2018 жылдың 1 ақпанында психология-педагогика факультетінің декан орынбасары Алипбаева Г.А. жетекшілігімен «Мейірімді жүрек» психология-педагогикалық факультетінің волонтерлері онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша онкүндіктің аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің облыстық орталығының өкілдерімен бірге «Март» сауда орталығында «Дені сау болу керемет!» деген атты іс шара өткізілді. Осы іс-шараға Қостанай медициналық колледжінің студенттері және Қостанай онкологиялық диспансерінің қызметкерлері қатысты.
2018 жылдың 1 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының №А205 аудиториясында «Білім саласындағы бизнес» тақырыбында институт студенттері үшін мастер-класс өтті. Спикер ретінде «Edukey» Білім Орталығының өкілдері ҚМПИ және Лодзин Университетінің (Польша) түлегі Мағзум Төлеш, РХДУ (Мәскеу қ.), ООМУ (Челябі қ.) түлегі Ануар Газис сөз сөйледі. Спикерлер өздерінің шет елдегі тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушы дипломымен білім саласында қалай бизнес ашуға болатынын және өз бизнесіңді ашудың қыр-сырларын айтып кетті.
2018 жылдың 31 қаңтар айында институттың қабылдау комиссиясының қызметкерлері Қостанай қаласы бойынша «UStudy» аймақтық тестілеу орталығымен бірлесіп Алтынсарин, Жангелді, Меңдіғара, Ұзынкөл аудандарының қазақ тілінде оқытатын орта мектептерінің 11 сынып оқушыларына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына экскурсия ұйымдастырды (26 адам). Оқушылардың таныстыру экскурсияның негізгі мақсаты балалардың одан әрі институтқа оқуға түсуі болды. Факультеттің үгіт – насихат жұмысына жауапты қызметкерлері оқушыларға институт, оның түлектері, мемлекеттік жоғары оқу орнында оқытудың артықшылықтарын атап өтті.
31- ші қаңтар күні "Орыс тілі жəне адебиеті" 5В011800 мамандығының 1 - ші курс студенттерінің облыстық " Наша газета " шығарылымының тілшісі Татьяна Назарукпен кездесуі өтті. Тілші студенттерге жұмыстың ерекшелігі жайында, тілшілер үшін таптырмайтын кәсіби жане жеке касиеттер жайлы, сол саланың жай - жапсарын айтып берді. Ол филологиялық білімнің журналист үшін маңызды екенін атап өтті, себебі филолог тілдің құрылымы, əдеби норма, жəне оның стилистикалық ерекшелігі жайлы жетік біліп, мəдени тілде сөйлейді.
2018 жылдың 31 қаңтар күні сағат 12:00-де Филология факультетінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Балауса» әдеби-шығармашылық үйірмесінің жетекшісі магистр Абдрашева Алия Қажымұқанқызы және үйірменің белсенді 2-курс студенттері Қызыринов Айдос, Ихсан Данияр, Ешмұқамет Ұлпан, Сагиева Сымбаттың ұйымдастыруымен «Сырлы жүрек пернесі» атты жас ақындарға арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты қазақ поэзиясында өзіндік орнын қалыптастырып келе жатқан қаламы қарымды, ойы оралымды Саят Әбенов, Абылай Мауданов, Ерлан Жүніс, Бақдаулет Арыстан сынды жас ақындардың шығармашылық жолымен таныстыру, жүрекжарды туындыларын жас оқырмандарға насихаттау.
31.01.2018 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қостанай қаласының Меңдіқара, Ұзынкөл, Амангелді, Алтынсарин аудандарының орта мектептерінен келген 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кездесуге келген мектеп оқушыларына ҚМПИ, филология факультетінің мамандықтары туралы ақпарат беріліп, үлестірме материалдар таратылды. Педагогикалық мамандықтардың артықшылығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары туралы толық ақпарат беріліп, бұл мамандықтарды игерген маманның құзыреттіліктері, кәсіби қызмет атқара алатын салалары туралы айтылып, насихат жұмысы жүргізілді.
2018 жылдың 22-31 қаңтар аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының дәстүрлі сессиясы өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының, дене шынықтыру дайындығының оқу-тәрбие орталығының оқытушылары, «Дене шынықтыру спорт» және «Туризм» мамандықтарының 1-3 курс студенттері талқылауда қатысты. Президенттің жыл сайынғы жолдауы - «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағыты іске асырылуына әкелетін 10 нақты қадам. 2018 жылғы хабардың икемділігі цифрландыру болды.
2018 жылдың 30 қаңтар күні педагогика кафедрасы жанындағы Алтынсарин орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-де белгілі ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, қолөнер шебері Серікбай Оспанұлымен кездесу өткізді. Кездесуді педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақбота Жаңалыққызы ұйымдастырды. Кездесу кешіне лицейдің 7-8-сынып оқушылары және студенттер қатысты.
«Саяхат» атты өлкетану клубының қатысушылары 2018 жылдың 30 қаңтарында «Туған жердің сұлулығы» атты тақырыпта ҚМПИ студенттер үйінде фотокөрме ұйымдастырды. Біздің еліміздің әрбір облысы, әрбір ауданы қайталанбас, ол тек бірегей тарихи өткені, сәулет өнерімен ғана емес, сонымен қатар табиғи объектілердің сұлулығымен ерекшеленеді. Фотокөрменің мақсаты - ҚМПИ студенттерінің Қостанай облысының геологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктері жайлы көзқарастарын көру және кеңейту. Қостанай облысы - бұл бай табиғи әртүрлілік пен контрастаулар аймағы.
2018 жылдың қаңтар айында «Білім-Образование-Education» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығында «Педагогикалық инновациялар» атты Халықаралық конкурсы жарияланды. Байқау «Үздік сабақ жоспары», «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік сабақтан тыс іс-шара», «Үздік электронды оқулық», «Үздік медиасабақ» номинацияларында өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасында «Үздік сыныптан тыс іс-шара» номинациясы бойынша Гран Приге педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Утегенова Бибігүл Мазановна және педагогика ғылымдарының кандидаты, Алтынсарин орталығының жетекшісі Карпыкова Галина Уразовнаның конкурстық жұмысы иеленсе, «Үздік медиа сабақ» номинациясының жүлделі ІІІ орыны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның жобасы иеленді.