2017 жылдың 9 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында осы тақырып бойынша медиация және халық дипломатиясы Мектебінің кезекті сабағы өтті. Шақырылған эксперт ретінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ бөлімінің жетекшісі Маренинова Валентина Викторовна және Қостанай облысы әкімдігі Достық үйінің медиаторы Навоева Марина Владимировна сөз сөйледі. Өсіп келе жатқан ұрпақтын ортасында заңсыз ағымдардың өзектілігіне байланысты, сонымен қатар жаңа діни ағымдардың қызметі, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық келіспеушіліктердің шешілуінде медиаторлардың рөлі арта түседі. Қонақтар Мектеп тындаушыларына деструктивті діни ұйымдарға жаңа ізбасарларды тарту әдістерін айтып берді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының көптілділік орталығымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған шығармалар интернет-байқауы өткізілді. Байқауға Қостанай облысының 90 астам ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Ең белсенді Қостанай құрылыс колледжі, Лисаковск қаласының №3, 4 орта мектебі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Федоровка ауданының №2 орта мектебі, С.Мауленов атындағы гимназиясы қатысты. 2017 жылдың 3 наурызында Костанай мемлекеттік педагогикалық институтының Көптілділік орталығында 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған шығармалар интернет-сайсы қорытындыланды.
3 наурыз 2017 жылы тарих және өнер факультетінде Қоғамдық пәндер, құқы және экономика негіздері кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты, доценті Нурмагамбетова Лилия Искендировнаның «Құқық негіздері» пәнінен «Нарық және бәсеке» тақырыбында «Тарих» мамандығының 2 курс студенттерінде ашық семинар сабағы өтті. Сабақта оқу үрдісін жоспарлау мен инновациялық даму бөлімінің маманы Айман Кожаковна Бекентаева, т.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі Ярочкина Елизавета Викторовна қатысты.
2017 жылдың 3 наурызында 11.00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен, Алғыс күніне арналған «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» Облыстық шығармалар сайысының қорытындылау салтанатты рәсімі өтті. Бұл күні барлық Қазақстанда тұрып жатқан этностарға бір-біріне деген достығы, түсіністігі үшін, қазақ халқына қатан тоталитарлы режимінде, қайғылы депортация кезіндегі көрсеткен мейрімділіктеріне, жүрек жылуларына және көмек көрсеткендіктеріне алғыс айту дәстүр болып келеді.
2 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында мектеп медиациясының психологиялық негіздеріне арналған медиация Мектебінің үшінші сабағы өтті. Модераторы болып психология кафедрасының аға оқытушысы Бисембаева Асем Кумаровна сөз сөйледі. Сабақ тренинг түрінде өтті, пікірталас әдістері, психологиялық тапсырмалар, мини-дәрістер, рефлексия және жеке тапсырмалар қолданылда. Тренинг барысында қатысушылар келіссөздер жүргізгенде қолданылатын, негізгі психологиялық тәжірибелік әдістермен танысты, тез қарым-қатынас орнату тәсілдерін зерттеді.
2017 жылғы 2 наурызда Жаратылыстану–математика факультеті жыл сайынғы дәстүр бойынша «Жүрек Жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық іс-шарамыздың мақсаты еліміздің жас ұрпақтарының тәрбиесі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына және бұл арқылы өмірлерінің жақсаруына үлес қосу. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа. Акцияға қатысқан барлық қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз.
2017 жылғы 1 март «Алғыс айту» күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Баян Кусаиновна және «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Қостанай облыстық бейімделу орталығында болып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Студенттер рөлдік ойындар, тренингтер өткізіп, ән айтып, би билеп ондағы балалардың көңілін көтерді. Әсем әуен, көңілді ойындар балалардың шығармашылығын оятып, оларда өлеңдер оқып, би билеп, ән салып ңісағымды атмосфера жағыдайында өтті. Орталықтың басшылары мен тәрбиешілері іс-шараның өтуіне жағдай жасап, балалармен бірге белсенді қатысты.
2017 жылы 28 ақпан айында әмбебап оқырман залында «Тарихшы күні» өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының магистрлары Абенов Д. Е. және Қалиев Д. Д. ұйымдастырған іс-шарада ақпараттық-кітапхана орталығымен ұсынылған «Тарих» мамандығының әдебиеттеріне қысқаша аналитикалық шолу өткізді.
Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Ақтөбе қаласында Ақтөбе пікірсайыс орталығы мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен ақпанның 24-26 аралығында «Алаш идеясы және Ұлы дала елінің мұраты» атты республикалық дебат турнирі өткізілген болатын. Турнирге Қазақстанның 7 облысынан (Астана, Алматы, Қостанай, Орал, Ақтау, Атырау, Ақтөбе) 20-дан астам оқу орнындарының белсенді жастарынан құралған жалпы саны 36 команда қатысты.
«Орыс тілі және әдебиет» мамандығының бірінші курс студенті Екатерина Лисогурская «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне волонтерлердің конкурстық іріктеуінен өтті. Қатаң іріктеуден кейін конкурсқа қатысушыларға болашақ волонтерлерді дайындау аясында арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша оқуды өту күтіп тұрды. Екі ай бойы волонтерлік қозғалыстың 120 қатысушыларының ішінде Екатерина бірнеше бағыт бойынша ЭКСПО көрмесінің тарихы, Қазақстан тарихы, тіл курстары, алғашқы медициналық жәрдем және т.б. оқыту курстарынан табысты өтіп, емтиханнан өтті. Алда жазғы демалыс күтіп тұр. Екатеринаның демалысын Астанада өткізуі және жылдың ең басты оқиғасын өткізуге өз үлесін қосуы күтілуде.