«Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 6 ақпаны күні институт холлының 2-ші қабатында, Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас кезіңде, Биле» тақырыбында флеш –моб өтті. Флеш-мобқа «Жас Отан» ЖҚ белсенді студенттері, ҚСА мен институт студенттері қатысты АСК и волонтеры института. Флэш-моб мақсаты: Студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. СӨС орталығының маманы А.В.Богатова Салауатты өмір салтын насихаттау мен аурудың алдын алу жайлы айта кетті.
2018 жылдың 6 ақпан күні жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі Департаменті студенттермен кездесу өткізілді. Қазіргі қоғамның басты мәселесі – жемқорлық. Жемқорлықпен күрес еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап қолға алған негізгі саяясаттың бірі. Бүгінгі күні ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес іс-әрекет Агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруды орындайды.
2018 жылдың 5 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Балжанова Айгүл Мағжанқызы Қостанай қаласының «Зерек» колледжінің 2-3 курс студент – практиканттарына «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілін бастауыш мектепте оқыту» тақырыбында семинар – тренинг өткізді. Семинар – тренингтің мақсаты – мектептегі педагогикалық тәжірибенің әдістемелік мазмұнын талқылау, білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасының аясында, ағылшын тілін бастауыш мектепте оқытуда қазіргі заманғы технологияларды қолдану.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Қостанай қаласының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған арнайы білім беру қажеттіліктері бар, №2 мектеп-интернатында» «5В010500-Дефектология» мамандығының төртінші курс студенттері тәжірибе барысында 5 ақпан айында 2018 жылы психология және педагогика факультетінің Рухани-жаңғыру бағдарламасы шеңберінде бастауыш сынып мұғалемдерінің басшылығымен іс-шара өтті. Бастауыш мектеп мұғалімдері Тулебаева А.Ф. Алекешова У.И. және Касаева М.Д. жетекшілігімен тәжерибеші-студенттер Кузьмина Мария, Байбулова Гульмира, Качко Ирина, Жантенова Жайнар «Менің отаным - Қазакстан» атты іс-шара өткізді.
«Шын жүректен» акциясы шеңберінде 2018 жылдың 5 ақпаны күні ҚМПИ «Жас Отан» Жастар қанатының ерікті студенттері ҰОС ардагері Петрукович Михаил Федоровичпен кезекті кездесу өткізді. Акция мақсаты ардагерлерге барып, тұрмыста көмек көрсету. Михаил Федорович 1926 жылы дүниеге келген, Ұлы Отан соғысы бастау алған Белоруссия тумасы. Сол уақытта ол 14 жаста еді. Әскер қатарына барып, 44-45 жылдары Венгрия мен Чехословакияда соғысқан. Кейін бөлім құрамын таратып, Евразия континенті арқылы Михаил Федорович Японияға жер аударып, 1946 жылы Курил аралдарына келген.
Дене шынықтыру дайындығының оқұ-тәрбие орталығының жұмыс жоспары бойынша институт студенттері арасында спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Бұл іс-шараны самбо жарыстары ашты. 2018 жылдың 02-03 ақпан аралығында ҚМПИ №1 спорт залында Астананың 20 жылдығына арналған самбо күресінен ҚМПИ ащық біріңшілігі өтті. Жарысқа 3 факультеттен 25 студент қатысты: дене шынықтыру, спорт және туризм, жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық факультеттері.
2018 жылы 3 ақпанында Қостанай қаласы әкімдігінің білім басқармасының № 2 мектеп-лицейінде Ғылым күні өткізілді. Көптеген жылдар бойы алғаш рет конференция «Салауатты өмір салты» секциясын жариялады. Оқушылар осы бағытта баяндамалар жазуды қызықтырды, ал осы секцияны әділқазылар алқасының төрағасы ретінде ДШСжТ теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы В.В. Волков басқарды. Секция жұмысына 8 оқытушы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, аға оқытушылар, «№ 2 мектеп-лицейі» директоры және жетекшісі қатысты.
2018 жылы 2 ақпанда Қостанай облысының достық үйінде ғылыми-сараптамалық тобының ҚХА-ның жиналысы өтті. Еске сала кетсек, Қостанай облысының халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы тұрақты консультативтік-сараптамалық органы болып табылады. Оның құрамында ҚМПИ-дің атынан Абиль Е.А (ҚМПИ ректоры), Мусабекова Г.А (ҚМПИ академиялық-әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры) және Евдокимова О.Н (ҚХА кафедра меңгерушісі ҚМПИ, ҒСТ төреағасының орынбасары).
2018 жылдың 2 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасының акт залында «Караоке жатақханада» сайсы өтті. Сайысқа тек жатақханада тұрып жатқан студенттер ғана қатысқан болатын. Екі бөлімнен тұратын сайысқа студенттер арасынан екі адамнан 6 топ бағын сынады. Әр қайсысы топ атын сол жерде ойлап тапты: «Жалын», «Ұлы дала дауысы», «Достар», «Флэш», «Екі жұлдыз» және «Қазақ қыздары». Бірінші бөлімде қатысушылар танымал бағдарламалар мен фильмдердің soundtrack-ін, яғни музыкасын тауып алуы керек еді. Бұл бөлімде көзге түскен «Достар», «Жалын» және «Флэш» тобы болды.
2018 жылдың 02 ақпанында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының 1-курс студенттері «Тәлімгерлер мектебі» мен «Менің мамандығым – тәрбиеші» атты өздерінің болашақ мамандықтарымен танысуға негізделген әлеуметтік жоба жоспарына сәйкес қала мектептерінің бастауыш және мектепалды даярлық сыныптарда «Қысқы ою-өрнектер» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатын өткізуге мектептің әкімшілігі мен сынып мұғалімдері барынша қолдау көрсетті.