2018 жылы 17 қаңтарында педагогика кафедрасында «Ғылым және білімнің заманауи мәселелері» атты әдісмелік семинар өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, студенттер және педагогика ғылымдарының қызметкерлері қатысты. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бережнова Елена Викторовна әдістемелік семинар өткізді. Қазіргі уақытта профессор Е.В. Бережнова Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында және Ресей Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейді, магистранттар мен докторанттарға арналған авторлық курстар жүргізеді. Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде, Елена Викторовна ҚМПИ оқытушылары мен студенттерімен жыл сайын кездесулер өткізеді, ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысады және дәрістер оқиды.
2018 жылдың 16 қаңтар айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар және студенттер ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің маманы Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы мен белсенді студент, ҚМПИ Жастар Медиа орталығының басшысы, 2 курс студенті Нұрышева Меруерт, қаламыздағы «Алау» телерадиокомпаниясының «Өмір ағымы» бағдарламасында, тікелей эфирде қонақта болды. Бағдарламада студенттердің қазіргі таңдағы белсенділігі, студенттік ұйымдардың жұмысы, ҚМПИ қабырғасында студенттермен жұмыс барысы және алға қойылған жоспарлар жайлы әңгіме үрбіді.
12.01.2018 ж. ҚМПИ Г205 дәрісханада семинар өту нәтижелері бойынша тренерлерді оқыту курсының «Оқытуда және сабақ өткізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында бағдарламасы бойынша қосымша кәсіптік оқыту студенттері жоғары оқу орындарының бітіруші курстарға семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – АКТ-ны қолдану сабақтарында «ДШ және спорт» студенттермен тәжірибе алмасу Ковш Н.А. Survio мен Google Forms бағдарламаларын пайдалана отырып оқытудағы білімді бақылау ерекшеліктерімен танысу Ерғалиева Э. М.өткізді.
2018 жылдың 10-12 қаңтарында ЖОО оқытушылары үшін Кембридж университетімен бірлесіп (Ұлыбритания), АҚ «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» педагогикалық шеберлік Орталығымен әзірленген, Үшдеңгейлі бағдарламасы бойынша курстарын өткен тренер-оқытушылар әдістемелік семинарлар өткізді.
2018 жылдың 12 қаңтары күні Қазақстан тарихы кафедрасы өзара әріптестік шеңберінде қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе жаңартылған бағдарламалық оқыту бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өтті. Семинарды Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары категориялы мұғалімі Арайлым Еришева өткізді. Семинардың мақсаты ретінде Типтік оқу бағдарламалары орындалуының ұзақ мерзімді жоспарындағы 5-9 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» бойынша орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұны қарастырылды.
2018 жылы 11 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс мақсатында Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдерімен бірлескен коучинг өткізді. Коучингке Қостанай қаласы мектептерінен № 8 ОМ, № 18 ОМ, № 2 ОМ, № 11 ОМ, № 1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қатысты.
2018 жылдың 10-11 қаңтар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты оқытушылары мен Қостанай облысы Колледж оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинарды социалдық гуманитарлық факультетінің оқытушылары Қ.Қ.Абильмаликов, А.Б.Анасова, Ш.К.Есмаганбетовалар өткізді. Семинардың мақсаты - тыңдаушыларды критериалды бағалау жүйесімен таныстырып, оның түрлері мен ерекшеліктерін анықтау.
2018 жылы 11 қаңтарда қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты мектеп бағдарламасын жаңарту аясындағыбағалау түрлері жағдайын талқылау және Қостанай қаласындағы ММ ФМЛ-де бағалаудағы жұмыс тәжірибесімен танысу. Семинарда қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың теориялық негіздері, мектепте оқыту процесінде берілген бағалау түрлерін енгізу және қолдану мәселелері талқыланды.
2018 жылдың 10 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен Педагогикалық шеберлік орталығы АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» Кембридж университеті (Ұлыбритания) бірігіп дайындалған Үшдеңгейлік бағдарлама бойынша ҚМПИ Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті және Филология факультеті оқытушыларына «Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар: Диалогтік және топтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау» тақырыбында Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Алиева Д.А., Сейсембай Г.А., Абдрашева А.Қ. әдістемелік семинар өткізді.
2018 жылдың 10 қаңтарында 714 аудиторияда жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдар кафедрасында"Оқытуда CLIL технологиясын қолдану" атты әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Балжанова Айгуль Магжановна өткізді. Семинардың мақсаты - CLIL технологиясының әдістемелік мазмұның талқылау және оны биология, география, химия пәндерін оқыту кезінде орта мектепте жаңартылған бағдарлама аясында пайдалану.