28-29 қазанда Астана қ. ҚМПИ –тың жаратылыстану-математика факультеті бойынша «Информатика» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам және Дін істер министрлігінің қолдауыменен «Болашақ» Қауымдастығы өткізген, «Жастар Отанға» республикалық инновациялық идеялар фестиваліне қатысты. Фестиваль білім беру модулінен және жобаның бағалау бөлігінен құрылды, оның ішіне: инновация саласында мамандандырылған жоғары білікті жаттықтырушылардан семинар-тренингтер; идеялар мен жобалардың тұсаукесері бойынша мастер-класстар; Қазақстанның белгілі қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесулер; іскерлік- ойындар; инновациялық идеялар байқауы кіреді, мұнда студенттер өздерінің іске қосу-жобаларын қазылар алқасына ұсынды.
2017 жылдың 28 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облысының жастар Форумы өтті. Форумды Қостанай облысының жастар және балалар ұйымдары Ассоциациясы мен Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы бірігіп ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде әр жоғарғы оқу орыны өз өнерлерін көрсеткен диалог алаңы, концерт өтті. Форум жұмысына АрМПИ, РИИ, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және біздің институт студенттері қатысты.
2017 жылдың 26-27 қазанында Астана қаласында Қазақстанның дінтанушыларының VII съезі өтті. Жетінші форумның тақырыбының сұрақтарына «Халықтың діни сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық -түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» жатады. ҚМПИ-ның өкілі ретінде «Еркін пікір» САНТ басшысы Д.Е. Әбенов болды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам және Дін істері министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті ұйымдастырды. Семинарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысының тиімді әдістері ұсынылды.
Жастар ортасында жиілеп кеткен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына байланысты 2017 жылғы 27 қазан күні сағат 12.30-да шетел тілдері кафедрасының тәлімгерлерімен өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен олардың алдын алуға арналған іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Қостанай облыстық орталығының психолог-маманы Инна Кокандова шақырылды. Іс-шара әңгімелесу түрінде өтті.
2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында ҚМПИ- ның студенттік ақпараттық-насихаттау «Еркін Пікір» тобының бірінші мүшесі Руслан Мырзағалиев Қостанай қаласының № 17-мектепте, индустриялық- педагогикалық және автожол колледждерінде тренингтер, тапсырмалар және басқа да іс-шаралар өткізді, сондай-ақ Қостанай қаласының мектептерінде, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің және Қазақстан Республикасының тәжірибелі психологтарының қауымдастығының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру аясында өткізілді.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 26 қазанда «Химия» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» болашаққа бағдары аясында «Химия руының жалғасы» атты кураторлық сағат өтті. Б.А. Бірімжанов «ХИМИЯ» ДЕГЕН ТЕК ҚАНА МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ОЛ «РУ» деп айтатын. Бұл сөзді естіген химиктер өздерін бір-бірімен туыстай сезініп, туыстық, достық, бір-біріне жан ашырлық қарым- қатынастарын күшейте түсетін. Б.А.Бірімжановтың декандық кезінде С.М.Киров атындағы Қаз ҰУ-нің химия факультетін бітіріп, сол кісінің жетекшілігімен кандидаттық диссертацияларын қорғаған – бүгінгі күндегі зейнеткерлер Қ.Ғ.Ханапин, З.Е.Утиналар өз кезегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы химия кафедрасын қалыптастырып, дамытуға зор үлестерін қосса, сол университеттің химия факультетінің түлектері, химия ғылымдарының кандидаттары Б.М.Жумагалиева, Қ.А.Әбдіхалықова, Г.О.Таурбаева, химия магистрі Ә.Б.Нурушевалар бүгінгі күнде жаратылыстану ғылымдары кафедрасында еңбек етуде.
22-26 қазан аралығында республикалық деңгейде Бурабай қаласында Discoverey-Borovoe демалыс орнында «Мәнгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында ұйымдастырылған «Серпін - 2050» ұлттық жобасы бойынша білім алып жатқан студент жастар арасындағы көшбасшылар жиыны болып өтті. Аталмыш іс-шараға институтымыздың қаржыландыруымен Ділдаш Каппарқызы жетекшілік еткен Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Арыстан Нұралы және педагог-психолог мамандығы 3 курс студенті Нуракова Нурсауле барып қатысты. Жиын барысында олар өз белсенділігін танытып, сертификаттармен марапатталды.
26 қазан күні сағат 15:00-де ҚМПИ-ның акт залында филология ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері М.Әуезовтің «Желісті байланыстыратын уақыт» кітабының тұсаукесері өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты В.И. Жаркова кітаптың мәселелер жиынтығы мен тақырыптамалары ұсынылған, композициялық ерекшеліктері белгіленген және тәрбиелік маңыздылығы туралы баяндама дайындалған. Ол жазушының көркемдік әлемін құрастыру ретінде, рухани салаға ерекше назар аударды. Кездесу барысында жұмыс авторы В.И. Жаркованың баяндамасын жоғары бағалады және оған шығармашылық табыстар тіледі.
Фёдоровка ауылының №1 орта мектебінің оқушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына экскурсияға шақырылды. Мектеп оқушыларына таныстыру экскурсиясын өткізудің негізгі мақсаты - балаларды институтқа қабылдау. Биылғы жылдың 25 қазанында сынып жетекшілерімен бірге 11 сыныптың 24 оқушысы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қостанайға келді. Кәсіптік бағдар жұмысына жауапты адамдар, факультеттердің оқытушылары және институттың қабылдау комиссиясының қызметкерлері балаларды қарсы алды.
25 қазанда сағат 18:00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының негізгі спорт залында 1-4 курс студенттер арасында баскетболдан чемпионат өтті. К.К.Абильмаликов және С.В. Самаркин бастаған оқытушылар командасы, әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің, жаратылыстану математика факультетінің және дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің студенттері- чемпион атағына және бірінші орынға тоғыз команда күресті. Мұғалімдер командасы есебінен екі жеңіс. Майкл Джорданның және Коби Брайанттың, Шакил О'Нил мен Александр Кириленконың сүйікті ойынында студенттер өздерінің допты иелену шеберлігін, физикалық деректерін, өздерінің қарсыластарымен күресудің стратегиялық және тактикалық әдістерін көрсетті.