2016 жылғы 15-17 ақпанда Қостанай қаласында өткен гір спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ДШСжТФ 2 курс студенттері Олег Сысолятин мен Сергей Турминді құттықтаймыз. Чемпионатқа еліміздің 13 облысынан 200-ден аса спортшы қатысты. Олег Сысолятин 78 келі салмақ санатындағы чемпион атанып, алдағы Әлем Чемпионатына жолдама алды. Ал Сергей Турмин болса, Солтүстік Қазақстан облысынан келген спортшыға есесін жіберіп, 95 келі салмақ санатында 2 орынды қанжығасына байлады.

Ақпанның 16-17 жұлдызында Алматы қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 170 жыл толыуына арналған I республикалық студент ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің әр облысындағы жоғарғы оқу орындарының 33 ақыны бақ сынады. Екі күнге созылған айтысқа біздің оқу ордамыздан «Қазақ және орыс филологиясы» факультетінің 3- курс студенті ақын қызымыз Ақбаба Нәрия қатысып қайтты

6-17 ақпан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында VI Қысқы универсиада өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы ҚР 34 жоғары оқу орнынан келген 144 команданың ішінде 4 орынды иеленді.

Жастар күніне арналған «Қыран жігіт – аққу қыз» байқауында жеңімпаз атанған ШТФ 2 курс студенттерін Елемесов Дамир мен Юсупова Ақмаралды құттықтаймыз!Байқау факультеттер арасында 2016 жылдың 17 ақпанында акт залында өтті. Жұптың дайындаған бағдарламасы, екі жастың шығармашылық талантын аша білді.

17 ақпан күні сағат 15.00-де Жастар күніне орай институт акт залында факультеттер арасында «Қыран жігіт- Аққу қыз» атты конкурс өткен болатын. Факультет намысын қорғау үшін 1 курстан «Музыкалық білім» мамандығы студенті Жалғас Бекзат, «Тарих» мамандығы студенті Әбдіқадыр Алтынай қатынасып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Конкурс мақсаты - қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өзінің білім деңгейін, талантын және ерекше құрметін көрсету болды. Факультет оқытушылары мен студенттері жүлделі орын алған жеңімпаздарымызды құттыптап, алдағы жарыстарда тек жоғарғы орыннан көрінуді тіледі.

2016 жылдың 17 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Жастар күніне арналған «Қыран жігіт – Аққу қыз» факультетаралық байқауы өтті. Байқауға институтымыздың әр факультетінен студент жұптары қатысты.

2016 жылдың 9 ақпаны күні 2 курс «Тарих» мамандығының орыс бөлімі студенттеріне «Тазалық-денсаулық кепілі» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа ҚМПИ медицина саласының қызметкері М.Ж. Қасымова шақырылып, студенттерге жеке басын қалай таза ұстау қажеттігі, қазіргі уақытта өршіп тұрған тұмаудан қалай сақтану, тұмаудың алдын-алу және т.б. шараларына қатысты маңызды мағлұматтар бере кетті. Тағы да ескеретін жайт, күнделікті қолымызды уақытылы жуып, таза ұстауымыздың өзі түрлі қауіпті аурулардан сақтанумыздың және ұзақ өмір сүруіміздің алғышарты болып табылады.

Дене шынықтыру, спортжәне туризм факультетінің студенттерімен Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген К. Олжабаев жаттықтырушысымен кездесу өткізді, жаттықтырушы студенттерге өз тәжірибесімен бөлісті, ол өзінің тәжірбиесі туралы айтып берді және олар қалай жоғары нәтижелерге қол жеткізу керек екенін. Кездесу соңында Кәрім Олжабаев «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Смаилова Д. Қазақстан бокс спорт шебері сертификатын тапсырды. ДШжС деканы спортта табысқа құттықтауы мен ізгі тілектерін айтты.

2016 жылдың 16 ақпанында мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының 5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің 4 жетілік педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы өткізілді. Педагогикалық практика бағдарламасына сәйкесмына даймақсаттар қойылды: мұғалім-дефектологтің педагогикалық іс-әрекетінің озық тәжірибесін үйрену, кәсібіне бағытталған кәсіби тұлғасын қалыптастыру. Студенттер практика барысында практика әдіскерлері Казакова Ольга Викторовнаның, Сакаулова Аина Сергеевнаның, Жилова Юлия Павловнаның жетекшілігімен математика, орыстілі, дүниетану сабақтарынан байқау және сынақ сабақтарын дайындапөткізді.

2016 жылдың 16 ақпанында ҚМПИ акт залы көрермендерге және күлкіге толы болды. Бұл күні КТК орыс лигасының жартылай финалындаШТФ командасы ең үздік болып табылды. Бір-бірін бірден түсініп, жеңіске деген құштарлығы жоғары болуы, сценарийді жақсы құрастыра білу бұл ШТФ командасының ерекшелігі. Елемесов Дамир мен Баймуханбетова Асель үздік актерлер атанып көрермендердің қошеметіне бөленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар