2017 жылғы 2 қыркүйек күні ЖМФ бірінші курс студенттері үшін Білім күні мен Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Институт табалдырығын жаңа ғана аттаған студенттер ересек өмірге алғаш қадамдарын жасады.
Салтанатты бөлім мен шағын концерттік бағдарламадан кейін балалар өздерінің тәлімгер кураторлары мен факультеттің оқытушыларымен танысуын бастады. Олар үшін жаратылыстану-математикалық факультетінің зертханаларына, мамандырылған кабинеттеріне және мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Жайдарлы жаз аяқталып, күздің алғашқы күнімен бірге келген білім күні жаңа бастауға, жаңа жетістіктерге жетелейтін атаулы күн екені белгілі. Жаз бойы күш жинап, жаңа оқу жылына аяқ басқан оқытушылар да, студенттер де бұл күні ерекше жадырап жүретіні хақ. Дархан далада күміс қоңырау үні күмбірлеп, білім шамшырағы жағылатын ұмытылмас сәт. 2017 жылдың қыркүйегінің 2-жұлдызы Қостанай мемлекеттік педагогкалық институты дәл осы ұмытылмас керемет сәттің куәсі болды. Білім күніне арналған мерекелік, салтанатты іс-шара біздің қара шаңырақта да аталып өтілді.
2017 жылдың 28 тамызында ҚМПИ бақылау кеңесінің мүшелері Білім басқармасы әкімдігінің «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры - Искандирова Татьяна Николаевна, «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБА институтының директоры - Слесарь Марионелла Васильевна, Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры- Сапаков Думан Набильевич бақылау кеңесінің мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ ұйымдастырды. Іс-шара Гумилев Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.
2017 жылдың 17 - 18 тамызы аралығында ҚМПИ бақылау кеңесінің хатшысы Козыбаева Махаббат Мәлікқызы қадағалаушы кеңестің хатшылары мен корпоративтік хатшыларға арналған семинарға қатысты. Семинар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауыменен «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ «Топтық басқаруды тағайындаудың жаңа қағидаларын ескере отырып, корпоративтік басқару органдарының қызметін бақылау және бағалау» жобасы шеңберінде өткізілді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2017 жылдың 29 мамырынан бастап 10 маусымға дейін мектеп, колледждер мұғалімдеріне арналған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы бастауыш сынып оқушыларды оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы тақырып бойынша білім берудің жаңғырту жағдайындағы бастауыш білім берудегі инновациялық процесстері, бастауыш мектептегі белсенді әдістері мен инновациялық технологиялары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялары сұрақтарын қарастырылды.
"Білім беру және тәрбиелеу жағдайында жаһандық дағдарыс кезеңіндегі рухани-адамгершілік аспектілері"
6 маусым 2017 жылы сағат 14.00 де ҚМПИ –ның конференц- залында «Достастық елдерінің ЖОО-да "білім беру және тәрбиелеу жағдайында жаһандық дағдарыс кезеңіндегі рухани-адамгершілік аспектілері"» тақырыбында халықаралық онлайын дөңгелек үстел өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» және Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің «практикалық және арнайы психология» кафедралары ұйымдастырып сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге ҚМПИ-ның «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» және НМПУ-нің «Практикалық және арнайы психология» кафедрасның оқытушылары қатысты..
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2017 жылдың 22 мамырынан бастап 3 маусымға дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы тақырып бойынша «Оқу және ойлау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту» жобасының философиясы, ұжымдық оқытудын тиімді әдістері, сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін заманауи технологияры мен әдістері бойынша сұрақтар қарастырылды. Институттың жетекші оқытушыларымен тәжірибелік сабақтар, мастер-класстар, ақыл-кеңестер және топтық пікірталас өткізілді.
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Тарих бетінде қастерлі күн саналатын «Саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні» жыл сайын тұрақты түрде аталып келеді. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды.
29 мамырда ақпараттық кітапхана орталығында «Репрессияға ұшыраған қазақ руханияты. Репрессии. Трагедия народа» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, журналдар және де жинақтар ұсынылған. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының басынан өткен ең бір қасіретті тағдыры кешегі тоталитарлық режим кезінде, атап айтқанда, ХХ асырдың 20 – 30 жылдарында Қазақстанда байларды тәркілеу (конфискация) және шаруаларды күштеп ұжымдастыру (коллективизация) кезінде орын алғаны белгілі. Осыны тарихшы ғалым Омарбеков Талас өз еліміздегі, сондай-ақ Ресейдегі архив құжаттарына сүйене отырып, нақты деректермен егжей-тегжейлі баяндайды.
27-ші мамыр күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын студент жастар арасында кеңінен талқыға салып, дәріптеу мақсатында филология факультетінің ұйымдастыруымен дебат ойыны өткізілген болатын.Елбасы жолдауыны дәріптелуінің тиімді жолын көрсетті. Осы тақырыпта көрермендер арасына ой тасталып, мәселе кеңінен қозғалды. Ой қозғап, сөз сөйлеген филология факультетінің студенттері Арыстан Нұралы, Шамитинов Азиз өз ойларын анық және нақты айта білді. Аталған іс – шара жоғары деңгейде өтті.