3.02.2017 ж. психология-педагогика факультетінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бойынша жиыны өтті. Жиында оқу-әлеуметтік тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жакаева С.А., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, Dph Қозыбаева М.М. және психология-педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Айдналиева Н.А. Елбасы Жолдауының төртінші және бесінші басымдықтарын жүзеге асыруда білім беру қызметкерлері үшін айрықша жауапкершіліктің жүктелетіндігін айтты.
2017 жылдың 8 ақпанында «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының апталығы аясында техника ғылымдарының кандидаты С.Г.Еслямовтың «Білім беруде сандық технологияларды қолдану: «Сандық» университет білім берудің жаңа сапасы ретінде» тақырыбында семинары өтті. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жыл сайынғы жолдауында «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді парламентке тапсырғанын еске салды. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.
2017 жылғы 8 ақпанда 5В011200 – Химия мамандығының оқытушылары мен студенттері «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасының «Тобыл таңы» таңғы бағдарламасына тікелей эфирге қатысу үшін шақырылды. 8 ақпан – ұлы орыс ғалымы, периодтық заңының авторы Д.И.Менделеевтің туған күні. Оқытушылар К.А.Абдыкаликова мен Г.О.Таурбаева бағдарлама жүргізушілерімен қоғам дамуындағы химия ғылымының маңызы, деннің саулығы үшін химияны білу қажеттілігі, мектеп, ғылыми мекеме және өндірістік кәсіпорындарға кадрлар даярлау бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасының жеткен жетістіктері туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар әңгіме мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруге де бағытталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы» 2017 жылғы 01 ақпандағы № 44 бұйрығымен босаған бос білім беру гранттары төмендегі студенттерге тағайындалды.
2017 жылдың 7 ақпанында «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының апталығы аясында «Практикум решения задач по информатике» пәні бойынша ҚМПИ доценті А.Д.Цыганованың «Процедуры и функции обработки строк» тақырыбында ашық сабағы өтті. Оқытушы өз сабағында АКТ элементтерін және оқытудың белсенді әдістерін пайдаланды. Сабаққа академиялық сұрақтар бойынша Департаментінің өкілі, кафедра оқытушылары қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2017 жылғы 7 ақпанда «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математика лицейі» мемлекеттік мекемесінде өткен «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының табысты кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуеті» атты Т.Е.Даулетбаев атындағы мектеп оқушыларының VI аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы пәндік секциясының жұмыстарына әділ қазылар алқасы ретінде қатысты. Кафедра оқытушылары аталған білім мекемесінің әкімшілігі және ұжымымен көп жылдан бері бірігіп белсенді жұмыс атқарып, семинарлар өткізуде.
2017 жылдың 4 ақпанында институтымыздың мәжіліс залында оқытушылар мен студенттердің Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Қыдырбек Балнұр Балғабекқызы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, "Шабыт" қазақ ұлттық өнер университеті «Композиция» кафедрасының басшысы, Қазақстан композиторлар одағы филиалының төрағасы (Астана қ.) Әбдінұр Серікжан Құтымбетұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдинмен шығармашылық кездесу өтті.
03.02.2017 жылы филологиялық факультетте ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылауға факультеттің барлық ұжымы және тәрбие жұмысы және әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Ахметов Т.А. қатысты. Кездесу барысында филологиялық факультетінің деканы, ф.ғ.к. К.Қ. Есіркепова мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Карбенова З.У. жолдауға қатысып сөз сөйледі.
2017 жылдың 03 ақпан күні А-205 ауд. Тарих және өнер факультетінің ПОҚ және студенттерінің қатысуымен факультет отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 31. 01. 2017 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылау. Мақсаты: ПОҚ және студент жастарды біздің Отанымыздың тұрақты дамуының негізгі басымдылықтарымен таныстыру.
3 ақпанда Студенттер үйі - №3 жатақханада тарих және өнер факультеті студенттерінің арасында Универсиада – 2017 орай шахмат пен шашкадан дәстүрлі чемпионат өтті. Турнирге өз шеберліктерін көрсетуге ниеттерін білдірген біршама студент жиналды. Турнир қорытындысы бойынша: шашкадан әйелдер лигасында – «Тарих» мамандығының 2 курс студенті Айнұр Амамбаева 1 орынға ие болды. Шашкадан ерлер лигасы чемпионатында 1-орын Абылайхан Бакытжанға бұйырса, 2-орынды Тәтен Мәулен, 3-орынды Ғиса Жанбота еншіледі.