24 қараша 2017 жылы ҚМПИ өнер кафедрасының аға оқытушысы Сапиев А.С. студенттерімен ҚМПИ студенттер үйінде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша 2016 жылдың Қостанай облысының меценаттар клубының иегері, Қазақстан республикасының суретшілер одағының мүшесімен кездесу болды. Студенттер суретшінің өмірбаянымен және суреттерімен танысты. Студенттерге ерекше қызығушылық туғызған автордың тарихи жанрлық шығармашылық жұмысы. Абылай хан, Еділ қаған, Қоркыт ата, Қозы Корпеш және Баян Сұлу портреттері, бүркітші суреттерде бейнеленген.
2017 жылы 24 қараша күні 210 дәрісханасында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-3 курс студенттерінде пән олимпиадасы өтті. Бұл іс-шара мақсаты құқық және экономикадан білімдерді насихаттау. Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері» кафедрасының меңгерушісі м.а. ф.ғ.к., доцент Амантаева А.Б., құқық магистрі, аға оқытушы Разуваева М.В., экономика магистрі, аға оқытушы Антаев Ж.Т. Іс-шара мемлекетіміздің негізгі заңының құрылымын білуге арналған тренинг, ҚР Конституциясы нормаларын білуге арналған тест, сәйкестендіру тапсырмалары және экономикалық есептерді шығаруға бағытталған.
2017 жылдың 23 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасында, Жастар және студенттер ұйымымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жусупов Абай Жангелдыулы, жастар және студенттер ұйымымен жұмыс жасау бөлімінің маманы Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы, студенттер мәдениет үйінің маманы Шөкенов Жалғасбек Мырзағалиұлы институт жатақханасында тұрып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты студенттерді белсенді студенттік өмірге шақыру, бойындағы өнерін өрлету, көшбасшылық қасиетін арттыру және институт қабырғасында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді атсалыстыру еді.
2017 жылдың 23 қарашасында Жаратылыстану-математика факеультетінде ҚР ЖҚТБмен күресу Әлемдік Кампаниясының аясында «Денсаулық сақтау құқығы» атты семинар-тренингі өтті. Бұл іс-шара АҚТҚ / ЖҚТБ жастардың назарын аудару, білімдерін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен өткізіліп отыр. Денсаулық – адамның ең қымбат құндылығы, оны сақтау және жақсарту әрбір адамның өз қолында. Аталмыш іс-шараның шақырылған қонақтары студенттерге АҚТҚ мен ЖҚТБ берілу және таралу жолдары туралы, бұл аурулардың алдын алу мүмкіндіктері туралы баяндады.
2017 жылдың 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» атты оқу-әдістемелік апталық барысында «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.
2017 жылдың 23 қарашасында институт конференц-залында Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, танымал теледокументалист Бекмухамедова Гүлжібек Баекенқызы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер қонағымызға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу Гүлжібек Баекенқызының авторлық «Президент, как отражение нашей мысли» атты фильмін көрумен жалғасты. Елбасымыздың өмір жолы, Қостанай облысындағы іс-сапарлары туралы керемет фильмнен кейін, ҚМПИ ұстаздары мен студенттері атынан қонағымызға гүл табысталды.
Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында 2017 жылдың 23 қарашасында Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гиназиясында «Шағын жинақталған мектепте кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалаушылық-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысуға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ бөлімі) шақырылды. Семинар жоспарына сәйкес жұмыс қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларыныңфункционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
2017 жылдың 23 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің Химия мамандығының шәкірттері мен оқытушыларымен Ұлт Көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» мақаласын талқылау іс-шарасы өткізілді. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Пікірталас барысында білім берудің гуманистік қызметі және технократия дәуірінің мүмкіндіктері жайында сөз қозғалды. Студенттер мен олардың тәлімгерлері білім беру жүйесінің жаңалықтарын белсенді талқылады.
Қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан, соның ішінде қазақтың танымал ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық және шығармашылық мұрасын зерттеп және дәріптеп жүрген филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин атындағы орталықтың маманы Серікбай Оспанұлы Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік ғылыми сыйлықтың иегері атанды. Серікбай Оспанұлы - белгілі қазақ ақыны, «Жер жүрегі», «Жарқын жастық», «Қоңыраугүл», «Айгүл»», «Алтын арқау», «Батыр туралы баллада» еңбектерінің және көптеген жинақтардың авторы.
2017 жылдың 21 қараша айында ақпаратты кітапхана орталығында химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағалиева Батжан Мұқанқызымен кездесу өткізілді. Кешті АКО оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жақсыбаева Б.К. жүргізді. Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты – қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Кешке жаратылыстану- математика факультетінің 1- 2 курс студенттері қатысты. ЖМФ 1 курс студенттері Касымова Айтолкын, Исмагулова Айгерим, ұстазға арнап ақын Ж. Нәжімеденовтің «Ұстазға арнау»және «Ұстаз»деген өлеңдерін оқыды.