2018 жылдың 9-қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович профессор-оқытушылар құрамымен кездесу және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының жұмысымен танысу үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына келді. Мәжілісменді Қостанай облысының әкімінің орынбасары Жүндібаев М.К. және облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының хатшылық жетекшісі Шуленов.М.М. және мемлекеттік органдар өкілдері қарсы алып, таныстыру шараларын жүргізді..
Экономикалық реформалар және аймақтық даму Комитетінің мүшесі Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Сыздықов Тұрғын Ысқақов 2018 жылдың 8-қаңтарында жұмыс барысымен Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында болды.Депутатпен кездесу профессор-оқытушылар құрамымен Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасында өтті. Кездесу барысында депутат маңызды экономикалық және әлеуметтік бағытта елдің дамуын, ортақ мақсатпен дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөнінде атап айтты.
29 қараша мен 5 желтоқсан аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде ЖИТС-қа қарсы күрес күніне арналған плакаттар байқауы өтті. Конкурстың ұйымдастырушылары деканат және студенттік топтардың кураторлары болды. Бұл іс-шараның мақсаты - осы аурулардың қауіп-қатері туралы білімді кеңінен тарату және университеттің студенттері арасында алдын-алу. АИТВ/ ЖИТС проблемасының өзектілігі бұл ауру тек медициналық проблема ғана емес. Оның таралуы қоғамның барлық салаларына әсер етеді және әрқайсымызға қатысты.
4 января 2018 года профессорско-преподавательский состав кафедры теории и практики физической культуры, спорта и туризма приняли участие в международном научно-практическом семинаре (он-лайн) на тему «Физическая культура,спорт и туризм в системе подготовки специалистов в области информационных и коммуникационных технологий». Организатором данного международного мероприятия выступил Актюбинский государственный педагогический университет им. К.Жубанова, среди участников кроме Костанайского государственного педагогического института в нём были представлены: Институт физической культуры, университета экономики в Быдгоше (Польша), Национальный государственный университет им. Абая, Атырауский государственный университет им. Х. Досмухамедова.
Халықаралық өмірдің ерекшеліктері жоғары білім берудің жаңа үрдістерін тудырады. Бүгінде дүние жүзінде біртұтас білім беру кеңістігі құрылуда, ол әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарынан студенттерді кеңінен алмастыруды көздейді. Жыл сайын халықаралық академиялық мобильділік өсіп келеді және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты - мұның айқын дәлелі. 2017 жылдың 28 желтоқсанында оқу жылының бірінші семестрі бойы Францияның оңтүстігіндегі, Перпиньян қаласындағы халықаралық L'Université dePerpignanViaDomitia университетінде француз тілінен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып келген институтымыздың филология факультетінің 4-курс студенттері Петрова Наталья, Бакеева Зарина, Асембай Маржан, және де, осы мамандықтың 3-курс студенттері Чунина Анна туған институтының қабырғасына оралды.
2017 жылдың 28 желтоқсанында «Ыбырай Алтынсарин - Қостанай жерінің көрнекті өкілі» студенттік интернет-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың шарттары бойынша интербелсенді білім беру интернет-сайттарында туған жердің тарихы мен мәдениетін, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған жобаларды ұсынды. Байқауға 6 авторларық жоба қатысты. Байқау жұмыстары жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және конкурстық номинацияларына сәйкестігі.
2017 жылғы 28 желтоқсанда облыстың «ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетінде Ыбырай Алтынсаринның феномені» атты оқушылар арасында ғылыми жобалар бойынша сырттай байқау қорытындысы шығарылды. Конкурсты Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және академиялық ұтқырлық кафедрасында Ы. Алтынсарин орталықтары өткізді.
25-желтоқсан жаңа жыл қарсаңында бейнелеу өнері және сызу мамандығының білімгерлері «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Темірбекова Ж. «Бояулардағы көңіл » жеке көрмесін өткізді. Білімгерлер балаларға аквагрим бейнелік суреттерін салып, мәз мейрам қылды. «Айналайын!» әлеуметтік жобасының жетекшісі бейнелеу өнері және сызу мамандығы 1, 3 курстарының кураторы аға оқытушы Қасаболат А. Ж. балаларға арналған сыйлықтармен тәттілерді үлестірді. Мерекелік кештің соңы балалармен ұйымдастырылған ойынмен жалғасты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика кафедрасы жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы орталық, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, 2017 жылдың 25 желтоқсанында облыстық Ы.Алтынсарин оқуларын өткізді. Байқаудың мақсаты жас ұрпаққа ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин мұраларын жеткізу және насихаттау және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру. Байқауға 6-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсатына сай Ыбырай Алтынсарин шығараларын оқуға құштар облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған 32 оқушы бақ сынасты.
2017 жылы 22 желтоқсан күні ҚМПИ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Рудный қаласының № 5 мектеп-гимназиясының оқушылары қонақта болды. 2- сынып оқушылары өздерінің мұғалімдері О.В. Отто және Т.В.Березийлердің жетекшілігімен жаратылыстану ғылымдары кафедрасы жанындағы палеонтологиялық мұражайға келіп, мұражай жәдігерлерімен танысты. Оқушылар кафедраның аға оқытушысы С.И.Курловты аса зор қызығушылықпен тыңдады. Мұражайдағы профессор Ю.В.Пережогиннің жетекшілігімен жинақталып, жүйеленген мұражай жәдігерлеріне қызығушылықпен қарап, өздерін қызықтырған туған өлкенің өсімдіктер және жануарлар әлемі, археологиялық табылған қазындылар туралы сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.