Педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Елена Николаевна, Бримжанова Карлыгаш Сериковна, Разумова Лидия Павловна (Ресей Федерациясы Москва қ.) докторанттар мен аспиранттар арасында өткен халықаралық интелектуалдық сайысында екінші орынға ие болды. Студенттердің зерттеу тобының жетекшілері сайысқа 10.12.2016 ж. «Формирование казахстанского патриотизма в условиях этнотолерантного образовательного пространства учащихся общеобразовательной школы» жоба тақырыбын ұсынды.
23 ақпанда ҚХА кафедрасында «Медиация және халық дипломатиясының даму тарихы» тақырыбы бойынша медиация және халық дипломатиясы Мектебінің екінші сабағы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ақпан айыннан бастап медиация және халық дипломатиясы Мектебі өз жұмысын бастап кеткенін еске салсақ болады. Мектеп мақсаты: институт студенттерін келіспеушіліктерді шешуде делдалдықтың негізгі қағидаларына үйрету. Бұның барі болашақ педагогтарға қажет, себебі мұғалім заманауи мектепте тек өзінің кәсіби функцияларын ғана емес, мектеп келіспеушіліктерін шешетін және оларды болдырмау мүмкіндіктерін қарастыратын модератор жұмысын жасайды. Сабақты институттың тәжірибелі оқытушылары, Қостанай облысы Достық үйінің мамандары мен тренерлері тегін өткізеді.
2017 жылы 23 ақпан айында ақпараттық-кітапхана орталығында «Шетел тілі кафедрасының күні» өтті. «Академия» баспа орталығы және «Express Publishing» баспасымен шығарылатын әдебиеттерінің библиографиялық көрмесі электронды презентация арқылы таныстырылды. Сонымен қатар 2016 жылғы алынған шетел әдебиетінің жаңа басылымдары көрсетілді.
2017 жылдың 22 ақпанында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Полилингв» СҒҮ Студенттік оқулар атты халықаралық студенттік ғылыми конференциясын онлайн байланыста өткізді. Аталған конференция жұмысына Нью Йорк университеті, Карабюк университеті Түркия, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қатысты.
2017 жылдың 6 ақпанынан бастап, 18 ақпанына дейін қосымша білім беру факультетінде мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде шетел тілдеріне интерактивті оқыту» тақырыбы бойынша екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті.
Берілген тақырып бойынша келесі сұрақтар қарастырылды:
- www.Edmodo.com интерактивті платформасында виртуалды білім беру ортасын құру;
- www.Edmodo.com платформасындағы жұмысының техникалық тиімділігін қамтамасыз ету;
- Виртуалды білім беру ортасын қолдануымен интерактивті ағылшын тілі сабағын тәжірибелік модельденуі.
Институттың жетекші оқытушыларымен тәжірибелік сабақтар, мастер-класстар, ақыл-кеңестер және тренингтер өткізілді.
2017 жылдың 16 ақпан айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы Шахаман З.Б. кездесу өткізілді. Кешті филология факультетінің 1 курс студенті Колыханова Юлия жүргізді. Кездесуге тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты.
Сонымен, 2017 жылдың 16 ақпанында медиация Мектебінің ашылуы болды! Медиация Мектебінің тындаушыларына Самаркин Сергей Владимирович (қосымша білім беру факультетінің деканы), Карбенова Зауре Уразбековна (п.ғ.к., «Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының профессоры) және Навоева Марина Владимировна («Қоғамдік қелісім» РММ медиаторы) өз құттықтау сөздерін бағыттады.
2017 жылдың 11 - 12 ақпан аралығында Астана қаласында "Astana music games - 2017" атты музыкалық аспап орындаушыларының республикалық байқауы өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасында музыкалық аспап орындаушылығын дамыту, дарынды оқушылар, студенттер мен ұстаздарды анықтау және ынталандыру, музыкалық білім беру мекемелер арасындағы байланыс кеңістігін кеңейту."Музыкалық білім" мамандығының 2 курс студенттері Шегенова Асем (I орын), Кимельбаев Гизаттың (II орын) "Astana music games - 2017" республикалық сайысында лауреат атағын иеленулерімен құттықтаймыз.
Кафедра апталығының жоспары бойынша Информатика және КТ кафедрасы 2017 жылғы 10 ақпанында «Білім берудегі инновациялық технологиялары» (тренерлерді дайындау курстарының материалдары бойынша) ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесіп құрастырған деңгейлік бағдарламадағы модульдерді оқу үрдісінде қолдану сұрақтары.
2017 жылғы 9 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің базасында кафедра апталығы аясында Эразмус + Еуропалық одағы ортақ қаржыландыратын ACADEMICA халықаралық жобасының пилоттық тобына арналған семинар (Accessibility and Harmonization of Higher Education in Central Asia through Curriculum Modernization and Development ACADEMICA Project №561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP) өткізілді.