2018 жылдың 13 ақпаны күні психология және педагогика факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасынның «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің педагогикалық практикаларының аяқталуына байланысты қорытынды конференция өткізілді. Студенттер практиканы Қостанай қаласының №20 орта мектебінің және №24 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында өтті. Конференцияға факультет деканы, кафедра оқытушылары және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
12 ақпанда дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің оқытушылармен Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің (Челябинск қ.) педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті Федоров Александр «Дене шынықтыру, спорт және туризмде ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар барысында ақпараттық технологиялар мәселесі бойынша бастапқы білім деңгейін анықтау үшін оқытушыларға сауалнама жүргізілді. Семинар Интернетті таныстыру және пайдалану (ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерін көрсету) негізінде құрылды.
2018 жылдың 12 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығында аға оқытушы Суюндикова Жанар Тулеутай қызы "Биология" мамандығының 2 курс студенттеріне «Адам анатомиясы» пәнінен "Ас қорыту жүйесі" атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - асқорыту жүйесі бөлімдерінің құрылысын, топографиясын, функцияларын және ерекшеліктерін қарастыру болды. Сабақта ассоциаграмма, кластер, миға шабуыл, деңгейлік тапсырмалар секілді оқытудың интерактивті әдістер қолданылды.
2018 жылдың 15 қаңтарынан 10 ақпаны аралығында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясының және №20 орта мектебінің бастауыш сыныптарында педагогикалық практикаларынан өтті.Практиканың басты мақсаты: мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі қызметін игеру, педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту және мұғалім тұлғасының кәсіби сапаларын қалыптастыру болып табылады.
12-ші ақпан күні "Төртінші өнеркəсіптік бетбұрыстың жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері",- Қ.Р Президентінің Жолдауына деген менің көзқарасым" атты " Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттерінің арасында эссе сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 13 адам қатысты. Сайыстың міндеті - Президент Жолдауы жайында білімді жақсарту, патриоттық сезімді күшейту мүмкіншілігін жəне тұлғаның сайысқа бейімділігін арттыру. Студенттер Жолдаудың мəтініне талдау жасап, бүгінгі күнгі ел жетістігін атап өтті. Білім саласына ерекше көңіл бөлінді, болашақ ұстаздар Жолдау мамандықтың беделін көтереді деп есептейді.
12 ақпанда Федоров Александр Иванович Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің (Челябинск) педогогика ғылымдарының кандидаты, доцент дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде қызметін атқарады. 12-16 ақпан аралығында ДШСжТ студенттері мен оқытушылары «Дене шынықтыру, спорт және туризмде заманауи, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» оқу курсын өткізеді. Курс студенттерге арналған лекциялық және практикалық сабақтарды ұсынады.
Педагогика кафедрасында «Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» студенттік ғылыми-зерттеу жобасы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға көмек көрсету үшін интерактивті алаң ретінде қолданылады. Жобаның жетекшісі - педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна. «Қарлығаш» жобасы балаларға мақсатты психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуді көздейді. 2018 жылы 12 ақпан күні жобаның шеңберінде Жуматова Д. 2 курс, Бекенов А. 2 курс, Кожамбердиев С. - 2 курс, Идрисова А. – 1 курс, Адырбаева Ж. – 3 курс, Сегизбаев С. – 2 курс студенттері Қостанай қаласында облыстық балалар үйінде іс-шара өткізді.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту – жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашу
2018 жылдың 9 ақпанында Қостанай қаласындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Заманауи білім – қоғамның рухани жаңғыруының негізгі факторы» атты Алтынсарин оқулары атты жылсайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде педагогика кафедрасы мен Ы.Алтынсарин атындағы орталық болды. Аталған жиынның дәстүрлігіне қарамай, жыл сайын педагог-практиктер және зерттеуші-ғалымдар ортақ талқыға ең өзекті деген сұрақтар мен мәселелерді көтеріп, бай зерттеушілік тәжірибелерін көрсетті, жаңа білім беру мәселелерінің қосалқы шешу жолдарын ұсынды.
2018 жылы 9 ақпан күні аға оқытушы Султанбекова Ж.Х. жетекшілігімен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Лаңкестік және терроризм» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Кураторлық сабақтын мақсаты студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен түрлерін, зардаптарын ұғындыру. «Лаңкестік және терроризм» тақырыбында өткізілген іс – шараға «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.
2018 жылдың 9 ақпанында ҚМПИ-дің жаратылыстану-математика факультетінің, физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы, робототехника, электроника және автоматика зертханасының салтанатты ашылуын өткізді. Зертханасының ашылуында, Мусабекова Гульвира Айдархановна - оқу жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, педагогикалық ғылымдарының кандидаті, Бекмағамбетов Руслан Кабдугалиевич - аппарат басшысы, Сухов Михаил Васильевич -жаратылыстану-математика факультетінің деканы.