2017 жылы 2 қараша күні «Филологияны ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 4 курс студенттеріне іскерлік ойын түрі ретінде (оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты Пчелкина Т.Р.) сабақ өткізілді. Барлық қатысушылар өз рөлдерін алды: кафедра меңгерушісі, студент, ғылыми жетекші, рецензент, кітапхана жұмыскері, МАК хатшысы және т.б.
2017 жылдың 1 қарашасында Халықтық дипломатия және Медиация мектебінде төртінші сабақта өткен, «peer-to-peer education» немесе «тең-теңімен» қағидасы толығымен орындалды. Бұл сабақта жаттықтырушы - модератор боп кәсіби мұғалім емес, «Психология» мамандығының төртінші курс студенті, Халықтық дипломатияның және Медиация мектебінің түлегі Мишанова Екатерина жүргізді. Сабақ тренинг түрінде өткізілді және «Қақтығыс сипаттамасы әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбына аяқталды.
2017 жылдың 2 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасында «Мәңгілік ел» бағдарламасының төңірегінде «Қазақстанның қазіргі білім жүйесі және оның орындалуы» атты методикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты- орта мектептің жаңартылған бағдарламасының төңірегінде, жаратылыстану ғылымдарының-биология, география, химия, типтік оқу жоспарына енгізілген өзгерістерді талқылау. Семинарға Қостанай облысы және қаласының білім беру мекемелерінің мұғалім-практиканттары шақырылды (А.М.Горький атындағы гимназия, ҚМУ дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты, М.Қозыбаев атындағы №23 мектеп).
2017 жылдың 2 қарашасында Қостанай мемлекеттік университетінің конференц залында Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» бабын іске асыру мақсатында, білім беру ұйымдарына өлкетанушылық білім беру үшін және Қостанай облысында туризм саласын дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкетану бойынша «Өлкетану қызметі жасөспірімдерді тәрбиелеу факторы» тақырыбы аясында дөңгелек стол өтті.
2017 жылдың 1 қарашасында Психология және педагогика факультетінде «Туған жер-туған ел» атты патриоттық плакаттар сайысы өтті. Конкурстың басты мақсаты мен міндеттері: «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру шеңберінде студеттердің бойындағы елдің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау. Сайысты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3курс студенттері Балтабаева Гүлнұр мен Шаисламова Азиза жүргізді.
2017 жылы 31 қазан айында ақпараттық кітапхана орталығы колледж кітапханаларының басшыларына «Білім беру кітапханаларында оқырман-дарға арналған анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызметтер жүйесі» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Білім беру кітапханаларының анықтамалық-іздестіру аппараттарын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру мәселелері қаралды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы пікірлерімен және де жұмыс тәжірибелерімен алмасты.
2017 жылдың 31 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың шетел тілдері кафедрасының базасында халықаралық деңгейдегі ғалымдардың (Ұлыбританиядан, Варвика университетінің философия ғылымдарының докторы М.Эстрада, Полшадан, К.Велико атындағы Казимеш университетінен В.Петров,Үндістаннан профессор Санкаракумар) қатысуымен «Жаһандану әлемі: білім берудегі саяси және әдеуметтік-экономикалық үрдістер(тенденциялар)» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
30 қазанда 2017ж «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында» «Ы. Алтынсариннің діни тағылымы» «Мұсылманшылық тұтқасы кітабы бойынша» дөнгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Құқық негіздері мен экономика» және «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Арнайы шақыртылған қонақтары ретінде болды: наиб имам Бахытжан, Шаукенов Ж. А. Дінтану сабағының оқытушылары Бухметова А. А. және Байтикенова У. К. Мауленов атындағы гимназияның мұғалімі. Студенттерге Ы. Алтынсариннің кітабы бойынша презентация ұсынды, шақыртылған қонақтар өз пікірлерін айтты.
Қазан айының соңында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде «Білім беру саласындағы жаһандық бәсекелестікке дайын дене шынықтыру және спорт мамандығының қызметкерлерін даярлау» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Дене шынықтыру және балалар мен жасөспірімдер туризмнің аймақтық орталығы» ҚМУ өкілдері, БЖСМ директорлары, мектеп мұғалімдері және дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен тәжірибесі кафедрасының мұғалімдері шақырылды.
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі шаралары: заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу, педагогикалық мамандар құрамының сапасын арттыру, қазақстандық патриотизмді, төзімділікті дамытуға бағытталған тәрбие жұмысын күшейту және т.б. Осы міндеттерді шешу Болон декларациясының талаптарын орындау мәнмәтінінде айрықша маңызға ие. Белгілі болғандай, біртұтас әлемдік білім беру кеңістігін қалыптастыру, ең алдымен, оқу үдерісін ұйымдастыруда үйлестіру амалын білдіреді. Болон үдерісі аясында студенттердің, оқытушылардың және университеттің бас қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығына үлкен мән беріледі.