2017 жылдың 13 қазанында жаратылыстану-математикалық факультетінде «Фифи» бедвечерлер клубының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Тырналар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. «Биология» мамандығының студенттері экологиялық күнтізбенің осы бір тамаша мейрамымен танысып, тырналардың сирек кездесетін және жоғалу қауіпі бар түрлерімен танысты. Тырналар ғаламшарымызда өмір сүретін ең әсем құстардың бірі болып табылады.
Қазан айының 13-жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конференц залында институттың «Рухани жаңғыру» бөлімі және филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бірлесе отырып, «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудағы басты басымдықтардың бірі» атты дөңгелек үстел өткізді. Білім беру ұйымдарындағы "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асырудағы өткізіліп жатқан іс-шаралар тәрбие жұмысы үшін түрткі және негізгі себеп.
2017 жылдың 13 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ПОҚ және студенттердің қатысуымен, институттың конференц-залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы – болашақтың темір қазығы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жобалау офисінің басшысы Балғабаева Г.З. іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалпықазақстандық менталитет және мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерімізді ескере отырып, ұлттың интеллектуалды, рухани және шығармашыл әлеуетін жаңғырту шарттарын белгілеп бергенің атап кетті.
Бүгінгідей жаһандану заманында ағылшын тілінің маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарындаағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие болып отыр. Ағылшын тілін білу шәкірттерге ғылым мен техника саласында кәсіби табысқа қол жеткізуге және қажеттіліктерін қанағаттаныдуға мүмкіндік туғызады. Тиісті оқу бағдарламасының әзірленуі, шәкірттердің кәсіби тұрғыдаалған білім дағдыларын қолдануға ажәне өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға негіз болады. оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге ағылшын тілін оқытудың бірізді тәсілін ұстануы қажет.
Ағымдағы жылдың 12 қазанында ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және академиялық ұтқырлық орталығы «Қостанай-Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып облыс мектептеріндегі дарынды оқушылардың 5-8 сынып оқушыларына арналған математика және информатика пәндері бойынша Юниор олимпиадасын өткізді. Олимпиада ҚМПИ-ның қабырғасында өтті. Олимпиадаға 101 оқушы қатысты, оның 12 ауданнан және қалалардан , сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары.
Екінші рет ашылып отырған Медиация мектебі және халықтық дипломатияға қызуғышылық танытып отырғандарды шақырамыз. Бұл жолы біз ЖОО студенттерімен қоса бірінші рет Қостанай қаласының мектеп оқушыларын шақырамыз. Дөңгелек үстел форматындағы 2017 жылдың 12 қазан аралығында Қазақстан Халық Ассамблеясы кафедрасында екінші жылдың ашылу салтанаты өтті.
2017 жылдың 12 қазанында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының үшінші курс студенттері орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының кураторы О.В. Ковальмен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласын талқылау үшін «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. Студенттер баяндамалар мен бейнероликтер дайындады. Мемлекет басшысының мақалалары қарастырылды. Н.Назарбаев ұсынған жобалар жеке аспект боп бөлінді. Студенттер латын алфавитіне көшу уақыттың жаңа дәуіріне сай келетінін, сонымен бірге тілдің әлемдік мәдениетке жақындасуының алғашқы қадамы туралы талқылады.
Осы жылы жазғы студенттік универсиада Талдықорған қ. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетте өтеді. Олардың базасында еркін күрестен, самбо, бокс, дзюдо, садақпен ату, регби, жағажай волейболы мен ауыр атлетикадан студенттер сайысы өтеді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жетісу мемлекеттік университеті аясында, 2017 жылдың 8-11 қазан аралығында өткен еркін күрес пен самбодан қатысты. Балуандар командасын оқу-тәрбие орталығының меңгерушісі Төлегенов Аманжол Бақытжанов алып жүрді.
2017 жылдың 9,10,11 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын ҚМПИ қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің 1 курс барлық мамандықтарының студенттерімен талқыланды. ҚМПИ жобалық кеңсе басшысы Балгабаева Г.З. қоғамды жаңғыртудың саясы және қоғамдық маңыздылығын атап өтті. Институт ПОҚ ұжымының бағдарламалық мақаласын іске асырылуы туралы айтып өтті. Қазақстандық патриотизм үшін «Туған жер» бағдарламасының маңыздылығы жайлы аудиторияның назарын аударды.
2017 жылдың қыркүйек айының 12 мен 14 аралығында Ақтөбе қаласында 6-шы Республикалық «Ақ бидай» ауылдық ойындар турнирінде Қостанай облысының құрамасы асық атудан 1-ші орынды иеленді. Құрама жетекшісі ДШСжТ факультетінің жоғары санатты мұғалімі Какашев К.Т. өткен турнирде Костанай облысының тоғызқұмалақ бойынша құрамасы 3-ші орынды иеленді.