Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының геологиялық мұражайға экскурсиясы. 2017 жылдың 20 желтоқсанында «Геогракфия» мамандығының 1 курс студенттері «Қостанай-алтын бесігім»әлеуметтік жобасының 1-ші бөлімін жүзеге асыру тұрғысында А.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8 «Б» сыныпе оқушыларына арнап геологиялық мұражайға экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты - оқушыларды Қостанай облысының тау жыныстары,минералдары және пайдалы қазбаларының әртүрлілігімен таныстыру.
ҚМПИ 2017 жылдың 20 желтоқсан күні «Оқыту үрдісіндегі рефлексиялық қызметтің әдістемесі» тақырыбы бойынша семинар-коучинг өтті, оны өткізгендер педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент Өтегенова Бибикуль Мазанқызы және аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бақытжанқызы. Семинарға факультет декандары, бөлім жетекшілері, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты. Барлығы 50-ден аса адам болды.
2017 жылғы 20 желтоқсанындағы Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің салтанатты отырысында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің, төраға орынбасарының атынан «Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін» ғылыми-сараптамалық топ мүшелері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы Е.Әбіл, ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедра меңгерушісі О.Н. Евдокимова, ҚХА кафедрасының профессоры З.У. Карбенова және Қостанай облысы Аналар кеңесінің мүшесі, психология және дефектология кафедрасының доценті Ш.С. Демисенова алғыс хаттармен марапатталды.
Тәуелсіздік мерекесі мемлекетіміздің ең басты мерекесі. Бұл күні әрбір қазақстандық елдің басты жетістігі Тәуелсіздігімізге қалай қол жеткізгенімізді есіне алады. Әр жылы оны есіне алып қана қоймай, оны құндауға, қадірлеуге, мақтануға үйренеді. Желтоқсанның 15 күні сағат 15:00 де №1 Қостанай қаласы студенттер жатақханасында өткен «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты концерт дәл осы мерекеге арналды. Бұл мерекелік іс шара Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының жаратылыстану-математика факультетінің студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
"От сердца к сердцу" қоғамдық бағдарламасының аясында 2017 жылдың 15 желтоқсанында 5B011800 "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студентеттері Матершева А.И. кураторымен бірге «Костанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігінде қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, РФ мен ҚР ветеринарлық ғалымдар кандидаты, ҚР доценті Машадиева В.В. мен төрағасының орынбасары, РФ ветеринарлық, ғалымдар докторы, ҚР профессоры Шагиахметов Ю.С. студенттерге орталықтың әрекеті, «Костанай Зоо Пульс» мекемесәнде өмір сүретін жануарлар туралы айтып берді.
2017 жылдың 14 желтоқсанында «БОПӘ» және «МДОТ» мамандықтарының 1-4 курс студенттері мен топ кураторлары (қазақ және орыс бөлімдері) қалалық Ы.Алтынсарин атындағы кітапхананың қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне ұйымдастырып өткізген ісшарасына қатысты. Ісшара мемлекетті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту негізіндегі атқарылып жатқан іс-әрекеттерді және қоғамдық құндылық қағидаларын түсіндіру мақсатында өтті. Ісшараны кітапханашы М.Ф. Тихонова «Я славлю тебя, мое Отечество, мой Казахстан» тақырыбындағы презентация түрінде жүргізді.
2017 жылдың 14 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультетінің ұйымдастыруымен «Қостанай облысы білім беру ұйымдарында қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде енгізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстары» атты аймақтық дөңгелек үстел өткізілді. Аймақтық дөңгелек үстелдің мақсаты - «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салу, болашақта латын графикасын кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырудағы жоспарларымен бөлісу.
2017 жылдың 13 желтоқсанда әлеуметтік жобасының бір бөлігі ретінде балалар ауыл отбасылық «Жанұяда» «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенттерінің күші – ерікті бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті, (куратор аға оқытушы Кунсулу Жакаева). Келушілер оларға келіп қалыпты тәртібіне мүмкіндігі бар кезде балалар әрқашан өте қуанады. Балаларға арналған еріктілер байланыс - ол әрқашан мереке болып табылады. Ал бұл жолы еріктілер балаларға арналған конкурс өткізді, жүлделер әрбір кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.
2017 жылдың 12 желтоқсанында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ғимаратында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы үшін филармония әртістерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт өтті. Залда ҰОС тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ғалымдар, институттың ұстаздары мен студенттері болды. Басы ҚМПИ ректоры м.а., педагогикалық ғылым кандидаты Г.А. Мусабекованың құттықтау сөзімен басталды.
12 жетоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасындағы мерекелік күннің алдында 2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат дайынада өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: тарихқа деген құрмет қарым – қатынастарына тәрбиелеу, халықтың өткен батырлығына, мақтаныш сезіміне дәріптеу, өзінің елінің тағдырына жауапкершілікпен қарау. Құттықтау сөздерімен к.ф.н тобының кураторы доцент Сегізбаева К.Қ. және к.п.н., профессор Карбенова З.У. сөз сөйледі. Іс – шара басы «Менің Қазақстаным» видеофильмімен басталып, тәуелсіз Қазақстанның тарихымен, тәуелсіз жолындағы басынан өткендерін баяндады.