24 қарашада 2015 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс-залында Қостанай облысында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықпаевпен кездесуі өтті

2015 жылдың 24 қарашасында Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталағының аға оқытушысы Қосқадамова Қуаныш Сүлейменованың "Оқыту әдістемесі бойынша кәсіби бағытталған шет тілі"әдістемелік семинары өтті. Семинар барысында Қосқадамова Қ. С.-ның прфессор М. Штайнмецтің "Неміс тілі инженерлерге" арналған оқу құралын ұсынды.

2014 жылы шетел тілдер факультеті студенттерінің ұсынысымен ҚМПИ футбол лигасы ашылды. Лиганың негізгі мақсаттары студенттер мен жастарды салауатты өмір салтына және спортпен айналысуға баулу. Аталған лигаға 2 жыл болды.

2015 жылдың 21 қарашасында, «Психология» кафедрасының оқытушысы Б.Х.Қайырованың жетекшілігімен «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 2,3 курс студенттерімен Қостанай облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Достық пен мейірімділік» тақырыбында іс-шара өткізілді.

19-21 қарашада Мәскеу қаласында жетінші жалпыресейлік саясаттанушылар конгресі өтті, оған 30 мемлекеттен келген саясаттанушылар қатысты. Қазақстандық делегация құрамында ректор кеңесшісі Ғ.Шаймерден де болды. «Заманауи саясат талқысындағы саяси ғылым» мәселелері форум тақырыбы болды. Конгресс ММХҚИ ғимаратында өтіп, үш күн қарқынды тәртіпте жұмыс істеді.

20 қараша 2015 жылы Тарих және өнер факультетінің Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жумабаева Ж.Н. "Тарих" мамандығының қазақ бөлімінің 4 курс студенттерінде "Үндістан 1945-2000 жылдардағы" атты ашық сабағы өтті. Сабақта Алматы қаласында біліктілікті арттыру орталығы "Өрлеу"-де өткен жаңа технологиялар қолданылды: ассоциограммалар - фото арқылы эссе жазу, сонымен қатар Ispring Free, Free Quiz Maker, Freemake Video Converter атты сандық технологиялар, видео, тест сұрақтары қолданылды.

2015 жылдың 20 қарашасында ҚМПИ шетел тілі факультетінің 35 және 36 АР топтары шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Данилова В.В. облыстық орыс драматеатрына барды. Репертуарлық жанрға сәйкес «Женитьба Бальзаминова» (2 акт) болды. Студенттер актерлердің рольдерді тамаша ойнағандығын және спектакльдің жақсы қойылғанын атап өтті. Көптеген студент қоюшының идеясына таң қалды. Жалпы спектакль жоғары дәрежеде бағаланды.Аталған топ студенттері театрға бару дәстүрін жалғастыруды ұсынды.

20 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қостанай делегациясы құрамында конференция жұмысына ҚМПИ студенті А.Бычихина және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты Е.Бочарова қатысып, баяндама оқыды.

20 қарашада 2015 жылы А-205 дәрісханада 4 курс студентері жұмыспенқамту және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мәселері жөніндегі Қостанай облысы әкімиятының өкілдерімен кездесу өткізілді. Келісім-шартқа сәйкес мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған студенттер жалпы білім беру мекемелерінде кем дегенде 3 жыл еңбек етуге міндетті. Студенттер әсіресе мемлекеттік қызметте еңбек етем дегендер аталған сұрақты талқылауда қызығушылықтарын танытты.

19 қарашада 2015 жылы 32АК тобында ШТФ тілдер дайындығыоқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Дощанова Бахыт Мугаловнаның жетекшілігімен «Екінші шет тілі В1» пәні бойынша «Қоршаған ортаны қорғау. Қазақстанның экологиялық аппаттары»тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар