Қазан айының соңғы күндерінде факультеттің студенттеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өткізіліп, семинарға колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары шақырылды. Семинарға жалпы саны 57 адам қатысты. Аталған семинар - «Эко туризм – қоғамның тұрақты дамуының факторы ретінде» семинарлары сериясының бірі. Қостанай облысында бірегей қорық пен 3 кіші қорық болғандықтан, семинар тақырыбы біздің аймақта өзекті болып табылады. Қатысушылар экологиялық турларды, экология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын, сондай-ақ Қазақстандағы экотуризм мүмкіндіктерін жоспарлау мәселелеріне қатысты теориялық материалды тыңдады. Сонымен қатар олар семинардың практикалық бөлігі барысында тәжірибеде алған білімдерін қолданып, шығармашылық экологиялық жобалар құрастырды және қорғады.

2015 жылғы 29 қазанда жаратылыстану-математика факультетінің студенттері жалпы қалалық сенбілікке белсене атсалысты. Сенбілік мақсаты – студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды еңбекке баулу және қоршаған ортаға адамзаттың қарым-қатынасы секілді құндылықтар мен қала тазалығы үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу дәстүрлерін сақтау болып табылады

2015 жылдың 29 қазанында Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде ғылыми-зерттеу қоғамының кеңейтілген отырысы өтіп, оған ғылыми үйірмелер, зерттеу алаңдары мен проблемалық топтардың барлық мүшелері қатысты. Аталған отырыс қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып саналатын күйзелісті жағдайларды жеңіп шығу тақырыбына арналды. «Оқушы жастардың денсаулығы және мінез-құлқы» проблемалық топ қатысушылары «Оқушы жастардың мінез-құлықтарының копингі» жобасын ұсынды.

29 қазан Қостанай жұмысшы жастары үшін маңызды күн болды. Қаламызда «Жас Отанның» бастамасымен жастардың екінші форумы болып өтті. Оған ҚМПИ-нің денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Ахметов Радхан, Батыргужин Амир қатысты.

2015 жылғы 27 қазан күні, ҚМПИ ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Бaймырзаев, 5В011300- Биология мамандығының 4 курс студентін Маруарова А. 3 орын алған үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан үшін дипломымен марапаттады.

Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Оспанова Ш.Б. мен Радченко Т.А. 2015-2016 оқу жылының басында, Ерсултанова З.С. мен Хасанова С.Б. 2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ҚР ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқып келді.

24-25 қазанда Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жектен «Ерік күші» турнирі өтті, финалда үздік қатысушылар өмірлеріндегі ең алғашқы чемпиондық белбеу үшін күресті. Осы жарыста біздің 4 курс студенті Александр Федосов 2 орынды иеленіп, финалға жолдама алды.

24.10.2015 жылы М.Горький атындағы мектеп – гимназиясында Новиков Виктор Николаевич доцентін еске алу кешіне арналған III Облыстық турнир болды. Турнир аясында 1-11 сыныптар үшін шахмат турнирі, 7-11 сыныптар үшін «Математикалық карусель», 9-10 сыныптар үшін физикадан интернет-олимпиада өтті.

«Серпін - 2050» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 23 қазан 2015 жылы Рудный индустриялық институтында Қостанай облысы оқу орындарының «Көшбасшы-Сардарларының» қатысуымен жиналыс өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық интитутынан жиналысқа 2 курс «Дефектология» мамандығының студенті студенті Әбілдаева Аяулым қатысты. Отырыста жан-жақты актуалды сұрақтар талқыланып және тыңдалды, олар: жатақхана орындарымен қамтылуы, оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізу барысы туралы, жоспарланатын іс-шараларды жүзеге асыру туралы.

2015 жылы қазан айының 23 жұлдызында Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының қабырғасында «Әлем тарихы» тақырыбында факультет аралық жайдарман-маусым ашар ойыны өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар