбаева Б.К. и студентка 3 курса СГФ Дүйсебек Алтынай. Студенты 3 курса социально-гуманитарного факультета Ибраева А., Шәкімбаева А., Баймағанбетова Ф. выступили с докладами и сообщениями на тему «Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов», «Алаш партиясы, Алаш партиясының жетекшілері», «Тағдыр және Қарлаг».
2017 жылдың 14 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыпу аясында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байжанова Сауле Аскарбековна «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Отбасының тәрбиелік әлеуеті мен қызметі» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.
2017 жылдың 14 қарашасында бірінші курс студенттерінің алдында Қостанай облысы әкімдігінің Діни істер басқармасының өңірлік ақпараттандыру тобының мүшелері, философия ғылымдарының кандидаты, ҚР ІІМ Академия кафедрасының жетекшісі Тойматаев Д. және «Қостанай облысының психологтар қауымдастығының» төрағасы Калюжная Ю. сөз сөйледі. Тойматаев Д. өзінің сөзін фанатизм феноменіне және тұтастай діни фанатизмге арнады. Ол фундаментализм, экстремизм, лаңкестік пен фанатизм арасындағы қарым-қатынасқа тоқталды. Өз сөзін Калюжная Ю. талдау әдістерін тарту және психологиялық әдістерді әсер етудің әлеуетті жақтаушыларына арнады.
2017 жылы 14 қараша айында ақпараттық кітапхана орталығында «Жаратылыстану ғылымының кафедрасы күні» өтті. Химия,биология, география пәндеріне келіп түскен жаңа басылымдарға көрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы, жоғары оқу орындары Ассоциациясынан алынған, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліне аударылған: Inorganic Chemistry/S. Nazarbekova (2017 ж.); Methodology of teaching biology/R. Sh. Izbassarova, K. A. Zhumagulova (2016 ж.); Organic chemistry/G. Zh. Seitenova, M. O. Turtubayeva (2016 ж.), оқу басылымдары көптілді топтардағы оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
2017 жылдың 8-12 қараша айларында ҚМУ мен ҚМПИ- ның базасында оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студентттері 19 мамандық бойынша тест тапсырды.
ОЖСБ қызметінің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру орта және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау болып табылады, «Білім берудің тиісті деңгейіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызының №1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес әзірленген.
2017 жылдың 13 қараша айында Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы, Қостанай облысы Жастар және балалар ұйымдары, Қостанай қаласының жоғары және орташа оқу орындарының Жастармен жұмыс комиттерінің қатысуымен форум өткізілді. Форумның негізгі мақсаты: жастармен жұмыс комитеттерінің жұмыстарын қалыптастыру, жүйелендіру және жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау.
Филология факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі Калахова Гаухартас - туған факультетінің жиі қонағы. Ол Мендіғара ауданының, Введенская орта мектебінде оқу-ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді, орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ береді,кафедра аға оқытушыларына дұрыс кеңес алуға, идеялармен алмасуға және маңызды істер туралы ақылдасуға келіп тұрады. Бұл жолы да, өзінің бос уақытында туған институтына келді. 2017 жылдың 11 қарашасында «Орыс тілі» мамандығының түлектерінің кездесуі өтті.
Спорт және туризм, дене шынықтыру факультетінде де барлық басқа педагогикалық мамандықтар ретінде «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәні жүргізіледі. Бұл пәннің мақсаты студенттерді жаңа әдістемелермен таныстыру, мектепте оқу сабақтарын жүргізуде, жаңа тәсілдермен өткізу және ұйымдастыру, сондай – ақ жаттығу үдерісін ұйымдастыру. Бұл пән 4-ші курста оқытылады, сабақты орыс бөлімінде дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Ковш Наталья Алексеевна жүргізеді. Аға оқытушысының сабақтары әрдайым шығармашылық және қызықты түрде өтеді, студенттер білім беру процесінің белсенді қатысушылары болып табылады.
Жаратылыстану кафедрасында 2017 жылдың 10 қазан күні «Мұғалімдерді кәсіби бағдарлау» пәні бойынша «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында ашық дәріс сабағы аға оқытушымен Баубекова Г.К. өтті. Ашық дәріс сабағына жаратылыстану кафедрасының Кожмухаметова А.С., Суюндикова Ж.Т., Баймаганбетова К.Т. мұғалімдері қатысты. Дәріс оқу барысында лектор жаңа әдістерді қолданды (диолог, әңгімелесу, ізденіс жұмыстары, жаңа технологиялық әдістерді сыни тұрғыдан ойлау). Дәріс сабақтың мақсаты – негізгі теориялық ережелерді меңгеру, қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі бағалау түрлері, оқыту шеңберіндегі модуль бойынша бағалау критерийін жасай білу.