2016 жылғы 10 ақпанда институтта студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді студенттердің қатысуымен «Жаңа бастамалар – жаңа реформалар» тақырыбында конференция өтті. Конференция тақырыбы Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 5 институционалдық реформаларымен тығыз байланысты.
Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Ерсултанова З.С. 10 қаңтарда институттың 201 компьютерлік сыныбында информатика пәнінен «MS Word бағдарламасында графикалық элементтерді қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Шетел тілдері факультетіндегі жастар күні ән айту, өлең оқу секілді іс-шаралармен салтанатты түрде тойланды. 2016 жылғы 10 ақпанда А-201 дәрісханасында «Шетел тілдері факультетінің туған күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Шетел тілдері факультеті филология факультетінің құрамынан 2013 жылдың қаңтар айында шыққан болатын.
Жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы білім талаптарына сай білімдік және техникалық жағдай туғызуды қажет етеді. Осы жағдайларға сай ҚМПИ кітапханасында 2016 жылдық 10 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының күні өткізілді, онда оқытушыларға жаратылыстану-ғылыми бағытындағы мамандықтар үшін алынған қазіргі заманғы әдебиеттер, Е-кітапханада КАБИС жүйесі бойынша әдебиеттерді іздеу жүйесі және кітапхананың әдебиеттер қоры туралы таныстырылды.
Шетел тілдер факультетінің деканаты мен студенттері Жастар күнін тойлау қарсанында және де факультеттің туған күнін атап өтуде үйірмелер жұмыс істеп, репетициялар өткізіліп, үлкен дайындық жұмысы атқарылды. Мейрамның салтанатты бөлімі мен концерттік бағдарламасы 10 ақпанда өтті.
Елімізде 2016 жылдан бастап 9 ақпан ресми түрде Қазақстан Республикасының Жастар күні болып жарияланған болатын. Осы күнге орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасының акт залында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, іс-шара одан әрі «Караоке» байқауымен жалғасын тапты. Байқауға факультет деканының орынбасарлары студенттерімен қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 3 жүлделі орынды психология-педагогика факультеті, 2-орынды қазақ және орыс филологиясы факультеті иеленсе, 1 орын шетел тілдері факультетінің еншісіне бұйырды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу туралы ұсыныс Халықаралық Шығыс-Жерортатеңізі университеті (Солтүстік Кипр) мен Анталияның халықаралық жазғы мектебінен түсті. 9 ақпанда ФМО шетел тілдері студентерінің (сондай-ақ «Туризм және «Құқық негіздері» мамандықтарының да студенттері шақырылды) жоғарыда аталған оқу орындарының тілдік бағдарламаларының өкілдерімен кездесуі болды.
2016 ж. 9 ақпанында «Информатика» мамандығының 1 курс студенттеріне «Бағдарламалау» пәні бойынша «Файлдық мәліметтер типі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақты өткізген кафедраның аға оқытушысы, ҚМПИ доценті – Цыганова А.Д.
2016 ж. 8 ақпанында «Қостанай қ. №1 емханасы» КММ психологы Е.С.Забудская «Еліктеуден болатын әдеттің алдын алу» тақырыбымен ШТФ 1 курс студенттеріне арналған тренинг өткізді. Студенттер түрлі жағдайға лайықталған ойындарға қатысып, тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісті. Тренинг балалардың бір-бірін жақынырақ білуіне көмектесіп, олардың біріге түсулеріне ықпал етті.
2016 жылғы 8 ақпанда ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшелері К.Әбілмәліков пен Ғ.Шаймерден дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 1 курс студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу жөнінде семинар-тренинг өткізді. Күнделікті қарапайым өмірден мысалдар келтіре отырып, олар студенттерге түрлі деструктивті діни ағымдардың қолданатын әдіс-тәсілдер туралы әңгімеледі.