2017 жылғы 29 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Жалпыәлемдік Бедвочерлер Күніне арналған экологиялық іс-шара өткізілді. Бердвочинг – экотуризмнің бір түрі, адамдар биноклбдің көмегімен немесе жай ғана құстардың сыртынан бақылайтын әуесқойлық. Бедвочерлер өздерін екі түрге бөледі. Біріншілері – кәсіпқойлар, олар орнитология саласында белгілі бір білімге ие. Олар үшін бердвочингтің ғылыми бағыты маңызды.
2017 жылдың 29 қарашасында Пчелкина Т.Р. орыс тілі және әдебиеті кафедрасының апталығының аясында «Авторлық позициясы және оны 19-20 ғасырлар прозасында көрсету» пәнің зерттеу кезінде электрондық оқыту құралдарын қолдану бойынша мастер-класс өткізді. Мастер-класс мақсаты - «Авторлық позициясы және оны 19-20 ғасырлар прозасында көрсету» пәнің зерттеу кезінде электрондық құралдарының мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Студенттер мәселелік сұрақтарға жауап берді, белгілі әдебиеттанушы Ю. Большакова мақаласы бойынша тезистік жоспар құрастырды, «Қазіргі әдебиеттанудағы автордың мәселесі» тақырыбындағы тестке жауап берді.
2017 жылдың 29-шы қаңтарында психология және педагогика факультетінде Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге отырып «Ұлттық рухты ұлттық ұғымдар қалыптастырады» атты онлайн-конференция өткізілді. Ең алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген психология және педагогика факультетінің деканы және осы конференцияның модераторы Айдналиева Н.А. болатын. Конференцияға қатысушылардың қатарында психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі», «Дефектология» мамандықтарының 1 және 3 курс студенттері болды.
28 қараша – бүкіләлемдік қайырымдылық күні. Дәл сол күні«От сердца к сердцу» қоғамдық жобаның басшылары Пчелкина Т.Р. және Матершова А.И. «Э.А. Княгининге көмек» акциясының қорытындылары шығарды: акцияға «Орыс тілі және әдебиеті» мен «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері белсене ат салысты. «От сердца к сердцу» жобасының қатысушылары Иван Баранников және Александр Нямцу жиналған құралдар тапсыруға қатысты. Эдуарду Александровичке қаражат, азық-түлік, бірінші қажеттілік құралдары берілді.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Ю.Б.Григорова, О.В.Калиниченко, З.Д.Ахметбекова 2017 жылдың 28 қарашасы күні «Психология» мамандығының 4 курс студенттерімен бірге ҚМПИ Студенттер үйінде күйзелісті көтере білу бойынша тренинг өткізді. Шара Психология және дефектология кафедрасындағы СӨС апталығы аясында өткізілді. Студенттермен өткізілетін жұмыстың мұндай түрі дәстүрге айналды: жыл сайын жатақханада тұратын студенттер арасында күйзелісті көтере білу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және тұлғаның өсуіне ықпал ету тренингтері өткізіліп тұрады.
2017 жылдың 28 қарашасы күні сағат 12.00–де 308 аудиторияда Информатика мамандығының 1 және 3 курстарының қазақ бөлімдерінде 1-желтоқсан күні мерекесіне арналған «Тұңғыш Президент күні» атты кураторлық сағат өткізілді. «Тұңғыш Президент күні» куратор сағатының басты мақсаты: «Информатика» мамандығының студенттеріне тұңғыш Президенттің қолбасшылық қасиетін уағыздау, студенттердің бойына Президенттің отан сүйгіштігін, данышпандылығын, ізеттілігін сіңіру. Студенттердің назарына арнайы дайындалған тұсаукесер, Елбасы туралы бейнеролик ұсынылды.
2017 жылдың 27 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт акт залында, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігі инспекторы Сәрсенбаева М.А. мен полицияның бөлімше инспекторы Шпикин А.В. мен студенттер арасында кездесу өтті. Кездесу барысында құқық қорғау органы өкілдері студенттерге өз құқытарын түсіндіріп, Қазақстан Репсубликасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің және қылмыстық кодекстің қазіргі жастар арасында жиі кездесетін баптарымен нақты түсіндіріп кетті. Кездесу аяғында студенттер қазіргі кездегі жастардын көбісі жасайтын әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық кодексінің баптары бойныша сұрақтар қойылып тиісті жауаптарын алды.
2017 жылдың 28-ші қараша күні филалогия факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Тұңғыш Президент күніне» арналған кураторлық сағатты өткізілді. Іс-шараға 20 студент және шет тілдері кафедрасының мұғалімдері Рахметова А.А., Бурмагина Л.А., Дощанова Б.М қатысты. Іс-шара барысында Попова П., Танкибаева Д., Альмуханбетова С. Абилова С., Долгушкина А. ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен жұмыс жолы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент күніне арналған «Ғасыр адамы» атты фильм көрсетілді.
2017 жылдың 27 қараша күні «Орыс тілі және әдебиет» мамандығының 1-курс студенттері мен кураторы Матершова А.И «Нұрсултан Назарбаев – ұлт көшбасшысы» атты кураторлық сағат өткізілді. Студенттер бейнеролик пен презентациялар дайындады. Олар тұңғыш президентіміздің саяси, экономикалық және мәдени қызметіне көңіл бөлді. «Рухани жыңғыру» бағдарламасын Қостанай облысында жүзеге асыратын жобаларбелгіленді. Ұлт бірлестігін сақтау, латын кәріпіне көшу, жастардың бәсекеге қабілеттілігін тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
2017 жылдың қараша айының 24-26 күндері Жамбыл облысы "Қазақстан студенттерінің Альянсы" РСҚ ұйымдастыруымен өткізілген XIV шақырылым өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және педагогика факультетінің» ІІІ курс студенті Шаисламова Азиза және ІІ курс студенті Халыкова Камилла шақырылымға қатысты. Республикамыздың 14 өңірінен 100 белсенді АСКерлер болды. Шақырылым жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын және латын əліпбиін жастар арасында насихаттау.