ҚМПИ студенттер үйінде ШТФ 100 студенті тұрады. 1 наурызда олар жөнделген бөлмелеріне көшті.Студенттер бөлмелердің эстетикалық түрінен, тұрмыстық жабдықтардан, жасалған жақсы жағдайларға қатты қуанды. Оларға жаңа тоңазатқыш,плиталар, жиһаз, душ кабиналары, кіржуғыш машиналар, сантехника орнатылды. Әр бөлмеде сан алуан каналдармен плазмалық теледидар орантылып, студенттерге жаңа ыдыс, төсек орын берілді. WI FI жұмыс істейді. Студенттер тұрмыстарын жақсартуда жасалған қолайлы жағдайға ат салысқан ректор мен қызметкерлерге өз ризашылығын білдіреді.
1 наурызда психологиялық-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Е.Н., Разумова Л.П., Байменова К.С. жетекшілігімен «Этнотолерантық білім беру мектебі кеңістік жағдайында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында ҚМПИ қазақстандық студенттер ғылыми-зерттеу тобының алғыс күнін мерекелеу туралы, базалық ММ «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» 7-сынып оқушылары үшін іс-шара өткізді.
2016 жылдың 1 науырызда психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Смаглий Т.И. психология және педагогика факультетінің оқытушылары үшін «Тәжірибелік-бағдарланған оқытудағы зерттеу әдісі» атты әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында педагогикалық мамандықтарының бакалаврын даярлауда тәжірибелік-бағдарланан оқытудың ерекшеліктері, зерттеушілік іс-әрекет пен оқыту үрдісін байланыстыру мәселелері талқыланды. Оқытушылар зерттеушілік пен оқытудың үйлесімділік алгоритмімен және психологиялық-педагогикалық пәндер циклін оқытуда сабақтарда оны қолдану тәжіриесімен танысты.
Бакалаврдың педагогикалық, өндірістік практикасы кәсіби мамандарды дайындаудажоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің ең маңызды бөлімі болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-4 курс студенттері Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясында педагогикалық және өндірістік практикаларынан өтті. Практиканың негізгі мақсаты – студенттерді пән мұғалімі және сынып жетекшісінің біртұтас қызметтерін орындауға дайындау.
29 ақпан 2016 жылы "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығының ҚМПИ 4 курс студенттері аға оқытушы Хамилина Е. жетекшілігімен сәндік-қолданбалы өнер Оригами "Өз қолдарымен" атты мастер-класс өткізілді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Тарих және өнер факультетінің студенттерімен мерекеге байланысты композиция және бөлмелерді безендіру арқылы жасалынды.
Қазақ өзінің ақын жазушыларын қадірлей, сыйлай білген халық. Соның бір негізі ретінде, ақпанның 29 жұлдызында 2016 жылы өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш өтті. Бұл кешті Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының кітапханасы ұйымдастырды. Поэзиялық кешке тарих, құқық және экономика негіздері факультетінің 1 курс студенттері Жақсылықова Нұрсұлу мен Әлібеков Сәулет қатысты
2016 жылдың 26 ақпанында ТДОТО апталығында «Қазақ тілі – өз тілім» факультеттердің студенттер арасында мемлекеттік тілді білу байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ловцова Д.П. мен Шолпанбаева Ғ.Ә. келесі сайыстар бойынша:«Таныстыру», «Ата-салт, қазақы-дәстүр»,«Талаптыға нұр жауар» өткізді. Қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, мемлекеттік тілді меңгеруді жауапкершілікпен қарайтынын көрсетіп, туған елге, тілге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін оята білді.Жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды: Арцебашева Виктория, Мостовая Владислава (1 орын), Штепа Яна (2 орын), Гайдрик Регина, Абдрахманова Дина, Хаширметов Бабажан (3 орын). Байқауды Тлеуова Дияна мен Бекбусинова Алиянаның орындауыдағы музыкалық әндер көркемдеді.
2016 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында «Математика» мамандығының 1 курс студенттеріне куратор Беркімбай Р.Ә. «Президент жолдауы – болашақтың нақты бағдарламасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Президент жолдауын студенттерге насихаттау және жолдауды олардың қаншалықты меңгергенің тексеру. Кураторлық сабақта Қиялова Аида 3 турдан тұратын сайыс өткізді: «Бәйге», «Дода», «Тапқыр болсаң тауып көр»
26 ақпан күні жылы институтымыздың кітапханасында М.Мақатаевтың 85-жылдық мерейтойына арналған әдеби шығармашылық кеш болып өтті. Кеште «Ұшқын» жас ақындар ұйымының студенттері ақынның өлеңдерін оқып, өлеңдеріне жазылған әндерін орындап көрермендерді өз өнерлерімен тәнтті етті.
2016 жылдың 25-ақпаны күні Тарих және өнер факультетінде мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған тарихи-танымдық сайыс өтті. Сайысты 1 курс «Тарих» мамандығының кураторы Т.А. Еришева өткізді. Сайысқа Тарих және өнер факультетінің деканының орынбасары З.Н. Какимова, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Анасова, 1 курс «Тарих» мамандығының студенттері қатысты.