2017 жылдың 3 желтоқсан күні «Дионис» ойын-сауық кешенінде «Студенттік ару-2017» байқауы өтті. Байқауда Қостанай облысы ЖОО, колледждерінің сұлу да талантты студент қыздары бағын сынады. Біздің институт атынан: Жаратылыстану-математика факультетінің 2 курс студенті Умбетова Динара мен Психология-педагогика факультетінің 2 курс студенті Нұрахмет Дана қатысты. Қыздар 3 қараша күні ҚМПИ акт залында өткен кастингте іріктеліп алынған болатын.
30 қарашада орыс тілі және әдебиеті кафедрасымен «Білім беру жүйесінің жемісті қызмет етуінің талабы ретінде студенттер мен оқытушылардың санасын модернизациялау» семинары өткізілді. Семинар мақсаты – студенттер мен оқытушылардың санасын модернизациялаудың жолдарын белгілеу. Семинарға қатысу үшін облыс пен қаланың мұғалімдері шақырылды. Семинар барысында мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі, оны қазіргі заман талабына сай ету туралы оқытушылар мен мұғалімдердің мүдделі әңгімесі өтті.
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт. Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде ЖИТС пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады. ЖИТС-пен Дүниежүзілік күрес күні 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет ДДСҰ-мен (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 1998 жылы аталып өтіп, 1996 жылдан бері ЮНЭЙДС-пен (UNAIDS, БҰҰ-ның біріккен бағдарламасы) аталуда.
2017 жылы 30 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Саяхат» өлкетану клубы жоспарына сәйкес география магистрлері, оқытушылар Коваль В.В., Загорулько В.В, Жусупова А.У. жетекшілігімен «Современные топонимические переименования: плюсы и минусы» тақырыбындағы дискуссиялық-зияткерлік ойыны өткізілді. Дебатқа «География» мамандығының 1-4 курс студенттері: Печоркина Марина, Сарханов Владимир, Абатова Азиза; «Биология»: Гаджиева Севиль, Карпова Карина; «История»: Жанглыш Абылай қатысты.
2017 жылы 30 қарашада «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1-4 курс студенттеріне Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағаттар өткізіліп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі туралы фильм көрсетілді. Тұңғыш Президент күні мерекесінің басты мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі және болашақтағы елдің тұрақты дамуы үшін негіз қалаған Мемлекет Басшысының идеялары мен саясаты туралы қоғамды нығайту.
30 қараша куні сағат 11.30 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұнғыш Президент күніне арналған «100 нақты қадам» атты кураторлық тәрбие сағаты өтті. ӘГФ деканы және әлеуметтік тәрбие жұмысы басқармасының қолдауымен іс-шара ұйымдастырылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынын «Музыкалық білім» мамандығының 50 студент акт залында жиналды. ӘГФ факультеті өнер кафедрасының аға оқытушысы 4 курс кураторы Саятулекова Л.С. іс-шара басталғанда жиналған қауымның алдында сөз сөйледі. Содан кейін Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың күзінде облысымызда болған сапары бейнеленген видеофильм көрсетілді.
2017 жылдыі 30 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының А-205-ші аудиториясында, институт студенттері Ассамблеясының бастамасымен белсенді студенттердің көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында семинар-тренинг өтті. Тренинг мақсаты: топтағы қатысушылардың жеке қасиеттерін ашу. Көшбасшы – топтағы аса маңызды жағдайларда, басқаларға соны орындататын шешім қабылдай алатын топ мүшесі. Яғни, топтың барлық мүшелерінің қызығушылығын оятатын және қызметінің бағытын анықтай алатын шешім қабылдау қабілеті бар адам.
Қалалық және облыстың оқытушыларымен ғалымдардың зерттеушілік дағдыларын дамытудың ынталандыру мақсатымен Британ Кеңесі және А. Байтұсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университітінің Кәсіби даму және арақатынас Орталығы "Researcher Connect" атты халықаралық семинар ұйымдастыран. Осы семинарда 28-нен 30-шы қарашада ҚМПИ қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, э.ғ.к. Тобылов К.Т. және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Данилова В.В. қатысты.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Қараша айының 29-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Шошақова Ж.Қ., Батырғалиева А.С. ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен 1-желтоқсан – Президент күніне байланысты «Дарынды билеуші – ел бақыты» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
2017 жылдың 29 қарашасында сағат 11:00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа 45 минут» акциясы өткізілді. Бұл іс-шара білім беру ұжымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін республикалық акция аясында, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын талқылау барысында өткізілді. Назарбаев Университетінің шеңберінде Нархоз университетінің бастамасымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен академиялық адалдық тақырыбына телекөпір өтті, Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары да қатысты.