Кәсіби стандарттардың жобасын қаратыру үшін ұсыныс жарияланған соң 2018ж. 16 ақпанында ҚМПИ қабырғасында «Білім мен өнеркәсіптің интеграциясы: өзара әректтену тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті Чернявская Ольга Михайловна құзыретті-бағытталудың негізінде жасалған «Кәсіп орындары үшін химикаттарды өндіру» бағыты бойынша жұмысшылардың еңбек қызметтерін жобалауына коментарий берді. Қатысқан химия ғылымдарының кандидаттары, стандартизация және химиялық өнеркәсіптің мамандары ұсынған жобаларға жоғарыкәсіби бағаларын берді және оларды жетілдіру үшін ұсыныс жасады.
16 ақпанда жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 3 курс студенттері өткен педагогикалық машықтану қорытындыларын шығаруға арналған конференция өткізілді. 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында 15 білім беру мекемелеріне 45 студент бағытталды. Олардың ішінде «Қостанай облысы әкімдігі білім беру бөлімінің «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты» КММ бар.
Ақпанның 15 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «СБА күні – Қазақстанның Рамсар аймақтары. «Қостанай облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлары» ҚР ҒБМ – ҚМПИ жобасының нәтижелері» тақырыпты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды ұйымдастырып өткізуге жауапты жаратылыстану ғылымдары кафедрасының келесі оқытушылары: б.ғ.д., профессор Брагина Т.М., б.ғ.к, профессор Брагин Е.А., биология магистрі, аға оқытушы Бобренко М.А. және биология магистрі, аға оқытушы Рулёва М.М.
15 ақпан күні 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттерімен куратор Матрешова А.И. «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияндылығы » тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізді. Студенттер топтық жұмыс өткізіп- бір топ әлеуметтік желілердің жағымды жағын қарастырса, ал екінші топ жағымсыз жағын қарастырған болатын. Топтық жұмысты талдағаннан кейін презентациядағы жеке баяндамаларды қарауға кірістік. Коновалова Ксения «Әлеуметтік желілердің тарихы» атты презентация дайындады, Twitter, Facebook, ВКонтакте, Instagram атты ең танымал әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуының хронологиясын көрсетті.
2018 жылдың 13 -15 ақпан аралығында Қостанай қаласының жоғары оқу орындарында әйелдер командалары арасында қалалық баскетбол біріншілігі өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «10 аймақ» командасы 2,3 және 4 курстың студенттері болды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының баскетболшылары ҚМУ-нің А. Байтұрсынов атындағы, КинЭУ және Ішкі істер министрлігінің Қостанай Академиясының заң институтының қыздарын жеңді және бірінші орынды иеленді.
Желтоқсан мен ақпан аралығында жаратылыстану ғалымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 курс студенттері (куратор Рулева М.М.) әлеуметтік жоба орындау және «Бедвочерлер» клубының жүмысы аясында (Брагина Т.М., Брагин Е.А., Валяева Е.А) құстар үшін қазіргі оңай емес мезгілде қоректендіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер орталық саябаққа жиі барып, алғашқы бедвочерлер орналастырып кеткен құстарды қоректендіруге арналған астауларды тексеріп, құстарға азық салып беретін. Қысқы жұмыстың қорытындысы ретінде 2018 ж. 15 ақпанда Қостанай қ. А.М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында «Жылу сыйлай біліңіз» экологиялық акциясы өткізілді.
14 ақпан күні " Орыс тілі жане əдебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттері " Жүректен журекке " жобасының аясында " Костанай Зоо пульсте " кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер өздерінің жетекшілері Матершова А. И. мен бірлесіп азық сатып алып жəне оны баспанаға апарды. Баспананың волонтерлері алғаш келген студенттерге экскурсия өткізді. Олар " Костанай Зоо пульсте" мекендеп жатқандар жайында, бұл жерді бұрыннан мекен еткен жəне жақында сая болған мысықтар жайында айтып өтті.
2018 жылдың ақпан айының 13-і күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері және профессорлық-оқытушылар құрамы 11 баланы тәрбиеге алған отбасының басшысы, Қостанай ауданындағы Алтынсарин орта мектебінің оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Тулегенова Гульжауһар Кабдикаримқызымен кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат кезінде Гульжауһар Кабдикаримқызы тәрбиеге алған балаларының бөтен екенін сезінбейтінін, тату және көпұлтты отбасы екендіктері жайлы айтты.
2018 жылдың 13 ақпанында сағат 11.00-де 520 дәрісханада топ кураторлары Г.А.Сейсембай және Д.А.Алиеваның ұйымдастыруымен филология факультеті «Қазақ тілі мен əдебиеті» жəне «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында әдеби-сазды кеш сипатындағы кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жергілікті ақын-жазушылар шығармашылықтарын насихаттау, жастарды шығармашылыққа баулу, сөз өнерінің құдіретін ұғындыру, эстетикалық тәрбие беру.
2018 жылдың 13 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 7 қабатта «Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы оқытушыларының ғылыми еңбектері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда 150-ден астам оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар және кафедрада өткен конференциялар материалдарының жинақтары ұсынылды. Көрмені көруге келушілер биологиялық, физикалық-экономикалық география, химия циклдерінің бағыттары, сондай-ақ биология, география және химияны оқыту әдістемелері бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік құралдарына қызығушылық танытты. Көрмені ұйымдастыруға көмек көрсеткен ҚМПИ кітапханасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз.